«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
-
Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары бекітілсін.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15,
141-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинауды, өңдеу және қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға жүзеге асырады.»;
2) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.».
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 13 қаңтар
№ 721
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 721 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне
ротация жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
-
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-1-бабын іске асыру мақсатында әзірленген.
-
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшісі) ротациялауды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау және одан босату құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
-
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын «А» корпусының қызметшісін ротациялау Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуымен жүзеге асырылады
-
Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
-
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;
-
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу;
-
«А» корпусының қызметшілерінің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану;
-
«А» корпусының қызметшілерін кәсіби дамыту және олардың басқарушылық құзыретін жетілдіру.
-
«А» корпусының қызметшілерін ротациялау олардың келісімімен және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.
-
Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
1) деңгейаралық («орталық – өңір», «өңір – орталық»);
2) өңіраралық («өңір - өңір»);
3) сектораралық («орталық – орталық»).
-
Ротация шеңберінде «А» корпусының лауазымдарына тағайындауды және (немесе) көрсетілген лауазымдардан босатуды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымдарға тағайындалған және (немесе) лауазымдардан босатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.
-
Уәкілетті орган ротация жүргізу мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
2. Ротация жүргізу тәртібі
-
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды және одан босатуды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының қызметшілерін жоспарлы ротациялауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсынымдары негізінде уәкілетті адамдар жүргізеді.
-
Уәкілетті адам «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейінгі төрт ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай ұсыныстардың бірін енгізеді:
1) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартының мерзімін ұзарту;
2) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу;
3) «А» корпусының қызметшісін ротациялауға ұсыным беру.
Уәкілетті адам «А» корпусының қызметшісін ротациялау жөніндегі ұсыныстарын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда енгізеді.
-
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ұсыныстар енгізілген «А» корпусының лауазымдарына кандидаттардың тізімін жасайды және оны уәкілетті адамдарға жолдайды.
-
Уәкілетті адамдар кандидаттар тізімінен осы Қағидалардың
10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ұсыныстар енгізілген әрбір лауазымға бір кандидатты таңдайды.
Уәкілетті адамдар қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, уәкілетті органнан олардың білімі туралы мәліметтерді, олардың еңбек қызметі туралы құжаттарының электрондық нұсқасын сұратады.
-
Таңдалған кандидаттар бойынша ұсыныстар уәкілетті органнан кандидаттар тізімін алған күннен бастап екі апта ішінде уәкілетті органға жолданады.
Уәкілетті адам уәкілетті органға ұсыныстар жолдағаны туралы таңдалған кандидаттарға хабарлайды.
-
Егер уәкілетті адам ұсынылған кандидаттар тізімінен кандидатураны таңдамаған жағдайда, ол уәкілетті органннан кандидаттар тізімін алған күннен бастап екі апта ішінде уәкілетті органға тиісті негіздеме ұсынады.
-
Уәкілетті орган уәкілетті адамдардың ұсыныстары негізінде «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасын жасайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті адамдардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады.
-
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген материалдарды уәкілетті адамдардан ұсыныстарды алған күннен бастап екі ай ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды.
-
Ұлттық комиссияның жұмыс органы қажет болған жағдайда «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасына «А» корпусының қызметшілерімен және уәкілетті адаммен келісім бойынша:
1) «А» корпусының қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
2) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
3) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жыл сайынғы рейтингтерінің нәтижелерін;
4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қорытындыларын және өзге де ақпаратты ескере отырып тиісті түзетулер енгізеді.
Ротациялау жоспарының жобасын келісуді Ұлттық комиссияның қарауына енгізгенге дейін Ұлттық комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
-
Егер Ұлттық комиссияның шешімімен өзгеше белгіленбесе, Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 14 және 17-тармақтарында көрсетілген материалдарды Ұлттық комиссияның қарауына «А» корпусының қызметшілерінің еңбек шартының мерзімі өткенге дейінгі бір айдан кешіктірмей енгізеді.
-
Ұлттық комиссия материалдарды қарап:
1) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы;
2) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы;
3) «А» корпусының қызметшісін ротациялау туралы;
4) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады.
-
Ұлттық комиссия қажет болған жағдайда «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізеді.
-
Ұлттық комиссия мақұлдаған «А» корпусының қызметшісін ротациялау жоспары уәкілетті адамдарға жолданады.
-
Мақұлданған ротациялау жоспары шеңберінде «А» корпусының қызметшілерін тағайындау «А» корпусының қызметшілерімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейін жүзеге асырылады.
Егер «А» корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттенетін лауазым ротация жүргізу сәтінде бос болмаса, онда «А» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
«А» корпусының қызметшілерімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейін ротациялау жоспарын мақұлдау туралы Ұлттық комиссияның шешімі болмаған жағдайда, Ұлттық комиссия не Ұлттық комиссия өкілеттік берген жағдайда - уәкілетті адам тиісті шешім қабылдағанға дейін олар атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
«А» корпусының қызметшілерін тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мақұлданған ротациялау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
-
«А» корпусының қызметшісін ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау, егер соңғы атқаратын «А» корпусының лауазымында болу мерзімі кемінде бір жылды құрайтын болса, жүргізіледі.
-
«А» корпусының қызметшісіне қатысты ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау, оның соңғы атқаратын «А» корпусының лауазымында болу мерзімі бір жылдан кем болса, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен жүргізіледі.
-
«А» корпусының қызметшісінде алынбаған тәртіптік жазасы болғанда, ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау жүзеге асырылмайды.
-
Ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда, «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган ішінде жоғары тұрған, төмен тұрған немесе мәні тең лауазымға не басқа мемлекеттік органға ротациялау жүзеге асырылады.
Ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда, «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган ішіндегі жоғары тұрған «А» корпусының лауазымына және басқа мемлекеттік органдағы «А» корпусының лауазымына ротациялау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
-
«А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында, ротация жүргізілгенге дейін жасалған еңбек шартының қалған мерзіміне жаңа еңбек шарты жасалады
-
«А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында уәкілетті адам:
1) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес лауазымға тағайындау және лауазымнан босату жүзеге асырылатын лауазымдарға орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері лауазымдарына орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына ұсыныс енгізеді. «А» корпусының лауазымына тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша жүзеге асырылатын жағдайда уәкілетті адаммен алдын ала тиісті келісу жүзеге асырылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «А» корпусының лауазымына орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – уәкілетті органның қарауына ұсыныс енгізеді.
-
«А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында, уәкілетті адам Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның қарауына мынадай материалдарды енгізеді:
1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша «А» корпусының қызметшісіне ұсыным;
2) ротация шеңберінде тағайындауға «А» корпусының қызметшісінің келісімі;
3) «А» корпусының қызметшісінің қызметтік тізімі.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе уәкілетті орган осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдардың бірін шығарады:
1) лауазымға тағайындау;
2) лауазымға тағайындаудан бас тарту.
_______________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 721 Жарлығымен
бекітілген
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларына
ҚОСЫМША
«А» корпусының қызметшісін
ҰСЫНУ
(«А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар тұлға (орган) толтырады)
«А» корпусының қызметшісінің Т.А.Ә. ______________________________
Еңбек шарты мерзімінің аяқталатын күні _______________________________
«А» корпусының қызметшісін соңғы үш жыл ішіндегі бағалау нәтижелері _______________________________________________________________
Ротация шеңберінде ұсынылған лауазым (көрсетілетін лауазым, мемлекеттік орган және/немесе өңір саны үштен аспайды):
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
Егер ротация шеңберінде лауазым ұсынылмаса, себептерін көрсету _________________________________________________________________________________________________________________________________
Келісемін: _______________________________________________________
(«А» корпусының қызметшісінің қолы, Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
«А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамның Т.А.Ә. (органның атауы)
_______________________________________________________________
«А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамның қолы (органның атауы)
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |