ГКС лимфоцитопенияны, моноцитопенияны және эозинопенияны шақырады. Эритроциттер және тромбоциттер түзілуін ынталандырады.
4-6 сағаттан кейін қанда максималды өзгерістер байқалады, бастапқы жағдайға келу -24 сағаттан кейін. Глюкокортикоидты терапияның ұзақ курсынан кейін қан көрінісінің өзгерісі 1-4 апта көлемінде сақталады.
СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері
Эндокринді жүйе
Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйенің тежелуі, теріс кері байланыс механизмімен түсіндіріледі. Ол ГКС ұзақ қолданғанда айқын көрінеді немесе ұзақ әсерлі препараттарды қолданған кезде.
ГКС жыныс гормондарының түзілуін төмендетеді ( олардың синтезін тікелей тежейді және гипофиздің лютеиндеуші гормонды өндіруін төмендетеді).