Абитова. С. М пмно 22-1



Дата25.11.2023
өлшемі13.74 Kb.
#484463
инновация тек 5


Абитова.С.М пмно 22-1
5 тапсырма
1-сұрақ инклюзивтілік категориясының мәні-Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
2-сұрақ инклюзивті сыныпты анықтаудық критерийлері, инклюзивті сыныпқа тән белгілер: баланың мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір баланы теңдей қабылдауы; – білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету; – Ерекше білім беруді қажет ететін баланың жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау; – Ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу; – балаға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану Инклюзивті орта құру бойынша білім беру ұйымының жұмысының күтілетін нәтижесі: а) баланың мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы; б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы; в) баланың әлеуметтік бейімделуі Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетуде иклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі бағыттары: – психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру; – білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау; – білім беру ұйымның ағымдық жағдайын талдау және бағалау; – білім беру ұйымның педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; – мектеп қауымдастығын дайындау; – одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу. Инклюзивті білм беру ортасын ұйымдастыру кезінде көптеген әдістемелік кешендерді баланың білім алу және жеке мүмкіндіктеріне қарай өзгертіліп отырады. Білім алуда және әлеуметтік ортада бейімдеуде инклюзивті білім беру ортасы ерекше маңызды орынға ие.
3-сұрақ Талқылау Дарындылық дегеніміз не?Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет