Қабылдаған: Момбек Н



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі4.37 Mb.
#480856
  1   2   3   4   5   6
нурай сож

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы:Психикалық және тәуелділік аурулары бар науқастардың емдеу түрлері ерекшеліктері.Психофармакотерапияның заманауи аспектілері.


Қабылдаған:Момбек Н
Орындаған:Тұрмаханбет Н
Тобы:СТК-503

Жоспар:

  • Негізгі түсінік .
  • Психикалық аурулар этиологиясы.
  • Психикалық аурулар патогенезі.
  • Психикалық аурулар зерттеу әдістері.
  • Диагностикасы.
  • Терапия негіздері.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР.

  • Психиатрия — клиника бѳлігі, оның міндеттері:психикалық аурулардың пайда болуын:ѳріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психиатриялық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстары мен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б. жѳнінде сараптамалар жүргізу кіреді.
  • Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін ми қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы (интоксикациялар, жарақаттар, ми қоректенуінің бұзылуы,психогениялар және т.б.) немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады.

Психикалық аурулар этиологиясы

  • Психикалық қызмет патологиясы адамның сыртқы ортаға бейімделуін күрт өзгертеді және шынайы өмірдің күрделі формаларының бейнеленуін бұзады. Психикалық ауру тудырушы факторлар өте көп. Олардың бірі белгілі болса (органикалық, инфекциялық, интоксикациялық психоз), кейбірлерінің сипатын тек жанама белгілері бойынша байқай аламыз (шизофрения, эпилепсия). Психикалық аурулар этиологиясын зерттеу — әлі де аяқталмаған процесс.
  • Психикалық аурулардың себептерін организмге қатысты сыртқы-экзогенді және ішкі-эндогенді деп бөледі. Экзогенді ауру тудырғыш агенттерге инфекция, интоксикация, мидың жарақаттан кейін зақымдалуы, церебральды ісіктер, психогениялар (психикалық жарақаттардың әсерінен рухани күйдің бұзылуы), соматогениялар жатады. Ал эндогенді себептер тұқым қуалаушылық және адамның конституциялық ерекшеліктеріне, жас кезеңдеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет