А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


ГЛОССАРИЙ 100 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет4/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

ГЛОССАРИЙ
100
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
102


4
Кіріспе
Қазіргі  педагогикалық  ғылым  ғасырлар  бойы  тәрбиенің  халықтық 
тәжірибесінде туындағанын, өткеннің көрнекті ойшылдарының еңбектерінде 
атап  өтілгендігін  растайтын  көптеген  дәлелдер  бар,  атап  айтқанда:  бала 
тұлғасын  дамытудағы  отбасы тәрбиесінің  басымдығы.  Соңғы  жылдары 
әртүрлі  ғылымдар  отбасына  зерттеу  нысаны  ретінде  назар  аударып, осы 
маңызды  әлеуметтік  тәрбие  институтының  сипаттамасын  терең  зерттеуге 
мүмкіндік беретін жаңа деректерді алды.
Қазіргі  уақытта  отбасы тәрбиесі  – педагогика  ғылымының қарқынды 
дамыған  саласы,  бөлінбейтін  бір  бөлігі және  жеке  оқыту  пәні  болып 
табылады.  Отбасылық тәрбие – рухани-адамгершілік  және  әлеуметтік 
құндылықтар жүйесіндегі  отбасындағы тәрбиенің жалпы  және  әдіснамалық 
негіздері  бойынша  қажетті  білімдер,  икемділіктер және дағдыларды 
сипаттайды, отбасындағы  тәрбие  жұмысының  мазмұны  мен  әдістерін, 
отбасындағы  тәрбиені  тиімді  ұйымдастыру жолдарын,  бала  тәрбиесі  және 
оны жетілдірудің амал-тәсілдерін, сонымен қатар тәрбиенің сапасын арттыру 
мәселелерін де қамтиды.
Қазіргі  қоғам  алдындағы  мақсаттардың  бірі  – өмірдің  барлық 
саласында  белсенді  шығармашылық  іс  әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлғаны 
тәрбиелеу.  Ол  үшін  бала  тәрбиесімен  айналысатын  отбасы,  балабақша, 
мектеп,  қоғам  және  жұртшылық  тәрбие  ісіне  кіріктіріліп  жүзеге  асырылуы 
керек. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтер 
мен  ата-аналардың  өзара  әрекеттестігінің  нәтижесінде  ғана  бала  тұлғасын 
дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Аталмыш  оқу  құралы  отбасымен  ынтымақтастықта  жұмыс  істейтін, 
заманауи талаптарға жауап беретін мамандығы 0111000 «Негізгі орта білім», 
біліктілігі 0111053  «Өзін-өзі  тану  мұғалімі»  студенттеріне арналған.  Бұл 
пәнді  оқып-үйрену  барысында  жас  маманның  отбасымен  өзара  іс-қимыл 
жасауға, әлеуметтік-психологиялық  дайындықты  қалыптастыруға,  өзара  іс-
қимылдың табысты болуын қамтамасыз ететін маңызды кәсіби сапалар мен 
құзыреттіліктерді саналы түрде дамытуға көмектеседі.
«Отбасылық тәрбиенің  негіздері» оқу  құралы студенттерді таңдаған 
мамандықтарының  ерекшеліктеріне  қарай  кәсіби  тұрғыдан  дайындауға, 
педагогикалық  қызметке  қызығушылықтарын  туғызуға,  тәрбиелеу 
шеберлігінің  негіздерін  білуге,  жаңа  кәсіби  дағдыларды  игеруге,  зерттеу 
және шығармашылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. 
Оқу  құралы  өзін-өзі  тану,  педагогика,  психология,  отбасы
психологиясы, философия,  әлеуметтану,  экономика,  этнопедагогика, 
медицина және т.б. пәндермен тығыз байланысады. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет