Қарқынды күтімдегі мейіргер ісі Тақырыбы: АҚҚ, ЭКГ тәуліктік мониторинг
Жоспар : 1. Артериялық қысым тәуліктік мониторинг 2. АҚ тәуліктік мониторинг көрсеткіші және қарсы көрсеткіші 3. Холтеров монитерлеу анықтамасы 4. Жүргізу көрсеткіштері 5.Холтер жүргізу техникасы 6. Қорытындысы
АҚ тәуліктік мониторингі- бұл артериялық қысымды 24 сағат ішінде автоматты түрде бағдарламада берілген интервалдар арқылы өлшеу. АҚ тәуліктік мониторлаудыдың көрсеткіштері: - гипертония және гипотония - гипотензия ( төмендеген артериялық қан қысымы) - вегето-қантамырлық дистония - жиі естен тану жағдайлары - невроздар, балалардв невротикалық жағдайлары - эндокринді жүйенің бұзылыстары - жүрек жетіспеушілігі - туа пайда болған жүрек ақаулары - бүйрек аурулары - ретинопатия (көз түбіндегі өзгерістер) АҚ тәуліктік мониторлау науқаста артериалды гипертензияны анықтау үшін жүргізіледі. Алынған нәтижелерден ауырлық дәрежесін және жеке гипотензивті терапияны анықтауға мүмкіндік береді. Қайталанып жүргізілген АҚ тәуліктік мониторлауда тағайындалған емнің тиімділігін бағалайды.
АҚ мониторлауға арнайы тонометр қолданылады. Бұл құрылғы жадында-күнді, уақытты, өлшенген АҚ нәтижесін және жүректің жиырылуы жиілігін сақтайды. Қазіргі кездегі тонометрлер шағын көлемді, ыңғайлы, портативті және оны науқас арнайы сумкаға салып жүре алады. Науқастың иығына портативті монитормен жалғанған манжетаны кигіземіз, құралбелге немесе белбеуге орналасады, иық арқылы жалғасып тұрады. Құрал пульсті автоматты түрде өлшейді, систолалық және диастолалық АҚ осциллометриялық әдіспен интервалды уақытты анықтайды. Науқас қолданар алдында мониторды бағдарламалау компьютер арқылы іске асады. Құрылғы артериялық қан қысымын күндізгі уақытта әрбір 15 мин сайын, ал түнгі уақытта 30 мин сайын тіркеп отырады. Егер құрылғы істен шықса, қуат көзі бітіп қалса, манжета шешіліп қалса немесе бұзылған жағдайда құрылғы дабыл белгісін бере бастайды. Зерттеу кезінде науқас арнайы күнделік бастайды, ол қай кезде физикалық немесе психикалық жүктеме болғанын, дәрі- дәрмек қай уақытта қабылдағанын және т.б тәулік ішінде не істегенін жазады. Қарсы көрсеткіштері: - иық пен шынтақтың ісінуі және жарақаттары - әртүрлі тері аурулары - қан ұюларда - контактті дерматитте