Қан қысымы — қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады.Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда ,әсіресе ,қолқада барынша жоғары болады . Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп , веналарда ,әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады.
Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді
.
Ең жоғары қысым ( с.б.б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады . Ең төменгі қысым ( с.б.б 60-80 ) диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады . Лүпілдік қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығын айтамыз . Ол сынап бағанасы бойынша 40 мм - ге тең. Лүпілсол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді . Осы кезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады . Дене бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы, білезіктің ішкі жағы , самай , мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады. Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады . Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері , тамырдың соғуын санау арқылы анықталады .[1]
Қан қысымының жоғарылауы гипертония ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады
Достарыңызбен бөлісу: |