Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу



бет1/2
Дата24.02.2016
өлшемі319.5 Kb.
#16172
  1   2
"Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы N 1670 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 4 қараша 2009 жыл № 363-364 (25761) "Казахстанская правда" от 25.11.2009 г., № 277 (26021) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 45, 430-құжат


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1670 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi
қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын
адамдарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн айқындайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерi (бұдан әрi - ТЕБ) көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны көлiк құралын сенiмхат бойынша басқаратын адамды тiркеу болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      өтiнiш иесi тиiстi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1 сағаттан аспайды;
      қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты: 20 минуттан аспайды;
      құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты: 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi электрондық үкiметтiң порталында, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - ИМ) мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) веб-сайттарында, ресми ақпарат көздерiнде және ТЕБ-дегi үлгiлер iлiнген стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет аптасына алты күн (дүйсенбi - жұма күндерi сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, сенбi күнi 09.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 13.30-ға дейiн) көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. ТЕБ-нiң үй-жайлары, әдетте ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек кiретiн есiгi, қабылдауды күтуге арналған орындары, орындықтары, үстелдерi (тiректерi) бар, сондай-ақ қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi iлiнген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн қызмет тiкелей өтiнiш иесi тұратын жерде көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш иесi ТЕБ қызметкерiне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк;
      көлiк құралын пайдалану құқығына сенiмхат;
      өтiнiш иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат.
      13. Өтiнiштер, бланкiлер толтыру көзделмеген.
      14. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн құжаттар ТЕБ-ге тапсырылады. ТЕБ-нiң қызметкерi он минут iшiнде ұсынылған құжаттардың Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3840 болып тiркелген "Сенiмхат негiзiнде көлiк құралдарын пайдаланатын адамдарды тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2005 жылғы 23 тамыздағы N 504 бұйрығының (бұдан әрi - бұйрық) талаптарына сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi.
      15. 12-тармақта санамаланған құжаттарды тапсырғаннан кейiн өтiнiш иесiне осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон берiледi.
      Осыдан кейiн ТЕБ қызметкерi құжаттарды ТЕБ операторына жолдайды. ТЕБ операторы құжаттарды алғанан кейiн:
      көлiк құралының өтiнiш иесiнiң (өтiнiш иесi өкiлiнiң) және көлiк құралының iздестiруде бар-жоғын автоматтандырылған ақпараттық iздестiру жүйесi (бұдан - әрi ААIЖ) бойынша тексередi;
      көлiк құралының өтiнiш иесi (өтiнiш иесiнiң өкiлi) және көлiк құралдары электрондық есептерiнiң ААIЖ жүйесiнде жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тiркеу деректерiн терудi жүзеге асырады.
      Көрсетiлген әрекеттердiң нәтижелерi бойынша ТЕБ операторы сенiмхатты ТЕБ қызметкерiне бередi, ол сенiмхатқа мөртабан соғады және оны осы стандарттың 7-тармағында белгiленген мерзiмде көлiк құралының өтiнiш иесiне (өтiнiш иесiнiң өкiлiне) бередi.
      16. Сенiмхат пен құжаттар өтiнiш иесiне (өтiнiш иесiнiң өкiлiне) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркеу тiзiлiмiне қол қойғызылып берiледi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден:
      көлiк құралының иесi сенiмхаттың күшiн жойған;
      өтiнiш иесi (өтiнiш иесiнiң өкiлi) не көлiк құралы iздестiруде болған;
      сенiмхаттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
      көлiк құралы қамауда болған жағдайда бас тартылады. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы өтiнiш иесiне бас тарту себебi көрсетiлiп, ауызша хабарланады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ТЕБ-нiң қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты, Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. ТЕБ жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген, олар бойынша ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнiн арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ТЕБ қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген жоғары тұрған қалалық, аудандық iшкi iстер басқармалары (бөлiмдерi), IIД, Жол полициясы комитетi, IIМ басшылығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдануға болады.


      22. Шағымдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген iшкi iстер органдарының кеңселерi арқылы жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол жұмыс күндерi қабылданады.
      23. Түскен шағым iшкi iстер органдарының кеңсесiнде тiркеледi және заңнамада белгiленген тәртiппен қаралады.
      24. Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш иесiне жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке жауапты ТЕБ басшыларының байланыс деректерi осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген IIД-нiң кезекшi бөлiмдерiнде болады.


      25. IIМ Жол полициясы комитетiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекшi бөлiмнiң телефоны (7172) 71-58-68, сенiм телефоны (7172) 71-58-25.

Қазақстан Республикасы    


Үкiметiнiң          
2009 жылғы 26 қазандағы   
N 1670 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк қызмет    
көрсету стандартына   
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.19 N 620 Қаулысымен.



Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң web-сайты

http://www.e.gov.kz/ctitzentry/trav/
vehicles.

Өңiр

ТЕҚП

Мекен-жай

телефон

web-сайт

Астана қаласы

IIМ ЖПК ТҚжТЕБ

Сарыарқа ауданы, Ш. Айманов көшесi, 4.

71-58-33,
21-11-03

http://www.
zholpolice.kz

IIД ЖПБ ТЕБ

Алматы ауданы, Промзона көшесi, 35.

35-29-46,
28-05-24,
28-05-94

http://www.ast_guvd.mvd.kz

ТП

Алматы ауданы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1

37-59-46

ЕП

Алматы ауданы, Циолковский көшесi, 18.

71-69-83

ЕП

Алматы ауданы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1.

71-51-06

Алматы қаласы

IIД ЖПБ ТЕБ

Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесi, 185

8(727)
254-45-44,
293-54-61,
254-43-22

http://www.almaty.police.kz

АТЕП-1

Жетiсу ауданы, Жансүгiров көшесi, 176А

238-05-77,
238-02-77,
238-29-95

АТЕП-2

Түрiксiб ауданы, Сүйiнбай көшесi, 2

270-59-11,
270-59-15,
270-59-12

АТЕП-3

Әуезов ауданы, Алматы-Бiшкек тас жолы, 13-км

226-34-67,
226-34-69,
226-34-70

АТЕП-4

Әуезов ауданы, Төле би көшесi, 296

315-02-46

ТП-1

Жетiсу ауданы, Жансүгiров көшесi, 176А

297-43-95,
238-27-58,
238-27-58

ТП-2

Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесi, 185Б

254-45-42,
292-90-04,
250-79-61

ТП-3

Алмалы ауданы, Мамыр шағын ауданы 4, 165 үй

380-23-00,
380-02-29,
380-02-32

Ақмола облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесi, 179

8(7162)
77-04-75,
77-49-27,
77-49-28,
77-44-77

http://www.akmdvd.online.kz

IIД ЖПБ АТЕП

Астана қаласы, Циолковский көшесi, 18/1

8(7162)
37-03-83

Ақкөл АIIб ЖП АТЕБ

Ақкөл қаласы, Парк көшесi, 2

8 (71638) 2-16-38

Атбасар АIIб ЖП АТЕБ

Атбасар қаласы, Урицкий көшесi, 38

8(71643)
4-29-43,
4-06-69

Жарқайың АIIб ЖП ТП

Державин қаласы, Захаров көшесi, 33

8(71648)
9-15-64

Есiл АIIб ЖП АТЕБ

Есiл қаласы, Жеңiс көшесi, 58

8(71647)
2-10-46

Степногор ҚIIб ЖП АТЕБ Бурабай АIIб ЖП АТЕБ

Степногор қаласы, 5-шағын аудан Шучье қаласы, Абылайхан көшесi, 1а

8(71645)
5-91-22
8(71636)
4-25-35
4-25-22

Алматы облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Талдықорған қаласы, 7 шағын аудан, IIД ғимараты

8(7282)
27-05-72,
21-18-24

http://www.zhetisu-police.kz

ЖП АТЕБ

Талғар ауданы, Гүлдала кентi, Құлжа жолы, 5-км

8(7272)
57-43-06,
57-33-80

ЖП АТЕБ

Iле ауданы, Қапшағай қаласы, Индустриальная көшесi, 4

8(72772)
4-24-88

ЖП АТЕБ

Еңбекшiқазақ ауданы, Шелек ауылы, Сыздықов қысқа көшесi, 93

8(72776)
2-08-64

ЖП АТЕБ

Алматы қаласы, Майлин көшесi, 79

8(727)
251-25-69

ЖП АТЕБ

Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы, Ленин көшесi, 156

8(7283)
92-15-84

ЖП АТЕБ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Қонаев көшесi, 309

8(7283)
15-28-27

ЖП АТЕБ

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Исламов көшесi, 40

8(7277)
82-36-53

Барыс-3 ТП

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Алматы - Бiшкек тас жолының 13-км, Барыс-3 базары

8(7272)
98-55-04

"Жақсылық" ТП

Iле ауданы, Первомайка ауылы, Қапшағай көшесi, 8

8(7272)
51-12-65

ЖП АТЕБ

Есiк ауданы, Есiк қаласы, Алтын Адам аллеясы, 163

8(72775)
4-00-90

Атырау облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Атырау қаласы, Гогичашвили көшесi, 25

8(7122)
30-10-20,
30-02-29,
30-10-21,
30-02-68

http://www.dvd-atyrau.kz

АТЕБ

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бисенқұлов көшесi, 64

8(7237)
5-19-21

ТЕП

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино кентi, Абай көшесi, 37

8(712233)
2-14-79

Ақтөбе облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 56

8(7132)
51-84-24,
51-28-26

http://www.dvdaktobe.kz

Хромтау АIIб ЖП АТЕТ

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 11

8(71336)
21-6-98

Мұғалжар АIIб ЖП АТЕТ

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi, 74а

8(71333)
3-64-48

Шалқар АIIб ЖП АТЕП

Шалқар қаласы, Есет батыр көшесi, 88

8(71335)
2-33-80,
2-20-09

Темiр АIIб ЖП АТЕП

Шұбар құдық қ.ү.к, Желтоқсан көшесi, 6

8(71346)
2-23-72

Шығыс Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 73/1

8(7232)
42-46-86,
42-46-79,
42-69-88

http://www.02vko.kz/

IIБ ТЕБ

Семей қаласы, Морозов көшесi, 5

8(72251)
2-12-87

Жарма АIIб ТЕП

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесi, 38

8(72347)
6-57-59

Аягөз АIIб ТЕП

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Тәңiрбергенов көшесi, 68

8(872837)
3-34-41

Көкпектi АIIб ТЕП

Көкпектi ауданы, Көкпектi ауылы, Ленин көшесi, 33

8(72348)
2-72-11

Зайсан АIIб ТЕП

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Ленин көшесi, 12

8(72340)
2-52-50

Риддер ҚАIIб ТЕП

Риддер қаласы, Безголосов көшесi, 11

8(72336)
2-24-74

Зырян ҚАIIб ТЕП

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Киров көшесi, 2а

8(72335)
6-04-02

Үржар АIIб ТЕП

Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесi, 237

8(72330)
2-19-37

Шемонаиха АIIБ ТЕП

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, М.Горький көшесi, 97

8(72332)
3-09-07

Жамбыл облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесi, 98

34-37-34

http://www.tarazpolice.kz

Шу АIIб АТЕП

Шу қаласы, Сәтпаев көшесi, 198

2-20-51,
2-18-61

Мерке АIIб ТЕП

Мерке ауылы, Сарымолдаев көшесi, 11

2-26-32

Қордай АIIб ТЕП

Қордай ауылы, Молдағұлова көшесi, 10

2-18-80

Сарысу АIIб ТЕП

Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, 4

34-10-28,
6-10-28

Талас АIIб ТЕП

Қаратау қаласы, Жамбыл көшесi, 30

8(7264)
46-12-78

Т. Рысқұлов АIIб ТЕП

Құлан ауылы, Жiбек Жолы көшесi, 57

2-12-70

Батыс Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Орал қаласы, Гагарин көшесi, 2/5

8(7112)
24-92-25,
24-04-08

http://www.zkopolice.kz

АТЕБ

Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 7

8(81133)
3-11-33

АТЕП

Қазталов ауданы, Қазталов кентi, Желтоқсан көшесi, 20

8(71144)
3-12-50,
8(8112)
3-11-02

Қарағанды облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1

8(7212)
41-53-90

http://www.krgdvd.creatida.kz

IIБ ЖПБ ТЕБ

Темiртау қаласы, Мичурин көшесi, 8

8(7213)
98-74-57

IIБ ЖП ТЕБ

Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесi,36

8(72131)
4-37-67

IIБ ЖПБ АТЕБ

Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесi, 80

8(7102)
72-42-62

IIБ ЖП ТЕБ

Балқаш қаласы, Язев көшесi, 13

8(71036)
4-06-43

АIIБ ЖП ТЕБ

Осакаров ауданы, Осакаров кентi, Литвиновская көшесi, 93

8(72149)
4-11-00

Қарқаралы АIIБ ЖП ТЕБ

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесi, 40

8(72146)
3-25-85

"Қамқор" ТП

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi, 108

8(7212)
44-17-55

"Қапа" ТЕП

Қарағанды қаласы, Степной шағын ауданы, 11а

8(7212)
75-70-67

Қостанай облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қостанай қаласы, Полевая көшесi, 7

8(7142)
28-02-50,
28-02-39,
28-02-40,
28-69-01

http://www.kostanaypolice.kz

IIБ ТЕБ

Арқалық қаласы, Молодежная көшесi, 10

8(71430)
7-08-18

Рудный ҚIIб ЖПб АТЕБ

Рудный қаласы, Горняк көшесi, 5А

8(71431)
4-62-46

Лисаковск ҚIIб ЖПБ ТЕП

Лисаковск қаласы, 1А-6

8(871433)
3-02-02

Жiтiқара ҚIIб АТЕП

Жiтiқара қаласы, 5В-18 шағын ауданы

8(71435)
2-09-11

Әулиекөл ҚIIб ЖПб АТЕП

Әулиекол кентi, Целинная көшесi, 7

8(71453)
2-10-41

Федоровка АIIб ЖПб ТЕП

Федоровка кентi, М. Әуезов көшесi, нөмiрсiз үй

8(71442)
2-24-61

Ұзынкөл АIIб ЖПб АТЕП

Ұзынкөл кентi, Абылайхан көшесi, 34

8(71444)
2-41-78

Мендiқара АIIб ЖПб ТЕП

Меңдiқара кентi, Абай көшесi, 95

8(71443)
2-14-45

Қарабалық АIIб ЖПБ ТЕП

Қарабалық кентi, Ничепуренко көшесi, 3

8(71441)
3-32-91

Қызылорда облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қызылорда қаласы, Жiбек Жолы көшесi, нөмiрсiз үй

8(7242)
23-20-66

http://www.dvdkzo.kz

АТЕП

Жанақорған ауданы, Жаңақорған кентi, Қожанов көшесi, 1

8(72435)
2-21-40

АТЕП

Шиелi ауданы, Шиелi кентi, Мұстафа Шоқай көшесi, 7

8(72432)
4-22-50

АТЕП

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесi, нөмiрсiз үй

8(72437)
2-16-40

ТЕП

Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесi, 85

8(72433)
2-45-34

ТЕП

Қармақшы ауданы, Қармақшы кентi, Көшербаев көшесi, 38

8(72437)
2-17-40

Маңғыстау облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, ЖПБ ғимараты

8(7292)
60-53-86,
21-25-55,
21-21-29

http://www.mdvd.kz

Жаңаөзен ауданы АТЕП

Жаңаөзен қаласы, 1-шағын аудан, ҚIIб ғимараты

8(729231)
3-28-35

Павлодар облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Павлодар қаласы, Торговая көшесi, 2

8(7182)
33-37-56,
33-37-59

http://www.dvdpavlodar.kz

АТЕБ

Екiбастұз қаласы, Ә. Марғұлан көшесi, 10

8(71835)
4-03-85

АТЕП

Ертiс кентi, Ысқақов көшесi, 95

8(7183)
2-19-52,
2-16-29

Солтүстiк Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Петропавл қаласы, Володарский көшесi, 18

8(7152)
46-30-95,
36-92-86,
49-43-53

http://police.sko.kz

ТЕТ

Шал-Ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Шал-Ақын көшесi, 14

8(71534)
2-06-76

ТЕТ

Мамлютка ауданы, Мамлютка қаласы, Ленин көшесi, 45

8(71542)
2-19-96

ТЕТ

Қызылжар ауданы, Бескөл қаласы, Гагарин көшесi, 8

8(71538)
2-00-75

ТЕТ

Ғ. Мүсiрепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесi, 59

8(71535)
21126

АТЕП

Айыртау ауданы, Саумалкөл қаласы, Уәлиханов көшесi, 24

8(71533)
2-18-85,
2-19-76

АТЕБ

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Күншығыс көшесi, 102

8(71536)
2-22-55

АТЕБ

Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесi, 88

8(71542)
2-17-38

ТЕП

Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ыбыраев көшесi, 13

8(81543)
2-29-82

ТЕП

Жамбыл ауданы, Пресновка қаласы, Достық көшесi, 17

8(71544)
2-10-42

Оңтүстiк Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қожанов көшесi, нөмiрсiз үй

8(7252)
21-20-19,
23-23-77,
23-20-61

http://www.dvd-uko.kz

ТП-1

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ташкентская көшесi. 1-км, нөмiрсiз үй

50-55-46,
50-50-30

ТП-2

Шымкент қаласы. Абай ауданы, Темiрлан тас жолы, 62

33-02-23

ТП-3

Шымкент қаласы, Еңбекшi ауданы, Сайрам көшесi, 190

51-92-91

АТЕБ

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы, нөмiрсiз үй

2-231-
2-00-04,
2-25-32,
2-15-91

АТЕБ

Бәйдiбек ауданы, Екпiндi ауылы

8-230-
2-15-22,
2-22-21

АТЕБ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентi, Ташкентская көшесi, нөмiрсiз үй

8-241-
3-26-02

АТЕБ

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Шымкент - Жетiсай тас жолы, нөмiрсiз үй

8-237-
2-24-24,
2-12-62

АТЕБ

Түркiстан ауданы, Кентау қаласы, Сырғат батыр көшесi, нөмiрсiз үй

8-233-
4-30-16

Байқоңыр қаласы

ТЕП

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Абай көшесi, 36

8-736-
22-52784,
5-25-79




Курчатов қаласы

ТЕП

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесi, 42

8-722-51-
2-29-81,
2-25-60




Приозерск қаласы

ТЕП

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Ленин көшесi, 6

8-710-39-
5-25-39,
5-49-89





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет