«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің
кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру
(республикалық Егемен Қазақстан газетінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №49 (28273)
санында жарияланған)
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне барлығы 100 адамнан аспайтын, оның ішінде:
- 1-ші санаттың 1-ші тобына 10 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 1) кіші тобына 10 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 2) кіші тобына 20 адамға дейін;
- 1-ші санаттың 2-ші тобының 3) кіші тобына 40 адамға дейін;
- 2-ші санатқа 20 адамға дейін алу үшін іріктеу өткізіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығымен бекітілді.
«А» корпусының кадр резервіне іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасаған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы, қисынды ойлау, біліктілік деңгейін анықтау, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша үміткерлерді тестілеу;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасаған кестелерге* сәйкес үміткерлермен әңгімелесу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 524 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департтаменттері құжаттарды 2014 ж. 13 наурызынан 2014 ж. 28 наурызын қоса алған кезеңде қабылдайды.
Үміткерлердің көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
Құжаттар kyzmet_a@kyzmet.kz электрондық почта және қолма-қол немесе келесі адрес бойынша қабылданады:
№
|
Аумақ
|
Адрес
|
1
|
Орталық аппарат
|
Астана қ,, Абай көшесі, 33а
|
2
|
Астана қаласы бойынша аумақтық департамент
|
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
|
3
|
Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент
|
Алматы қ., Республика алаңы, 4
|
4
|
Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент
|
Көкшетау қ., Сатпаев көшесі, 1, корпус Б
|
5
|
Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент
|
Ақтөбе қ,, Абылхайыр-хан даңғылы, 40
|
6
|
Алматы облысы бойынша аумақтық департамент
|
Талдықорған қ,, Тәуелсіздік көшесі, 38
|
7
|
Атырау облысы бойынша аумақтық департамент
|
Атырау қ, Әйтеке би көшесі, 77
|
8
|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
|
Өскемен қ, Горький көшесі, 40
|
9
|
Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент
|
Тараз қ, Абай көшесі, 125
|
10
|
Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
|
Орал қ, Достық көшесі, 201
|
11
|
Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент
|
Қарағанды қ,, Бульвар Мира даңғылы, 39
|
12
|
Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент
|
Қостанай қ,, Қасымқанов көшесі, 34
|
13
|
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамент
|
Қызылорда қ,, Жахаев көшесі, 76
|
14
|
Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департамент
|
Ақтау қ,, 9 мкр., 23 ғимарат
|
15
|
Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент
|
Павлодар қ, Кайырбаев көшесі, 32
|
16
|
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
|
Петропавл қ,, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58
|
17
|
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент
|
Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 6
|
Құжаттар қабылданғанда үміткерге олардың тіркелгені туралы қолхат беріледі (ол электрондық түрде болуы мүмкін).
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайда, үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталудан үш сағаттан бұрын ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда үміткер тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz «А» корпусы» бөлімінде және келесі телефондар бойынша алуға болады:
№
|
Облыс
|
Телефон
|
1
|
Астана қ.
|
8 (7172) 75 34 75, 75 34 23, 75 33 04, 75 35 31, 8 701 100 98 65, 8 701 100 62 96, 8 701 100 82 75
|
2
|
Алматы қ.
|
8 (727) 272 01 85, 72 02 64
|
3
|
Ақмола облысы
|
8 (7162) 25 32 64, 25 36 40, 72-18 19
|
4
|
Ақтөбе облысы
|
8 (7132) 54 26 88, 93 21 73
|
5
|
Алматы облысы
|
8 (7282) 27 09 28, 27 21 40, 8 777 288 22 95, 8 777 248 43 65
|
6
|
Атырау облысы
|
8 (7122) 32 11 88, 27 09 69
|
7
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
8 (7232) 24 10 44, 26 58 67
|
8
|
Жамбыл обласы
|
8 (7262) 43 05 36, 43 49 97
|
9
|
Батыс Қазақстан облысы
|
8 (7112) 51 38 94, 50 94 09
|
10
|
Карағанды облысы
|
8 (7212) 42 13 23
|
11
|
Қостанай облысы
|
8 (7142) 50 11 44
|
12
|
Қызылорда облысы
|
8 (7242) 27 80 18, 8 747 220 44 83
|
13
|
Маңғыстау облысы
|
8 (7292) 42 71 88, 42 83 42, 42-82-87
|
14
|
Павлодар облысы
|
8 (7182) 32 29 72, 32 72 72
|
15
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
8 (7152) 50 18 21, 46 23 59
|
16
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
8 (7252) 55 00 20, 53 06 10, 53 75 39
|
Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған ұсынымхат үлгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz «А» корпусы». Құжат үлгілері» бөлімінде орналасқан.
Ескертпе:
* Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарындағы аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқаратын үміткерлер алдын ала әңгімелесуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын үміткерлер өздерінің тіркелген тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында әңгімелесуден өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесу барысында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |