Т-хелперлер



Дата18.05.2024
өлшемі363.06 Kb.
#501445
1-4


Жасушалық иммунитет жүйесі. Т-иммунитет жүйесінің негізгі функциялары. Т-лимфоциттердің субпопуляциясы және олардың қызметі.

Т-хелперлер


Т хелпер субпопуляциясының негізгі маркеріне СД4 дифференцациялаушы антигені жатады. Тимустан шыққан аңқау СД4+ Т лимфоиттер нөлдік хелперлер – Тх0 жасушалар субпопуляциясын құрайды. Бұл жасушаларды бұрынғы әдебиеттерде антигенреактивті жасушалар немесе Т индукторлар деп атаған.
Тх0, Тх1, Тх2 жасушалары негізгі фенотиптік маркерлер жиынтығы бойынша бір-бірінен ажыратылмайды.
Тх0 жасушалары антигенмен кездесу сатысында белсенеді де ИЛ-2 және біраз мөлшерде ИЛ-4 өндіре бастайды. ИЛ-2 клондағы Тх0 жасушаларының көбеюін аутокринді ынталандырады.
Тх1 қызметтері:

  1. ИЛ-2 өндіре отырып Тх1 аутокринді пролиферациясын ынталандырады, нәтижесінде осы антигенге қарсы иммундық жауапқа қатысатын жасушалар саны көбейеді.

  2. ИЛ-2 және IFN-гамма көмегімен Тх1 жасушалық түрдегі иммундық жауапты қалыптастырады , себебі бұл цитокиндер Т- киллерлер мен NK-жасушаларының пролиферациясы мен дифференцировкасын ынталандырады.

  3. ИЛ-2 және IFN-гамма көмегімен Тх1 В-лимфоциттерді пролиферативті-дифференциялаушы белгісімен қамтамасыз етеді.

  4. Тх1 өндіретін ИЛ-2 мен IFN-гамма Тх2 түзілун тежейді, яғни олардың қызметін тежейді.

  5. IFN-гамма, TNF- a, ИЛ-8 хемотаксин және макрофагты қаруландырушы фактор, ИЛ-3, ГМ – КСФ макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор көмегімен макрофагтардың мобилизациясын шақырады.

Тх2 шырышты қабат микроацналымында Тх0 жасушасына антигенді негізінен дендритті жасушалар таныстырғанда түзеледі. ИЛ-4 Тх2 түзілуіне ықпал етумен қатар Тх1 түзілуін тежейді.

  1. ИЛ-4 әсерінен В лимфоциттерде иммуноглобулиндердің өндірілуін IgE мен цитофилді IgG 2,4 алмастырады.

  2. Тх2 жасушалары ИЛ -4 көмегімен Кумбс пен Джелл жіктелуі бойынша жоғары сезімталдықтың механизмінде маңызды қызмет атқарады.

  3. ИЛ 5 цитокині эозинофилдердің көбеюін шақырады.

  4. ИЛ-5 сонлайақ иммуноглобулин А өндірілуін күшейтеді.

Т-лимфоциттер арасында иммундық жауапты тежейтiн жасушалардың субпопуляциясы бар екендiгi эксперименттерде анықталған. Оларды Т-супрессорлар деп атаған. Т-супрессор негiзiнен екi қызмет атқарады деп санаған: реттегiш (Т-хелперлердiң қызметiн тежей отырып жасушалық және/немесе гуморалдық иммундық жауапты тежеу) және иммунологиялық төзiмдiлiктi қалыптастыру және оны сақтап тұру (лимфоциттердiң аутореактивтi клондарының қызметiн тежеу арқылы)
2.Т-киллерлер, қызметі. Т-киллер жасушаларының нысана жасушамен әрекеттесу кезеңдері.
Жетiлген эффекторлы Т-киллерлер эпитоп I класс МНС молекулаларымен байланысқан түрiнде нысана-жасуша бетiнде анықтайды. Т-киллер үшiн нысана-жасуша болып табылады: iсiк жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, мутантты жасушалар, бөгде трансплантат жасушалары. Аталған барлық жасушалардың бетiнде организм үшiн генетикалық бөгде эпитоптар I класс МНС нәруызымен комплекс ретiнде болады. Жетiлген Т-киллердiң белсенуi үшiн антигентаныстырушы жасушадан қосымша белгi талап етiлмейдi. Сондай-ақ В7 молекуласының Т-киллердiң сәйкес рецепторларымен әрекеттесуi арқылы костимуляция да керек емес.
Жасуша жойылуының екi түрi белгiлi: некроз және апоптоз.
Некроз жасуша мембранасының бүтiндiгiнiң бұзылуымен және цитоплазма өзгерiстерiмен сипатталады. Бiрақ, жасуша ядоросы аса зақымдалмайды. Т-киллерлер, негiзiнен, жоғары концентрацияда перфорин бөлгенде, нысана-жасушалар некрозға ұшырайды. Перфорин аталған жасушалардың мембранасына орналасу салдарынан трансмембранды түтiкшелердiң түзiлуiне алып келедi.
Апоптоз (жасушаның бағдарлама бойынша жойылуы) ДНК фрагментациясынан басталады, сосын ядро бөлшектенедi де, жасуша цитоплазма мен мембранасын жоғалтады. Бұл үрдiс жасушаның жойылуына әкеледi. Апоптоз нәтижесiнде жойылған жасушаның бөлшектерiн макрофагтар фагоцитозға ұшыратады.
Т-киллердiң әсерiнен нысана-жасушалардың ыдырау үрдiсiн үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңде (арнайы) Т-киллердiң антигентанушы кешенi нысанажасуша бетiндегi иммуногендi комплекспен (эпитоп + I класс МНС нәруыздары) арнайы байланысады, нәтижесiнде Т-киллер белсенедi. Екiншi кезеңдi «леталды соққы» деп атайды. Бұл кезеңде Т-киллерлер құрамында перфорин, фрагментин және TNF- бар секреторлы гранулаларды бөледi. Үшiншi кезең – қорытынды кезең. Нысана-жасуша немесе некрозға, немесе апоптозға ұшырайды. Т-киллер өзi зақымдалмайды, сонымен қоса ол қайтадан цитотоксикалық әсердi жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Клиникадағы иммундық жүйенің Т-жүйесін бағалаудың негізгі әдістері.
Сынамалар
1-нші деңгейдегі
сынамалар.
2-нші деңгейдегі
сынамалар.
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың
1-деңгейдегі сынамалары:
Лимфоциттердің жалпы санын анықтау
Жетілген Т-лимфоциттердің және екі негізгі
субпопуляцияларының (хелпер/индуктор CD4 және
киллер/супрессор CD8) пайызы мен абсолюттік санын
анықтау
4Иммунологиялық толеранттылықтың қалыптасуы, жойылуы және күшеюінің жіктелуі және механизмдері.
Иммунологиялық төзiмдiлiк дегенiмiз – белгілі бір антигенмен шақырылған және осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталадыТөзiмдiлiк құбылысын теориялық түрде алғаш рет Ф. Бернет тұжырымдады. Клон-сұрыптау теория бойынша эмбрионалды кезеңде, ағзаның антигендерімен әрекеттесуге қабiлетi бар лимфоциттер клоны элиминацияланады. Тек «бөгде» антигендерге жауап бере алатын лимфоциттер клоны ғана қалады. Қорыта айтқанда, организмнiң “өзiнiң” антигендерiне ареактивтiлiк – иммунологиялық төзiмдiлiк қалыптасады. Осы көзқарастан айтқанда иммунологиялық төзiмдiлiк дегенiмiз – белгiлi антигенмен кездесу нәтижесiнде түзiлген, осы антигенге арнайы және осы антигенге жауап беретiн лимфоциттердiң клонының болмауымен сипатталатын иммунологиялық ареактивтiлiк.
Бiрiншiден, тимуста аутореактивтi клондардың терiс сұрыпталу нәтижесiнде жойылатынының молекулярлы механизмдерi анықталды. Сондай-ақ, В-лимфоциттердiң де аутореактивтi клондары сүйек кемiгiнде жойылады.
Екiншiден, иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде жұмыс атқаратын бiр қатар реттегiш механизмдер анықталды. Ол механизмдердiң бұзылыстары төзiмдiлiктiң бұзылуына және аутоиммундық аурулардың пайда болуына әкелуi мүмкiн. Сонымен, орталық тимусiшiлiк терiс сұрыпталудан басқа шеткерi механизмдер де бар, олар бiр-бiрiн толықтырады немесе қайталайды
1 Шеткерi механизмдерге антигентаныстырушы жасушалардың (макрофагтар мен В-лимфоциттер) қызметi жатады. Бұл жасушалар қалыпты жағдайда Т-хелперлердiң негiзгi костимуляторы болып табылатын В7 нәруызын синтездемейдi.
Екiншi шеткерi механизмге аутореактивтi клондардың жұмысын басатын супрессор-клеткаларының қызметi жатады. Супрессор-клеткаға CD8+ Т-супрессордан басқа, Тх1 және Тх2 жасушалары жатады..
3. Шеткерi мүшелерде иммунологиялық төзiмдiлiктiң сақталуына антиидиотиптi антиденелер қатысады. Олар антигеннiң кеңiстiктегi құрылымын қайталай отырып және Т-лимфоциттердi арнайы белгiмен қамтамасыз ете отрырып, антигентанушы рецепторларының блогына әкеледi. Ал, екiншi костимулдаушы белгiнiң түспеуi салдарынан аутореактивтi клондар апоптоздан жойыладан.
4. Соңғы кездерi аутореактивтi Т-киллерлердiң клондарының аутоантигендердi анықтау кезiнде апоптоз нәтижесiнде жойылуына көп көңiл бөлiнуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет