Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі көтерген басты мәселесі ол кербездік. Кербездік ол адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Абай атамыздың айтуы бойынша, кербез адам ол надан, санасыз адам



Дата28.05.2023
өлшемі15.85 Kb.
#474396
Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі көтерген басты мәселесі ол

Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі көтерген басты мәселесі ол - кербездік. Кербездік ол адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Абай атамыздың айтуы бойынша, кербез адам ол - надан, санасыз адам. Абай: Егер сен сені қоршаған адамдардың арасында өзіңнің дүниеңмен сыйлы боламын деп ойласаң, сен нағыз ақымақтардың бірісің - дейді. Оның: Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық, деген жолдарынан біз мынаны түсінеміз: Сен қандай топтан шықсаң да, ең бастысы ақылың жоғары және жүрегіңде имам болса, сонда ғана сен өзіңді қоршаған адамдардың арасында сыйлы болуға лайықтысың.


Абайдың он сегізінші қара сөзі Адам баласына жыртықсыз, кірсіз , сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре бол мақ. Біреуі - атын, киімін айран ішерім деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін күйдіріп, өзінен кейінгіге әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не ар маны бар екен?! дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егер де бір ойласа, қайта адам болмағы қиын. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Абай өзінің он тоғызыншы қара сөзінде адам бойындағы қалыптасқан мінез- құлық жайлы қарастырады. Оның пікірінше, адам туылғанда есті болмайды, ол кейін уақыт өте келе қалыптасатын нәрсе. Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол демекші, адам бойына Экология, Қорша тек жақсы қасиеттерді жинау керек, ал жамандықты шеттету керек дейді.

Абай өзінің жиырмасыншы қара сөзінде басты мәселе етіп адам бойындағы жаман қасиет - жалығуды алады. Адам баласы неден жалығады? деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Ұлы Абай атамыз былай деп жауап берген: Жалығу деген сөзді тек өмірдің құндылығын бағалай алмайтындар ғана айтады. Олардың ойынша, өмірдің бар қызығы ол - байлықта. Олар біз осы байлық арқылы дүниенің бар қызығын көрдік деп ойлайды. Бірақ олар нағыз санасыздар Сондықтан да өмірде қандай да бір дәрежеге жету үшін ең алдымен жаман қасиеттерден (мақтан, кербездік, өтірік айту, дүниеқорлық, пасық сөйлеу т.б.) арылу керек. Сонда ғана сен адам боласың.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет