Абай ауданының 2012 жылдың 2 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Өнеркәсіп
2012 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 81,6 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 181,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 38 тонна (былтырғы жылмен салыстырғанда 211,1 пайыз) тамақ өнімдерін өндіру, 5,2 мың Гкал (144,4 пайыз) электрмен жабдықтау және 18,4 мың текше метр (127,1 пайыз) ауыз сумен жабдықтау.
Ауыл шаруашылығы
Аудан ауыл шаруашылығы бағытында дамыған. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –3538,2 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -117,7 пайызға, сүт -8623,0 тонна немесе 105,5 пайызға, жұмыртқа -350,5 мың дана өндіріп, 104,6 пайызды құрады.
Бүгінгі күні аудан бойынша 411899 бас қой-ешкі малы (104%), 49553 бас мүйізді ірі қара (101,5%), 23193 бас жылқы (106%) малдары қолда бар.
37 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен -24 шаруашылық, жылқыдан -12 шаруашылық, ірі қара малынан -1 шаруашылық. 11 мал соятын орын, 1 малдәрігерлік дәріхана бар.
«Сыбаға» бағдарламасы негізінде 4 шаруа қожалығы 32 млн. теңге несие алды, «Жайлау» бағдарламасы бойынша 20 адам 50 млн. теңге несие алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 13 адам 11 млн. теңгенің шағын несиесін алды.
Ресей Федерациясының Барнауыл қаласына – 1 рет, Астана қаласына – 1 рет, Өскемен қаласына – 2 рет, Семей қаласына – 3 рет, Риддер қаласына – 1 рет, Қарауылда - 5 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, ауылдық округ шаруа қожалықтары белсенділікпен қатысты.
Қыстамаға қажетті жоспарлы – 115,0 мың тонна қатаң мал азығының 10,4 мың тоннасы дайындалды.
Ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, барлық нысандағы ауылшаруашылық малдарын егу-емдеу және диагностикалық тексерулерге 65 млн. 338 мың теңге бөлінді.
Жергілікті бюджеттен 9 ауылдық округке қаңғыбас ит пен иесіз мысықтарды жоюға 920 мың теңге қаражат бөлінді.
Инвестиция
Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 511,0 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 180,9 пайызды құрап отыр. Негізгі капитал инвестициясының нақты көлемі 231,8 млн. теңге, қалған 279,2 млн. бюджет есебінен тартылды.
Тұрғын үй
771 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда -2,1 есе өскен. 34,8 млн. теңге болатын 6 жеке тұрғын үй, жалпы ауданы 1265,0 шаршы метр, жалпы құны 16,5 млн теңге болатын мал базы мен қора, жалпы ауданы 59,54 шаршы метр, жапы құны 3,0 млн. теңге болатын 2 гараж құрылысы, жалпы ауданы 55,12 шаршы метр, жапы құны 4,2 млн. теңге болатын 2 жаздық үй және жалпы ауданы 120,0 шаршы метр, жапы құны 6,0 млн. теңге болатын дүкен мен асхана құрылысы пайдалануға берілді.
Құны 200,6 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Оның ішінде 122,8 млн. теңге Спорт модуль салу, 23,9 млн. теңгеге мәдениет үйін жөндеу, 25,2 млн. теңгеге әкімшілік ғимаратын жөндеу, 19,9 млн. теңгеге «Нива» дүкенін өлкетану мұражайы етіп қайта жөндеу жұмыстары, 8,8 млн. теңгеге орталық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Кіші бизнес
Қаңтар-мамыр айында 15 кіші бизнес тіркеуде түр, былтырғы жылмен салыстырғанда 107,1 пайыз. Оның ішінде белсенді 9 кіші бизнес тіркеуде, былтырғы жылмен салыстырғанда 128,6 пайызға өскен. «Абай Көркем» ЖШС, «Абай елі» ЖШС-гі белсенді кіші бизнес қатарына кірді.
Бюджет
2012 жылғы аудан бюджеті 1 млрд. 942 млн. 750 мың теңгеге бекітіліп, 2 млрд. 087 млн. 717 мың теңгеге нақтыланды. Жергілікті бюджет 197 млн. 338 мың теңгені құрады.
6 айда меншікті кірістер 87 млн. 480 мың теңгеге жоспарланып, 107 млн. 766 мың теңгеге орындалды немесе 123,2 пайыз.
Бюджет шығысы 1 млрд. 104 млн. 545 мың теңгеге жоспарланып, ол 1 млрд. 103 млн. 063 мың теңгеге орындалды немесе 99,9 пайыз. Қаржы қалдығы 1 млн. 482 мың теңге, оның ішінде 197,8 мың теңге жетім балаларды асыраушылар контингентінің 18-ден 17-ге азайғандықтан қалды, бұл қаражат қайтарылуға жатады. 788,1 мың теңге мемлекеттік сатып алу үнемі есебінен. Бұның ішінде 482,0 мың теңгесі тұрғын үй сатып алу үнемі есебінен. Қалған 496,2 мың теңге 40 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсақ қаржылары.
Сумен қамтамасыз ету
Аудан бойынша бүгінгі күні 7 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кенгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу және Саржал), халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.
Аудан тұрғындары мен мекемелерді ауыз сумен жергілікті «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы аудан бойына 84,6 шақырым, 18 скважина бар. Ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесіне жергілікті бюджеттен 9 млн. 145 мың теңге бөлінді.
Жолдар
Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.
2012 жылға аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстауға 10 млн. 264 мың теңге бөлінді. Қаңтар-маусым айында 4294,0 мың теңгесі игерілді. Паспортизациялауға 1 млн. 523 мың теңге болініп, жолдардың техникалық құжаттары дайындалуда.
Әлеуметтік қолдау
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына орай жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 9 адам біліктілігін арыттыруға және қайта даярлауға жіберілді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 69 адамға 81 млн. теңге несие берілді. Оның 75 млн. теңгесі ауылшаруашылығын дамытуға, 6 млн. теңгесі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 4 адамға берілді.
18 маусым күні Кенгірбай би ауылдық округіндегі №24 кәсіптік лицейі «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Биылғы жаңа оқу жылына кәсіби маман кадрларды даярлайтын мамандықтар ашылып отыр. Мысалы: сварщик, жануарларды ветеринарлық өңдеуші операторы, саяхат жүргізушісі, құрылыс шебері мамандықтарына студентер қабылдайды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа 146 адам тартылды.
Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында жиыны 14 адам оқуға жіберілді.
Жастар іс тәжірибесінен жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 8 жастар өтуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтамасыз етілген 7 адам, жиыны 80 адам жұмысқа орналасты.
Білім беру
Бүгінде аудан бойынша 10 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1- орта мектеп, 1 гимназия және 1 мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 балабақша, 9 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектеп жасына дейінгі 1144 балардың 5,2 пайызы, яғни 746 бала оқумен қамтылуы қамтылып отыр, былтырғы жылмен салыстырғанда 116,2 пайыз. Олардың 3 балабақшада 382 бала, мектептер жанындағы 9 шағын орталықта 364 бала.
Алты айда білім бөліміне 544 млн. 026 мың теңге қаратылып, игерілді. Оның ішінде 10 млн. 058 мың теңге ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, 1 млн. 200 мың теңге оқушыларды «Бақанас» туристік-сауықтыру демалыс орындарына жіберу үшін бөлінді. Бүгінде мектептердегі барлық 1-4 сынып оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Өткен жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орта көрсеткіші– 99,29 балл болса, биыл 60,6 балл.
Оқушылардың 2011-2012 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы
№ р.н
|
мектептер
|
Оқушы саны
|
Тестке қатыс қаны
|
орта балл
|
динамика
|
Мин. Балл
|
Мах балл
|
100 және одан асқан оқушылар саны
|
рейтинг
|
ниже пороговой
|
ҰБТ қатысу пайызы
|
|
|
|
|
2011ж
|
2012ж
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Абай лицейі
|
63
|
57
|
90,8
|
58,7
|
-32,1
|
20
|
97
|
|
V
|
16
|
90,5
|
2
|
Шәкәрім о.м
|
9
|
9
|
101
|
72,4
|
-28,6
|
51
|
100
|
1
|
I
|
2
|
100,0
|
3
|
Көкбай о.м
|
32
|
16
|
98,5
|
58,6
|
-39,9
|
34
|
93
|
|
VI
|
7
|
50,0
|
4
|
Әбенов о.м
|
20
|
12
|
96,7
|
54,7
|
-42,0
|
33
|
91
|
|
IX
|
5
|
60,0
|
5
|
Бекбосынов о.м
|
16
|
16
|
99,4
|
57,8
|
-41,6
|
37
|
99
|
|
VIII
|
6
|
100,0
|
6
|
Әуезов о.м
|
15
|
8
|
108,2
|
58,4
|
-49,8
|
27
|
81
|
|
VII
|
2
|
53,3
|
7
|
Тоғжігітов о.м
|
34
|
22
|
100,1
|
60,5
|
-39,6
|
40
|
92
|
|
IV
|
5
|
64,7
|
8
|
Молдағалиев
|
14
|
14
|
101,3
|
63,9
|
-37,4
|
37
|
87
|
|
III
|
3
|
100,0
|
9
|
Медеу о.м
|
4
|
2
|
90,2
|
52
|
-38,2
|
44
|
60
|
|
X
|
1
|
50,0
|
10
|
Қарауыл гимназиясы
|
31
|
28
|
106,7
|
65,8
|
-40,9
|
27
|
103
|
2
|
II
|
5
|
90,3
|
Аудан бойынша
|
238
|
184
|
99,3
|
60,6
|
-38,7
|
20
|
103
|
3
|
|
52
|
77,3
|
Алтын белгі үміткер - 26, қорғаған – 0
Үздік аттестат үміткер - 3, қорғаған – 0
Денсаулық сақтау
Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында кеңес-диагностикалық емхана, 50 төсектік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 медицина қызметкері ғимаратсыз жұмыс жасайды. Ауданда 39 дәрігер, 93 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде. Астана және Алматы қалаларында Отан Соғысы ардагерлеріне арналған республикалық госпиталда 1 соғыс ардагері, 3 еңбек ардагері емделді. ШҚО сауықтыру-демалу орталықтарында 20 еңбек ардагерлері сауықтырылып қайтты. Мүгедек 3 бала республикалық реабилитация орталықтарында сауықтырылды. Диспансерлік есепте тұратын 12 бала санаториялық емделуден өтті, жиы ауыратын 6 бала санаториялық-курорттық емделуде болды. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен аурудың алдын алу мақсатында тексеру өткізілді. Туберкулез ауруының алдын алуда аудандық үйлестіру кеңесінің шешімімен 9 ауруға бір жолғы материалдық көмек ретінде 135,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен берілді.
Қылмыспен күрес
Бүгінгі күнге ауданда 63 қылмыс тіркеліп, 51,1 пайызы ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс 175 пайызға өскен. қылмыстың көбейуі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісіне әсер етіп, аудан 19 орыннан шыға алмай отырмыз. Онша ауыр емес қылмыстардан 3 іс тіркеліп, 18,2 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 39 мал ұрлығы тіркеліп, 75 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстық іс тіркелген жоқ.
Демография
Аудан бойынша 2012 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны –138 бала, қайтыс болғандар 55 адам, табиғи өсім +83 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны 499 адам, ал кеткені 980 адам. Көші-қон сальдосы -481 адам. Аудандағы халық саны 15410 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |