Қабылдаған: Шынпейіс Г. Дайындаған: Вахапова Ж. Тобы



Дата28.03.2024
өлшемі107.54 Kb.
#496815
түріСабақ
Педагогика Бөж Жасмина 3


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: Сабақты ұйымдастыру жолдары.
Қабылдаған: Шынпейіс Г.
Дайындаған: Вахапова Ж.
Тобы:ЖБЛ-212

Туркістан-2023
Жоспар:



  1. Мұғалімнің мақсаты

  2. Меңгерту процесін ұйымдастырудың түрлері

  3. 2 – сыныптан тұратын комплектідегі сабақтың құрылым

Шағын мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша құрамы өзгермейтін оқушылармен өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.


Мұғалімнің мақсаты

  • Әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу.

  • Таным процесінің жүйесін бұзбау

  • Оқушылардың жаңа білімдерді қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру.

  • Барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу.

Білімнің базалық мазмұнын меңгертуге күш салады. Сынып комплектідегі жұмыс оқушыға да қиын. Ал қалғандарды:

  • Тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырады.

  • Басқа сынып үшін мұғалім түсіндірген сабақты тыңдамау

  • Өздеріне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар аудармау

  • Басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамау.

Бұл күрделі іскерліктер өмірде де ерек. Бірақ оларды игеру қиын, көп күш жұмсау қажет. Оқушы мұны істеуге мәжбүр болады, себебі оқу тиімділігін оның зейінді шоғырдандыруына тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім сынып комплектілерде әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аударуы абзал.
Шағын мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар, сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Санитарлық-гигиеналық, психологиялық-физиологиялық, дидактикалық, тәрбиелік талаптар қояды. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім, іскерліктердің меңгертудің жетекші формалары – мұғалім басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл жұмыстар сабақ уақытының 80-90%- ын алады.
Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен:

  • кейбір дайындық жұмыстары

  • алдыңғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру

  • жаңа материалды әңгімелеу-баяндау

  • түсіндіру, әңгіме, нұсқау

  • эвристикалық әңгіме

  • дидактикалық ойындар

  • жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту.

  • білім деңгейін диагностикалау

  • меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету

  • білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету

  • материалдарды тақырып бойынша жинақтау-жұмыстары жүреді.

Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ, сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады.


Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:
1) мұғалім материалды түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді. Ал оқушылар меңгереді.
2) оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығымен алады.
3) Балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық, алгоритм бойынша өз бетімен мегертеді.

  1. 2 – сыныптан тұратын комплектідегі сабақтың құрылымы

Сабақ минуттері

Сыныптар

2-3

2-ші

3-ші

15-18

Мұғалім түсіндіруі және өз басшылығымен бірінші бекітуі

Жұмысты ұйымдастыру

15-18

Өздік жұмыс

Өздік жұмыс

3-4

Қорытынды шығару.
Үйге тапсырма беру.

Мұғалімнің түсіндіруі жаңа материалды мұғалім басшылығымен бірінші бекітуі

Шағын мектептегі оқыту әдістеріне көтеріңкі талаптар қояды. Мысалы, қабылдау кезеңінде оқыту әдістері мынадай қызмет атқарады:

  • Жаңа материалды меңгеруге психологиялық жадай жасау

  • Танымдық қызметтің барлық кезеңдерінде оқушыларды ынталандыру

  • Сабақтың өн бойында оқушылардың зейінін, қызығушылығын ұйымдастыру

  • Оқу материалының мазмұнын ашу.

  • Оқылған материалдарға себеп-салдар және басқа баланыстарды түсіну.

  • Оқыту қарқыны және нәтижелерін диагностикалау

  • Нәтижелерді бақылау және түзету

  • Оқу процесінде тәрбелеу

Шағын мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады. Онда кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, практикалық. Бағдарламалық, поблемалық, компьюторлық оқыту элементтерін енгізген жақсы.


Сөздік әдістерді мұғалім өз басшылығымен істелетін жұмыста көп қолданады. Әңгіме, әңгімелесу әдістері мұғалімнен өте мұқият әзірлікті талап етеді. Мұғалімнің әдемі, әсерлі, жүйелі сөзі сабақтың тақырыбын талдауға оқушылардың өздерінің қатысуы өте маңызды.
Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың нені білетіндіктерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша не білетіндіктерін анықтап болған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіреді, білімді практикада қалай қолдануға болатындығын көрсетеді. Көрнекіліктер қарапайым әдемі, нақты жасалу керек.
Сурет, сызба, кесте, заттардың модельі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу керек. Техникалық оқу құралдарын өте сақтықпен, ақылға қонымды етіп қолданған дұрыс.
Көрнекілікті қолданғанда оқушылар алаңдайды. Сондықтан оларды тек бір тақарып бойынша өтетін сабақтарда қолдануға болады. Бәріне қызық видиоматериалдарды, фильмдерді сабақтардан кейін көрсету керек. “Өздік қабылдау” жағдайында оқушылар мұғалім ойын ұстай алмады. Тапсырманы дұрыс орындау үлгілері, есептерді шешу алгоритмі т.б. “Тіректер” схема, кесте түрінде жасалады.
Уақытты жоғалтпау үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап, екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс істесе уақытты жоғалтпауға болады. Тапсырманы мұғалім алдын-ала әзірлеп әр оқушыға таратады. Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға үлестіреді. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін жасалады. Әр конвертке оқушының аты-жөні жазылады орындалған жұмыс конвертке салынып мұғаліме қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың фронтальдық сипаты болып, барлық сыныпқа ортақ болса, тапсырма тақтаның бір жағына жазылып, керек болса нұсқау да жазылады. Бірнеше сабақтарға арналған тапсырмалар іш пыстырмас үшін оқушыға таңдап көшіруге, фонетикалық, грамматикалық талдауға, шығармашылықпен баяндауға, “кері” тапсырмалар құруға рұқсат етіледі.
Сонымен сабақ шағын мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі формасы. Ол сабаққа қойылатын жалпы талапқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымында:

  • мұғалім басшылығымен жұмыс.

  • өздік жұмыс

Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақыты тиімді пайдалануға және нақты жағдайда оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ү. Бөлекбаева. «Ұстаздық ізденістер» Алматы, 2007 жыл
2. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы. Шымкент, 2014 жыл
3. Жаңа жоба-жаңашылдық бастауы. Алматы, 2012 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет