Қабынуға және аллергияға қарсы заттар



бет3/10
Дата23.12.2022
өлшемі2.33 Mb.
#467821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
қабынуға, аллергияға қарсы заттар

СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері

  • Май алмасуы
  • Аяқ-қол тіндерінде липолиз басым болып, кеуде, мойын, бет, иық тіндерінде липогенез басым болғандықтан - тері асты май қабатының кушингоидты типте болуы.

СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері

  • Кальций алмасуы
  • Ішекте кальций сіңірілуін тежейді, сүйек тіндерінен кальцийдің шығуына әсер етеді және оның бүйрек экскрециясын күшейтеді. Нәтижесінде гипокальциемия мен гиперкальциурия дамуы мүмкін.

СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері

  • Жүрек-қантамыр жүйесі
  • ГКС адренорецепторлардың катехоламиндерге сезісталдылығын, ангиотензин-II –нің прессорлық әсерін күшейтеді. Олар капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, артериолдардың қалыпты тонусын, миокард жиырылғыштығын сақтайды.

СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері

  • Қабынуға қарсы әсері
  • Глюкокортикоидтар қабынуды шақырған себепке тәуелсіз қабынудың барлық фазаларын тежейді. ГКС фосфолипаза-А2 тежеп, простагландиндер мен лейкотриендердің түзілуін бұзады. ГКС жасушалық мембрананы, лизосома мембранасын тұрақтандырады, капиллярлар өткізгіштігін азайтады, қабыну ошағына нейтрофилдер мен макрофагтардың миграциясын және фагоцитарлы белсенділігін, фибробласттардың пролиферациясын және коллаген синтезін тежейді.

СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері

  • Иммуномодулдеуші және аллергияға қарсы әсерлер
  • ГКС лимфоидты тіндер пролиферациясын және жасушалық иммунитетті тежейді.
  • ГКС Т-лимфоциттердің түзілуін тежейді және кинетикасын бұзады ( көбінесе Т-хелперлердің, Т-супрессорларға қарағанда), олардың цитотоксикалық белсенділігін төмендетеді. В-лимфоциттер глюкокортикоидтардың әсеріне тұрақты, бірақ үлкен дозада енгізу иммуноглобулиндер концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
  • ГКС лимфоциттердің супрессорлық белсенділігін төмендетеді , осылай иммуноглобулиндердің деңгейін қалпына келтіреді.
  • ГКС иммуноглобулиндердің мес жасушалармен, макрофагтармен байланысуына кедергі болып, олардан биологиялық белсенді заттардың шығуын тежейді.
  • Глюкокортикоидтар әсіресе, иммунды жауап механизміне қатысатындар(Т-жасушалық танушы антигендер), «қабынуға қарсы» цитокиндер түзілуін басады (1, 6 және 8 интерлейкиндер, ісік некроздаушы фактор).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет