Тест тапсырмалары: Нәрестелер. Жетіліп және шала туылған нәрестелер. Шекаралық жағдайлар. Туа біткен автоматизм рефлекстері.
3 вариант
1. Дені сау нәрестеде Апгар шкаласы:
А. 2-4 балл
Б. 4-6 балл
В. 6-7 балл
Г. 8-10 балл
Д. 10-12 балл
2. Нәрестеде тыныс белгілері жоқ, көкшіл, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі минутына шамамен 90 рет, аяқ-қолдары салбырап жатыр. Апгар бойынша алғашқы бағалау құрайды:
А. 0 балл
Б. 1 балл
В. 2 балл
Г. 3 балл
Д. 4 балл
3. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюын қандай сарғаюларға жатқызамыз:
А. гемолитикалық
Б. конъюгациялық
В. механикалық
Г. паренхиматоздық
Д. дәрілік
4. Нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына мына төменде көрсетілгендердің қайсысы тән емес:
А. өмірінің 3-5 тәуліктерінде пайда болады
Б. туылғаннан кейін бірден пайда болады
В. дене қызуының 38,5-39,5 0С дейін жоғарылауымен көрінеді
Г. ыстықтағанда дамуы мүмкін
Д. себебі суды аз беру болуы мүмкін
5. Қан сарысуындағы билирубиннің қай деңгейінде сарғаю көзге көрінеді:
А. ≤40 мкмоль/л
Б. ≤50 мкмоль/л
В. ≤60 мкмоль/л
Г. ≥80 мкмоль/л
Д. ≥90 мкмоль/л
6. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән:
Туылғаннан кейін 36 сағаттан соң пайда болады
Жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 12-14 күні
Билирубиннің шыңдық деңгейі 260 мкмоль/л
Баланың жағдайы ауыр
Жетіліп туылған нәрестеде сарғаю өмірінің 4-ші күніне дейін жоғалады
7. Нәрестедегі зәр қышқылды инфаркт мынаның салдары болып табылады:
Бүйректің каналша қызметінің төмендеуімен
Зат алмасудың катаболикалық бағытымен
Бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен
АДГ концентрациясының төмендеуімен
Эритропоэтин концентрациясының жоғарылауымен
8. Мынадай жүрек жиырылуының жиілігінде Апгар шкаласы бойынша 2 балл беріледі:
А. Минутына 50-ге дейін
Б. Минутына 50-100 рет
В. Минутына 100-160 рет
Г. Минутына 200-ден артық
Д. Жүрек соғуы жоқ
9. Нәрестедегі сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалық маңызы бар зерттеу:
А. Қалдық азот пен мочевина деңгейі
Б. Қанның электролиттік құрамын бағалау
В. Эндогенді креатинин клиренсі
Г. Билирубин мен оның фракцияларын анықтау
Д. Кортизол деңгейін анықтау
10. Нәресте: тері түсі қызғылт, брадипноэ, жөтеледі, түшкіреді, жүрек соғуы – минутына 90 рет, қимыл-қозғалысы өте белсенді. Апгар бойынша бағалаңыз:
А. 5 балл
Б. 6 балл
В. 7 балл
Г. 8 балл
Д. 10 балл
11. Ана құрсағындағы температура:
А. 37,5ос
Б. 38,0ос
В. 37,0ос
Г. 36,5ос
Д. 36,0ос
12. Нәрестенің ішімен жатқызғанда ол басын бір жағына бұрады, бұл қандай рефлекс?
А. Перес рефлескі
Б. Іздеу рефлексі
В. Қорғаныс рефлексі
Г. Робинсон рефлексі
Д. Галант рефлексі
13. Нәрестенің қатты дыбыс шыққанда қолдарын екі жаққа жайып, саусақтарын жазып, артынан қолдарын бастапқы қалпына келтіруі қандай рефлекс:
А. Қорғаныс рефлексі
Б. Галант рефлексі
В. Іздеу рефлексі
Г. Моро рефлексі
Д. Перес рефлексі
14. Мына белгілердің қайсысы дені сау нәрестенің көру мүшесіне тән емес?
А. фотофобия
Б. жас ағу
В. қылилық
Г. жыпылықтау рефлексі дамыған
Д. жақыннан жақсы көру
15. Қандай симптом терең шала туылған балаға тән емес?
ішек перистальтикасы жоғары
әлсіз айқай
гипотермияға бейімділік
төмен бұлшықет тонусы
рефлекстерінің әлсіздігі және тез өшуі
16. Шала туылған балалар – бұлар мынадай гестация мерзімінде туылған балалар:
А. 26 аптаға дейін
Б. 28 аптаға дейін
В. 30 аптаға дейін
Г. 34 аптаға дейін
Д. 37 аптаға дейін
17. Мына симптомдардың қайсысы шала туылған бала үшін физиологиялық жағдай емес?
А. тырысулар
Б. гирсутизм
В. горизонталді нистагм
Г. қылилық
Д. бұлшық ет гипотониясы
18. Терең шала туылған балаларды күтіп-баптау кезінде кювезде қандай температура болуы керек?
А. 15°-20° С
Б. 20°-25° С
В. 25°-30° С
Г. 30°-35° С
Д. 35°-40° С
19. Шала туылуды анықтауда мыналардың қайсысы негізгі көрсеткіш болып табылады:
гестация мерзімі
тері асты шел қабатының айқындылығы
туа біткен автоматизм рефлекстерінің болуы
Апгар бағанасы бойынша бағалау
туылған кездегі дене салмағы
Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы терең шала туылған нәрестелерге КӨРСЕТІЛМЕГЕН:
кювездегі температура 20-220 С
қосымша оттегі беру
бөтелкемен немесе зонд арқылы тамақтандыру
негізгі физиологиялық параметрлерін бақылау
дене қызуын бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |