Жаңа флипчарт құру
?????? негізгі құралдар тақтасын ???? батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады.
Қалам құралын пайдалану
????? Кез келген қиын істі бастағанда, алдымен онымен қалай жұмыс жасауға болатын ережесімен танысу қажет. Жұмыстың көбі негізгі құралдар тақтасы болып табылады. Өздерің байқағандай негізгі құралдар тақтасында – бөліп алу құралын – тіктөртбұрышты шекарасы бар түссіз фон; бұл сол құралдың активті екендігін көрсетеді. Бөліп алу құралы кез келген объектіні бөліп алу үшін қолданылады. Қазір бет таза болғандықтан, ???? Қалам құралын басып активтендіруге болады. Оны активтендіру үшін, онда бір рет шерткен жеткілікті. Енді «а» әрпін флипчарт бетінде жаз.
Қаламның түсі және ұшының қалыңдығы
????? Негізгі құралдар тақтасында көк түстің ерекшеленіп тұрғанын байқауға болады. Басқа түске ауыстыру үшін, сол түсті шерту жеткілікті. Қаламның ұшының қалыңдығын 6 санына басып өзгертуге болады. Енді «ә» әріпін флипчартқа жаз, жаңа баптау іске қосылғанын көру үшін.
Қаламның селекторларын қолдану
Қаламның үстінде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде қаламның селекторы іске қосылады. Бұл қаламның әр түрлі қолданудың әдістерін көрсетеді. Бір түрін қолданып «с» әрпін жазуға болады.
Бірнеше объектілерді таңдау және редакторлеу
Бөліп алу батырмасының көмегімен барлық үш әріпті бөліп ал. Қалай шертіп және орналастыруға болады:
-
Таңдап алынған объектінің жоғарғы сол жақ шетіне шерт.
-
Объектінің оң жақ төменгі бұрышында ACTIVpen-нің ұшымен шерт.
-
Әріптің айналасында төртбұрыштар пайда болады. Бұл төртбұрыштар объектінің бөлініп алынғандығын көрсетеді. Кез келген басқа түс және қаламның ұшының қалыңдығын таңдағанда келесі әріптердің бәрі бірдей өзгереді.
Болдырмау құралын қолдану
???? ACTIVstudio бағдарламасында қате жіберіп алсаң, алаңдаудың қажеті жоқ, себебі олардың бәрін алып тастауға болады. Болдырмау құралын бір рет шертіп, соңғы орындалған әрекеттерді алып тастауға болады. Әрбір шерткен сайын орындалған әрекеттер өшіріле бастайды. Осы әрекет флипчаттың алғашқы ашылған бетіне дейінгі әрекеттерді алып тастайды.
Қайтару құралын қолдану
????? қайтару құралы, болдырмау құралымен орындалған әрекеттерді қалпына келтіреді.
Осы құралдардың көмегімен бірнеше әрекеттер орындаңдар.
Тазалау құралын қолдану
????? Терезені тазалаудың басқа да амалдары бар. Тазалау батырмасын басып, пайда болған қосымша терезеден бетті тазалау жолын таңда. Бұл экранды тазалаудың тез және ең оңай амалы. Ал қосымша терезенің басқа нұсқалары флипчарт бетіндегі нақты элементтерді өшіру үшін қолданылады.
Өшіргіш құралын қолдану
???? Енді қаламның қалыңдығын 8-ге қойып, түстер палитрасын көк түсті алып «abc» әріптерін флипчарт бетінде жазыңдар. Өшіргіш құралы флипчарт бетіндегі объектілерді жасырау үшін қолданылады. Өшіргіш құралының да қаламның қалыңдығына ұқсас өзіне тән нақты қалыңдығы болады. Өшіргіш құралын алып, оның қалыңдығын 20-ға қойып, қаламды пайдаланғандай, қолданып «а» әрпін өшіріңдер. Егер де өшіргіштің қалыңдығын 50-ге үлкейтсеңдер, онда бірден беттің үлкен аумағын өшіруге болады. Енді «с» әрпін өшіріңдер.
Объектілерді флипчарттың қоржынын қолданып өшіру
???? Объектілерді түпкілікті жою үшін, флипчарттың қоржынына тастау керек. Бөліп алынған объектіні, «а» әріпін қоржынға тастау керек. Ол үшін объектіні белгілеп алып, қоржынның беті ашылғанда ішіне тастау керек.
Объектілерді редакторлеу құралының көмегімен өшіру
Объектілерді редакторлеу құралының ішінде де объектілерді өшіру батырмасы бар. Бұл тақтаны іске қосу үшін, объектінің үстінен үздіксіз екі рет шертіп,содан кейін өшіру батырмасына басу керек.
Объектіні редакторлеу құралы тақтасының көмегімен объектінің көшірмесін жасау.
????? бөліп алу құралының көмегімен үш әріптің; сол жақ жоғары бұрышынан, әріптің сызығының үстінен бірнеше рет шертіңдер. Әрбір шерткен сайын, флипчарт бетінде әріптердің жаңа көшірмелері пайда болады.
Мәтін құралымен мәтіннің қасиеті құралын қолдану
Флипчарттың бетінде ACTIVpen-нің көмегімен баспамен де жазуға болады. Мәтін құралын таңдап алып, жұмыс бетінің ортасында, яғни жазу жазатын орынды белгілеп алып, сол жерде шерт. Сонда флипчарт бетінде меңзер пайда болады. Мәтінді редакторлеу тақтасы мәтіннің түсін, көлемін және эффектілерін өзгертуге мүмкіндік береді. Пайда болған терезеден мәтіннің үлкен көлемін және қаріптің басқа түрін таңдап алып, қисайтылған, көлеңке түсірілген батырманы басып, әріптің басқа түрін таңда. Енді «abc» әріптерін жаз.
Мәтін қасиетінің өзгертуі
?????? Мәтінге енгізілген мәтіннің стилін өзгертуге болады. «abc» әріптерінің үстінен екі рет шерт немесе бөліп алу батырмасын таңдап ал. Осы мезетте экранда объектілерді редакторлеу құралының тақтасы іске қосылады. Бұл тақтадан «Барлығы» (Все) батырмасын шерт. Бұл команда мәтінді бөліп алып, оны әр түрлі стильмен өзгертуге мүмкіндік береді.
Ескерту: Егер де мәтіннің көлемін үлкейткенде, мәтін бір сызықтан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда мәтіннің оң жақ шетіндегі төрт бұрыштың көмегімен мәтінді бір жолға орналастыруға болады. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасын жабыңдар.
Маркер құралын пайдалану
????? Маркер батырмасын басып, өздеріңе ұнаған түсті таңдап, флипчарт бетіндегі әріптің үстінен белгілеңдер.
Флипчартты сақтау
Басты менюден, негізгі құралдар тақтасының сол жақ үстінен Флипчарт – Қалай сақтау командасын таңда. Сонда флипчартты Менің флипчартым бумасында, Жалпы флипчарттар бумасында немесе басқа бумалар ішінде өз таңдауың бойынша сақтауға болады. Ал қазіргі жағдайда Менің флипчартым ішінде сақта, ойткені бұл ең ыңғайлы амал, себебі оны қайтадан тез табуға оңай тәсіл. Пайда болған «Флипчартты сақтау» терезесінде файлдың атына Флипчарт 1 жазып, сақтау батырмасын шерт. Енді сендер ACTIVstudio-ның негізгі құралдарын қолдану ыңғайлы. Басты менюден ??? батырмасын шертіп ACTIVstudio қосымшасынан шығыңдар.
№ 2 Лабораториялық жұмыс
Мәтін, формалар және түстер
-
Алдын ала сақталған флипчартты ашу
ACTIVstudio бағдарламасын іске қосыңдар. Негізгі құралдар тақтасынан басты менюден Флипчарт – Ашу – Менің Флипчарттарым командасын орындап, сақтап қойған Флипчарт 1 файлын таңда және ОК батырмасын шерт.
-
Флипчартты жаңа ат пен қайтадан сақтау
Флипчартқа өзгерістер енгізгенде, онда жаңа ат қойып сақтауға тура келеді. Бұл сақталған флипчарттың үстіне жазылған өзгерістерді қатеден сақтайды. Басты менюден Флипчарт – Қалай сақтау – Менің флипчартым командасын орындап, Флипчарт 2 атымен сақта. Кез келген уақытта басты менюден Флипчарт – сақтау командасын орындап жұмысты сақтауға болады.
-
Флипчатта жаңа бет құру
Осы уақытқа дейін біз бір беттен жұмыс жасадық. Флипчарттың құралдар тақтасынан ??? батырмасын шерткенде жаңа бет ашылады. Бұл тақта флипчарт бетіндегі қысқа кескіндер болады. Бұл тақта беттің шетінде немесе төменгі жағында пайда болуы мүмкін. Оны орналастыру үшін батрыманың оң жағында шерту керек. Егерде ACTIVpen-ді қолдансаң, онда қаламды тақтадан бірнеше миллиметр қашықтықта ұстап тұрып, оң жақ батырманы басу керек. Мұны бірнеше рет қайталап жаттығыңдар. Тышқанның оң жақ батрмасын/қаламның батырмасын қолданып, тақтаны өзің қалаған жерге орналастыр. Бұл мезетте Келесі бетке өту батырмасында ??? қаламның батырмасын шерткенде, беттің айналым эффектілерін қоюға болады. Кез келген уақытта басқа бетті активтендіру үшін ??? батырмасын шерту керек. Ал бастапқы бетке қайтадан келу үшін ??? батырмасын басу керек.
-
Беттің тақырыбын жазу үшін мәтін құралын қолдану
Мәтін құралын іске қос. Енді беттің тақырыбын жазу керек. Ол үшін беттің сол жақ жоғарғы бұрышында шерту керек. Тақырыпты Форма құру және құю батырмасын үйрену деп жаз. Қажет болса мәтін объектісін әдемілеп бір бетке сыйғызыңдар.
-
Қаламның Модификатор құралының жиынын қолдану
Қалам құралын қолмен төртбұрыштың суретін салыңдар. Қаламмен сурет салуға болғанмен оның сызықтары қисық және нақты болмайды. Енді фигураларды түзу де нақты салу мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндікті қаламның Модификатор құралы тақтасының көмегімен қалам эффектілерінің барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады. Оны қаламның үстінде оң жақ батырманы шертіп іске қосуға болады. Қажетті құралдарының көмегімен төртбұрыштың суретін салыңдар. Енді қабарғалары түзу фигураларды салуға болатынына көз жеткізуге болады.
-
Формаларды түспен бояу
Енді Құю құралын қолданып Түстер палитрасынан кез келген түсті таңдап алыңдар. Жаңа төртбұрыш формасын осы түспен толтырыңдар.
7. Түстер палитрасын баптау
Осы уақытқа дейін сендер барлығы 16 түспен жұмыс жасадыңдар. Ал мұнда 8,16,24
түспен жұмыс жасауға болады. Оны іске асыру үшін Басты менюден Құралдар
панелін баптау – түстер – 24 командасын орындағанда Түстер палитрасының кең
көлемін қолдануға болады.
-
Беттің фонын түспен бояу
Біттің фонының түсін өзгертуге құюға тән. Жаңа түсті алып, формалардың сыртында, яғни беттің фонын өзгертіңдер.
-
Бапталған формаларды құру үшін Қалам Модификаторы құралын қолдану.
Қалам Модификаторы құралы тақтасында үш түзу сызық бар. Енді осы формалардың көмегімен үшбұрышты салыңдар. Қара түсті таңдап, сызықтың 8 қалыңдығын таңда.
Ескерту: Кез келген қателеріңді түзете аласыңдар.
-
Жеке объектілерді топтастыру
Енді үшбұрыштың қабырғаларын жекелей редакторлеуге, орналастыруға, таңдауға болады. Үшбұрыштың қабырғаларын топтауға бір-біріне тәуелсіз ретпен таңдауға, ауыстыруға және редакторлеуне болады. Үшбұрыштың қабырғаларын топтастрығаннан кейін оны Қаламның Модификатор құралы тақтасымен айналдыруға немесе ауыстыруға болады. Үшбұрышты топтастыру үшін, осы үш сызықтарды араластыру үшін бөліп алу құралын қолданыңдар. Форманы қоршаған төртбұрыш пайда болғанда, сызықтың үстінен екі рет шертіп объектіні редакторлеу құралынан Қасиет батырмасын шертіп, пайда болған терезеден Топтастыруды таңдаңдар. Егер де кез келген үшбұрыштың сызықтарында шертсеңдер, үшбұрышты толығымен өз қалауың бойынша ауыстыруға болады.
-
Көрсеткіш құралы
Көрсеткіш Құралы Түзу сызықтың көмегімен басқа сурет салудың амалын ұсынады. Бұл құралды қолданып үшбұрыштың суретін саламыз. Беттің ортасында Көрсеткіш құралын таңдап үшбұрышты саламыз. Енді меңзердің орналасуын бақылайық. Сызық меңзердің бағытымен бірге ауысып отырады. Келесі нүктені бас, үшбұрыштың кезекті нүктесін орналастыратын жерге. Үшінші нүктені бас, нәтижесінде үшбұрыш пайда болады. Бірінші нүктеге жеткенде үшбұрыш дайын болады. Форма аяқталғанда сызық меңзердің соңынан ілеспейтін болады.
Форма аяқталғанда сызық меңзердің соңынан ілеспейтін болады.
Қайтару батырмасы қате жіберілген жағдайда оны түзетуге көмектеседі.
-
Форманы түспен бояу
Құю құралын таңдап, Түстер палитрасынан жаңа түс таңда. Таңдаған түспен бояу үшін үшбұрышты шерт. Флипчартты сақтап ACTIVstudio жабыңдар.
№ 3 Лабораториялық жұмыс
Кітапхана ресурсы
-
Сақталған флипчартты ашу және жаңа бет құру
ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 1 файлын ашыңдар. «Келесі бет» ??? құралын қолданып флипчартта жаңа бет құрыңдар. Флипчартты «Менің флипчартым» бумасында жаңа атпен сақтаңдар.
-
Бір флипчарт бетінен элементі келесі бетке көшіру
«Бетті таңдау» ??? батырмасымен, үш беттен тұратын флипчарт беттерін текскер. 2-ші және 3-ші беттерді активтендіру қалпына келтір. Егер де 3-ші бетте жұмыс жасағнада, алдымен 2-ші беттегі тақырыпты көшіріп алыңдар. Әрине, жаңа бетте қайтадан теріп жазуға да болады, бірақ та көшіру әдісі тақырыптың әрбір бетте сол жерде шығатынына кепілдік береді. Бөліп алу батырмасы активтендірілгенінекөз жеткізіп, 1-ші беттегі тақырыпты, 3-ші бетке көшіріңдер. Пайда болған менюден «Осында көшіру» командасын таңда. 3-ші бет активтендірілгенде қызыл жиекпен ерекшеленіп тұрады.
-
Мәтінді редакторлеу
Енді 3-ші беттегі мәтінді редакторлейік. Тақырыпта екі рет шерткенде, объектіні редакторлеу тақтасы іске қосылады. Тақтадан «Мәтінді редакторлеу» батырмасын таңда. Мәтінді бірден ерекшелеп алу үшін құралдар тақтасынан «Барылығы» батырмасын басу керек. Енді Кітапхана Ресурсын үйрену мәтінін теріп жазыңдар. Жаңа мәтін бұрынғы тақырыптың орнын басады. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасынжабыңдар.
-
Кітапхана ресурсын ашу
Флипчарт құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» ??? батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі.
-
Көмекші сөздерді қолдану
Егер де ACTIVstudio батырмасының астында болса, көмекші сөздер шығады. Бұл құрал әрбір батырманың функцияларын еске түсіріп отырады.
-
Жалпы кітапхана ресурсы
ACTIVstudio бағдарламасы орналастырылғаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» ??? мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. ???? батырмасын іске қосыңдар.
-
Ресурс тірегін қолдану
Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» ???? батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктіріген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.
-
Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау
Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.
-
Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу
Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздірілген» бөлімі белгіленгенін тексер, бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар.
-
Кітапхана ресурсын бүктеу
Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» ??? батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы ??????? экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.
-
Объектіні редакторлеу құралы тақтасын қолданып суреттердің көшірмесін алу
Бөліп алу құралының көмегімен суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні ????? құралы тақтасы іске қосылғанда, ???? «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке-жеке қойыңдар.
-
Объектінің көлемін өзгертіп және оны айналдыру
Объектіні редакторлеу тақтасының құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен ??? «Көлемін кішірейту» батрымасымен кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті ???? « Бөліп алу» батырмасын шертіп ??? көмегімен айналдырамыз.
-
«Өшіру» батырмасын қолдану
Кез келген суретте екі рет шерткенде объектіні редакторлеу тақтасынан «Өшіру» батырмасының көмегімен қажетсіз суреттерді өшіруге болады.
Ескету: Суретті флипчарттағы ??? қоржынға салуға болады. Бірақ та объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды пайдалану ыңғайлы және де ол бөліп алынған суреттің жанында тұрады.
-
Тану құралын баптау
Негізгі құралдар тақтасын ??? «Тану» құралын шерткенде, редакторлеу құралының тақтасы іске қосылады. Қосу/өшіру батырмасы жасыл түсті болу керек, егер де ол қызыл түсті болса батырманың үстінен шерткенде тану батырмасы іске қосылады. Баптаудың төрт параметрі болады. Оларды келесі параметрлер бойынша өзгертуге болады: әріпті тану ????, форманы тану ????, санды тану ???? және де санды және әріпті тану ???? батырмалары.
Батырманы басып әріптерді жазыңдар. Құрылғы ағылшын тілінде (Великобритания) орнықтырылған. Жылжымақ ???? ортасында тұру керек., бұл мәтінді қолжазбадан машина мәтініне айналдырады. Әзірше тану құралының тақтасын жаппаңдар.
Ескерту: Тану құралы тек қана ACTIVboard немесе ACTIVslate опциялары қосылғанда ғана жұмыс жасайды.
-
Тану құралының көмегімен мәтін құр
Тану батырмасын ???? қосқаннан бастап ACTIVstudio қолмен жазылған мәтіндерді мәтіндік объектілерге айналдырып отырады. Соңынан бұл мәтінді редакторлеуге болады. Көк түсті таңдап ал да өлшемін үшке қойыа мәтін жаз. Көрсеткіш бетте болған кезде, қосымша иконканы көруге болады. Оның атқаратын қызметі, тану құралының бапталуына байланысты мәтін немесе формаларды жазғаннан кейін, олардың өзгеріп тұратынын білдіреді.
Әрбір суреттің астына, оның атауларын жазып шық. Тану құралымен бірнеше рет жұмыс жасап жаттығыңдар.
-
Жалпы фонды таңдау
Кітапхана ресурсынан Жаңа фондар ???? – Басқа Тірек ресурсын таңда. Қолдану алдына фондарды қарап шығуға болады. Тасымалдау опциясында тұрғанын тексеріп алып, құстарға қажетті фонды таңдап ал. Кейбір кезде фон барлық бетті алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа фонда екі рет шертіп, ??? «Қасиет» батырмасында басып, терезенің сол жақ шетінде «Қасиет және іс-әрекеттер» опциясын менюінен «Тарту» опциясын таңдауға болады. Қажет болған жағдайда Фонды барлық бетке қоюға болады, «Қасиет және іс-әрекет» терезесінен «Түр» опциясына ауысып, онда мозаика көлемімен жолынан ашылған команданың ішінен «Көлемнің өлшемімен тарту» опциясын таңдап алуға болады. Бұл терезелерді жауып, флипчартты сақтап қойып ACTIVstudio-дан шығыңдар.
№ 4 Лабораториялық жұмыс
«Өшір және көрсет», сонымен бірге «Прожектор»
-
Сақталған флипчартты ашу
ACTIVstudio-ны ашып, Флипчарт 2-ні іске қос және де Флипчарт 3 атымен келесі флипчартты сақтап қойыңдар. Бұл флипчарт өте үлкен көлемді болмақ. Бірақ та, оны қайтадан жазбайсыңдар, көщірмейсіңдер және де қоймайсыңдар, өйткені барлық беттердің көшірмесін аласыңдар да, қажнт емес элементтерді өшіріп тастайсыңдар.
-
Флипчарт беттерінің көшірмесін алу
Флипчарт құралдар тақтасынан ???? «Бетті таңдау» батырмасын басып, 4-ші беттің активті екендігін нобайдан шертіп тексер. 4-ші беттің фонында екі рет шертіп редакторлеу құралдар тақтасына ??? «Бетті Көшірмелеу» батырмасын таңдап алыңдар. 4-ші бетті активтендіру үшін оған шертіп, «Бетті таңдау» батырмасында шертіп, бетті қалыпты күйіне қоюға болады.
-
Беттің фонын өшіру
Енді беттегі фонды өшіріңдер – ал оның себебін кейінірек білеміз. Менюден «Фонды өшіру» опциясын таңдап ал. Фонды ақ түспен бояп қалдыру үшін, түстер палитрасынан ашық-көк түс құралын таңдап алыңдар. Флипчарт бетін ашық-көк түспен бояңдар.
-
«Өшір және көрсет» техникасы
«Қалам» құралын таңдап алып, ашық-көк түсін таңдап ал. Қаламның қалыңдығын таңдап ал,жазуды жауып қою үшін флипчартты сақтаңдар.
-
«Прожектор» құралын қолдану
Флипчартта кейбір арнайы презентацияны құру үшін ACTIVstudio-ның барлық құралдары қолданылмайды. Бұл құралдың бірі - ??? «Прожектор» құралы. Оның операцияларының ішінен «Дөңгелек прожекторды» таңда. Енді экранның нақты аймағын белгілеп алуға болады, егер де флипчарт бетінде меңзерді жылжыта отырып, бақылау ортасының үлкейтіп немесе кішірейтіп бапта. Ал оны алып тастау үшін қайтадан «Прожектор» батырмасында шерту керек.
-
«Өшіргіш» құралын қолдану
???? «Өшіргіш» құралын таңдап алыңдар. Алдын-ала жазылған жазудағы ашық-көк түс маскасын өшіріңдер. Алғашқы жазулар өшірілмейді, себебі олар басқа қабатта. «Өшіргіш» құралы үстіңгі қабатта ғана активті. ACTIVstudio-ны жауып шығуға болады, ал беттегі элементтер сақталып қалады.
Ескерту: Аннотация негізгі қабатта, жазулар, тану құралының көмегімен құрылған ортаңғы қабатта орналастырады.
№5 Лабораторялық жұмыс
Торлар
-
Сақталған флипчартты ашу
ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4-тің соңына жаңа беттер қос. Соңында флипчартта 5 бет болу керек. Енді оны Флипчарт 5 деп сақта.
-
Торлар құру
Торлар құру үшін фон торлары қажет. Бірақ та торларды басынан бастап құрмай-ақ, ACTIVstudio-ның дайын торларының фонын қолдануға болады. Кітапхана ресурсын іске қосып, ???? «Жалпы торлар» бөлімінен торлардың наубайларын көруге болады. Мұнда «1х1 торын» тауып, оны Жалпы торлардан жаңа флипчарт бетіне қойыңдар. Кітапхана ресурсын жабыңдар.
-
Торлардың көлемін өзгерту
Бұл мезетте торлардың өлшемі өте кішкентай; бірақ та оны өзімізге қажетті өлшемнің көлеміменөзгертуге болады. Ол үшін бізге үлкен торлар қажет. Тордың көлемін өзгерту үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту қажет. Бетті редакторлеу құралдар тақтасын ашып, ??? «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын беттегі горизонтальді сызықтар төртеу болғанша басып тұру керек.
-
Мәтін құру
Құралдар тақтасынан ???? Тану батырмасын таңдап алыңдар. «Қаріпті таңдау» терезесінен 20-ші өлшемді таңдап ОК батырмасын шертіңдер. ACTIVpen немесе тышқанмен «ACTIVstudio» сөзін жазғаннан кейін, қолмен жазылған мәтін, пернетақтамен жазған мәтінге айналады.
Кезекпен «ACTIVstudio» бағдарламасының қосымша құрылғыларын жаз. Тану құралын жабыңдар.
-
Обектілерді тордың бойымен реттеу
Бөліп алу құралын қолданып, «ACTIVstudio» тышқанмен тордың горизонтальды сызығының шетіне орналастырыңдар. Әрекеттерді орындағанда мәтін тордың сызығының бойына орналасатынын байқауға болады. ??? Енді келесі сөзднрді жазғанда олар кезекпен сызықтың бойында орналасады. Әрбір сөз өзінің горизонтальды сызықтың бойында ретпен жазылады.
-
Кітапхана Ресурсына ресурстар қосу
Бұл сөздер алдағы жобаларды жасағанда қажет болатындықтан, оларды Кітапхана Ресурсына қосып қойыңдар. Флипчарттың құралдар тақтасынан Кітапхана Ресурсы батырмасын басып, ??? менің Кітапхана Ресурсым батырмасын таңдау керек, бұл жерде кез келген ресурстарды сақтауға болады және өзің үшін ресурс жинақтайсың. Менің Мәтінім батырмасын басып, оң жақтағы бірінші сөздерді орналастырыңдар.
-
Тану батырмасын баптау: тіл
Бұл уақытқа дейін тану батырмасы, ағылшын тілінде (Великобритания) таниды. Ал ол көптеген тілдерді тани алады.
Ескерту: қажет болса Кітапхана Ресурсында кез келген жерде жаңа бума құра аласыңдар. Кітапхана Ресурсы тақтасының кез келген жерінде оң жақ батырманы шерткенде кішкентай терезелер ашылады. Жаңа бума құру үшін опцияларын таңдап, «Қол жазуларын тану тілі» бөлімін қараңдар. Онда ағылшын тілі (Великобритания) көрсетілген болар.
-
Достарыңызбен бөлісу: |