Мен жоқ жердегі «менің Өмірім» (Эксперименттік драма)



бет1/10
Дата09.02.2024
өлшемі47.55 Kb.
#491472
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
мен жоқ жердегі менің өмірім


МЕН ЖОҚ ЖЕРДЕГІ «МЕНІҢ ӨМІРІМ»
(Эксперименттік драма)
Көз ішінде сақталған миллиондаған 
суреттермен арпалыса ғұмыр кешкен 
адам баласының сезімдері енді ж
бетінен алысқа бет алды.
Қатысушылар:
Қыз
Жігіт
Сурет адамдар
Оқиға көз ішінде өтеді. Адам көзінде сақталып қалған өмірдің әрбір 
сәттері біздің санамыздан тыс Сурет күйінде ғұмыр кешеді. 
Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Сахна- көздің іші. Айналаның барлығы ақ қағаздарға салынған суреттер 
(картиналар). Әртүрлі Адамдар, оқиғалар, көріністер сахна айналасын 
картиналар арқылы қоршап тұр. Көздің дәл ортасында орындықта сары 
көйлекті қыз отырады.
Қыздың алақанына төбеден тамшы ағып түседі.
Қыз: Жиырма бес мың екі жүз алпыс екінші тамшы. Жып -жылы. Сыртта қатты жаңбыр жауып тұр. Мынаның төбесі тесік. Содан сорғалап ағып тұрған
тамшылар. Жоқ, бұл мүлде олай емес. Жаңбыр тамшысы болса жаңбыр
тоқтағанша үздіксіз ағар еді ғой. Ал бұл тамшы анда -санда, әбден күттіртіп
сарғайтып барып ойламаған жерден сарт ете түседі. Бірде ыстық, бірде сап-
салқын, көбінде орындығымды былғайды да кетеді. Мен бұны ешқашан түсіне
алмаспын.
Қыз орындығына шығып, төбесіне қарайды.
Қыз: Ештеңе көрінбейді. Бірақ бір тесік бары анық қой. Шынымен төбеде бір тесіктің бары анық, шығып кетуге болатын шығар мүмкін. Бұрын қалай
ойламағам, қазір.
Жерге секіріп түсіп, айналасынан биіктеу бір зат іздей бастайды.
Қыз: Осы суреттерден басқа бірдеме көрінеме, жоқ па, жынды боп кететін
шығармын, жоқ, түсінбеймін неге әлі жынды боп кетпей қалай жүрмін,
ештеңеге ақылым жетер емес, басым бар, миым қайда?! Жоқ, мен не іздеп
жатыр едім, биіктеу бір зат керек.
Сахнаны айналып, әр жерді бір түртпектеп шығады.
Қыз: Құрып кетсін бәрі, осы суреттерден басқа бірдеме көретін күнге жетем
ба, жоқ па? Жооо, жоқ тиіспе, мен бұларға қол тигізуіме болмайды.
(суреттерге бара жатқан қолын тартып)
Орындығына кеп қайта отырады.
Қыз: Қандай төбе, ештеңе көрінбейді! Мұнда баспалдақ тұрғызсам да жете
қоймаспын. Қуыстай бір саңылау көрінсе ғой. Жоқ. Ештеңе жоқ, бәрі бекер.
Орындығынан секіріп түседі тағы.
Қыз: Тыныштық, тыныштық, тағы тыныштық, тыныштық, тыныштық…... Бітпейтін, шексіз тыныштық.
Орындықтың жанына кеп төбесіне қарайды.
Қыз: Ей, тамшы! Өтінем, тағы тама берші, міне, менің орындығымның үстіне
тама бер, мен оны сүртіп әуре болайын. Шын айтам, сенің дауысың сондай әдемі естіледі, мына әлемдегі ең ғажап үн мына сенікі сияқты. Сенің дауысың мені азда болса үміттендіреді. Әйтеуір бір үн, дыбыс естудің соншалықты таңғажайып екенін сен білсең ғой. Ей, мен сені күтіп тұрмын деймін!
Орындыққа сүйеніп жерде отырады.
Қыз: Жоқ, қалай түсінбейсің, сен қозғалыссың. Сен менің алақаныма тамғанда
мен өзімнің тірі екенімді, бірдеме сезетінімді біліп, қандай
қуанатынымды айтып жеткізе алмаймын. Жоқ, бұл не, мен түсіне алмаймын.
Бұның ақыры қашан бітеді? Білесіңбе, тамшы, сен ағып түскен сайын уақыт
жақындағандай болады. Менің жерге оралатын кезім келгендей үміттенем.
Орынан ұшып тұрып, ілулі тұрған картиналарға қарай бастайды. Күліп тұрған әйел адамның суретіне жақындап келеді.
Қыз: Сіз кімсіз? Неге рахаттанып күліп тұрсыз? Дауысыңызды шығарып күле
салуға болмайма? Осылай қатып тұрғаннан бір уақыт болсын шаршамайсыз ба? Сізден гөрі мен қозғалам, өтірік болсын айқайлап күлем, жылаймын, әйтеуір осылай қозғалып жүрем ғой. Жарайды, түк естімейсіз ия , бәрібір қанша айтсам да ма? Ия, солай екенін көріп тұрмын. Сізден гөрі бақытты сияқтымын шамасы.
Екінші суреттің жанына барады. Қыз бен жігіттің құшақтасып тұрған 
суреті.
Қыз: Сіздер де шаршамайсыздар, әлі құшақтасып тұрсыздар, бір- бірінің
бетіне бір рет болсын қараса қайтер еді, мүмкін бір- бірін танымайтын адамдар шығар. Қанша уақыт өтті, бұл екеуі әлі тұр. Жабысып қалған шығар мүмкін, білмеймін ғой енді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет