Абай ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы. Өнеркәсіп



Дата25.02.2016
өлшемі71.99 Kb.
#23198
Абай ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.
Өнеркәсіп
2010 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 480,9 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өндірілген өнімнің индексі 98,9 пайызды құрайды. Былтырғы жылы 486,1 млн. теңгенің өндірістік өнімі өндірілген.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 20422,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 163,9 пайыз құрайды.

Қосалқы кәсіпорындардың өндірген өнімдері 18005,0,0 мың теңге болса, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 57,6 пайызға кеміген.

Ауыл шаруашылығы
Аудан дамуының басты бағыты ауыл шаруашылығы. Жалпы ауыл шаруашылығының нақты көлемі 5411,9 млн. теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 98,7 пайыз. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 1890,4 млн. теңге – 95 пайыз, ал мал шаруашылығы бойынша 3807,0 млн. теңге – 100,6 пайыз. Мал өнімдерінің көлемі: ет – 11179,5 тонна, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,5 пайызға артып отыр, сүт-19510,4 тонна былтырғы жылмен 100,6 пайызға, жұмыртқа – 808,1 мың дана 127,4 пайыз.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Ауданда қой, ешкі малы 281144 бас (аналығы 155309 бас) немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 100,1 пайызға өсті, мүйізді ірі қара 39492 бас (аналығы 14821 бас) немесе 99,9 пайызға, жылқы 16758 бас (аналығы 5677 бас) немесе 100,4 пайызға өсті.

Бүгінде асыл тұқымды шаруашылықтарының саны 30; оның ішінде 20 шаруашылық қой малының, 1 шаруашылық мүйізді ірі қара малының, 9 шаруашылық жылқы малының тұқымын асылдандыруға бағытталған. Асыл тұқымды жас малдарды сатып алған 78 жекелеме шаруашылықтарға 87 млн. 733 мың теңге көлемінде субсидия берілді. Халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуде 14 шаруашылық мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда, осы шаруашылықтарға 19 млн. 296 мың теңге субсидия берілді.

Аналық сиыр малының басын кемітпей, қыстамадан алып шығу мақсатында ауданның 306 шаруа қожалығына 86 млн. 591 мың теңге көлемде субсидия берілді. Көктемгі су тасқыны салдарынан малы шығын болған 120 аудан тұрғынына 91 млн. 780 мың теңге жеңілдетілген, төмен пайызды несие берілді.

Эпизотияға қарсы тиісті малдәрігерлік шаралар жүргізілді. Мал дәрігерлік заңдылығы өзгеруіне байланысты барлық ауылдық округтерде шағын мал соятын орындар ашылды. Бүгінгі күні 9 ауылдық округте жеке кәсіпкерлер негізінде 10 арнайы мал сою алаңдары малдәрігерлік талапқа сай жұмыс жасауда.

Көлік және байланыс
Аудан бойынша 3 қалааралық жолаушы тасымалдау бағыттары бар. 5 елді мекен жолаушы тасымалдау бағыттарының қызметімен қамтамасыз етілген. Қалған елді мекендер мен аудан ішілік тасымалы сұранысқа қарай жеке тұлғалардың меншік автокөліктерімен жүзеге асады. Жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар. Аудандық маңызды жолдарды күтіп ұстауға 15 млн. 523 мың теңге қаралып, оның ішінде 2 млн, теңгесі Тоқтамыс ауылының кірме жолына және 2 млн. теңгесі Архат жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Қарауыл ауылының Ералы, Шәкәрім көшелерінде 4 млн.теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда бүгінгі күні 2299 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 25 нүктесі жеке кәсіпкерлер, 193 мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2081 жеке тұрғындардікі. Осы жылдың 12 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 29376,0 мың теңгені құрады.


Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және құрылыс
Ауданның әлеуметтік–мәдени және әкімшілік нысандарын 2010-2011 жылдардағы қысқы от жағу маусымына дайындауға бекітілген іс-шаралар негізінде жұмыстар орындалып, аудан бойынша 11 жылу қазандығы, 17 білім саласы мекемелері, 9 денсаулық сақтау нысандары дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеуге жұмыстар жүргізіліп, от жағу маусымына қосылды.

Аудан бойынша 2010 – 2011 жылдарға 24,953 мың тонна көмір қажет етеді. Оның ішінде 15,0 мың тоннасы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 4,253 мың тоннасы жергілікті бюджеттік мекемелерге мен денсаулық сақтау мекемелеріне және 5,700 тоннасы басқа мекемелер мен кәсіпорындарға түсіріледі. Бюджеттік мекемелерде 1 тонна көмірдің тағасы 3800-6400 теңгені құрайды, жеке тұрғындар үшін 1 тонна көмірдің бағасы 5200-5500 теңге. 64,7 шақырымдық 6 елді мекендердегі су құбырлары: (Қарауыл, Кенгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 16 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетуде. Сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 млн. 800 мың теңге бөлініп, оның ішінде Қарауыл ауылындағы су құбырының ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Елді мекендерді көркейту – көгалдандыру жұмыстары бойынша ағаштар отырғызылып, гүлзарлар егілді. Қарауыл ауылында Молдағалиев көшесі жарықтандырылды.

Осы жылы ауданда су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауылдарда жаңадан 12 тұрғын үй, 1 дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.

2010 жылы жергілікті бюджет есебінен су тасқынына ұшыраған 2 жанұяға, аз қамтамасыз етілген 8 отбасына, 2 оралманға және аудандық емханаға жұмысқа орналасқан 2 жас маманға, жиыны 14 тұрғын үй сатылып алынды. Бұған жергілікті бюджет есебінен 8 млн.теңге қаражат бөлінді.

Су тасқынынан зардап шеккен көлемі 13 мың 331 шаршы метрді құрайтын 153 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 15 млн. 150 мың теңгенің құрылыс материалдары берілді.


Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Ауданымызда осы уақытқа дейін 936 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 104 пайыз. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 10491,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1788 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 576 шаруа қожалығы тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 100,1 пайыз, онда 1516 адам жұмыс атқарады және 3879,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 148 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 81,3 пайыз, одан түскен салық түсімі 3015,0 мың теңге. 189 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарады, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 117,4 пайыз, олар 1845,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 23 кәсіпорын қызмет атқарады, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 143,8 пайызға артты және онда 199 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1752,0 мың теңге.


Бағалар
Төрт ауылдық округте әлеуметтік дүкен, аудан орталығында әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді.

Өткен жылы аудан орталығында әр сенбі күндері ауылдық округтердің қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің арзандатылған бағамен жәрмеңкесі өткізіліп, 2 млн. 57 мың теңгенің өнімдері сатылды. Сондай-ақ, аудандағы ауылшаруашылық құрылымдары Өскемен, Семей қалаларында өткен жәрмеңкелерге қатысып, қала тұрғындарын арзан бағалы мал өнімдерімен қамтамасыз етті.

Нан және нан өнімдерінің бағасын ауданда тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры арқылы 190 тонна ұн бөлініп, нанның бағасы 40 теңге көлемінде тұрақты сақталуда.
Бюджет
Аудан бойынша 2010 жылға бюджет кірісі 1197419,0 теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 1275158,2 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 131083,0 мың теңге болып жоспарланды.

Жыл ішінде бюджеттің кіріс бөлігі 1405641,2 мың теңгеге жоспарланып, 1408937,8 мың теңгеге, яғни 100,2 пайызға орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 1410995,3 мың теңгеге жоспарланып, 1408021,9 мың теңгеге орындалды, 99,8 пайыз. Жергілікті бюджет кірісі 1344379,7 мың теңгеге орындалды немесе 102,5 пайызды құрады, бюджетке 3296,6 мың теңге артық түсті.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама
Әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2010 жылы 115 отбасына және 424 отбасы мүшелеріне 8 млн. 457 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі берілді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2205 балаға 31 млн 988 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 370 жанұяға 6 млн. 484 мың теңге төленді.

«Қамқорлық» қоғамдық қоры арқылы 42 жанұяға 477 мың. теңгенің қайырымдылық көмегі және аз қамтамасыз етілген 492 адамға 3 млн. 321 мың.теңгенің көмегі демеушілер арқылы көрсетілді.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 5 млн.300 мың теңге көлемінде жергілікті бюджет есебінен 31 адамға қаржылай көмек берілді.

Биылғы жылы 247 жұмыссыз жұмысқа орналасты, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 144 адам. 58 жұмыссыз есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз.
Білім саласы
Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру және спорт мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп және 1 балабақша жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2917 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 16,7%.

Мектептерінде 416 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 367, арнаулы орта – 48, орта білімді–1. Жоғары санатты – 38, 1 санатты – 144, 2 санатты - 125, санатсыз – 109 мұғалім.

Аудан бойынша 2009-2010 оқу жылын 174 оқушы бітірді, ҰБТ-ке қатысқаны 141 түлек (81 пайыз). 200-2010 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 92,0 болып, облыс бойынша 2 орынға ие болдық.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 25 жас маман жұмысқа орналасты. Оларға жергілікті және республикалық бюджет есебінен 2 млн. 473 мың теңгенің жәрдемақысы төленді.

Білім саласы бойынша «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 1 млн. 215 мың қаржы қаралып және демеушілерден 238 мың. тенгенің материалдық көмегі ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Бақанас елді мекенінде екі жылдан бері оқушылардың жазғы демалу-сауықтыру лагері жұмыс істейді. Лагерге 2 млн.700 мың теңгенің қосымша құрылыстары жүргізілді. Биылғы жылы мектептерге күрделі жөндеуге бюджеттен 126555,0 мың теңге, оқу құралдарын сатып алуға 10167,0 мың теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 27461,0 мың теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан халқына медициналық көмек 1 орталық емханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады. Бұл салада 42 жоғары білімді дәрігер, оның 28 квалификациялық категориясы бар – 66,7%, орта буын медицина қызметкерлері– 84, оның 46%да квалификациялық категория бар, кіші буын медицина қызметкерлері – 32 жұмыс істейді.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 26,1 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 51,0 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

2010 жылдың наурыз айынан бастап кейбір тегін берілетін дәрілер келе бастады (қант диабеті, бронхиалды астма, жүйке ауруларына, 1 жасқа дейінгі балалар тамағы, ана мен бала қобдишасы).

Архат ауылына 92,217 млн. теңге дәрігерлік амбулатория салынып, жұмыс істеуде.


Қылмыспен күрес
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 63 қылмыс тіркеліп, 90,2 пайызы ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыстың ашылуы 22,2 пайызға төмендеген.
Демография
Ауданда халық санының азаюы байқалады. Жыл ішінде туған бала саны –154, қайтыс болғандар саны – 108 адам, табиғи өсім +46 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 2744 адам, ал кеткені - 687 адам. Көші-қон сальдосы +2057 адам. Халық саны – 15,3 мың адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет