«Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
1 Жалпы ережелер
«ҰЭТ жаңғырту – ІІ кезең» жобасы шеңберінде «KEGOC» АҚ қосалқы станцияларын жаңғырту қосалқы станциялардың (бұдан әрі – ҚС) қолданыстағы алаңдары шегінде жүргізілетін болады, ҚС үшін қосымша жер бөлуді талап етпейді, жүргізіліп жатқан кезде қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететін олардың электр схемалары мен ірі құрылыс жұмыстарын түбегейлі қайта құруды көздейді. Ескірген немесе өз ресурсын атқарған трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштар мен басқа да жабдықтарды ауыстыру жөнінде жұмыстар жүргізу болжамдалады. Орнатылатын жаңа жабдық экологиялық қауіпсіз болып табылады, қосалқы станциялар орналастырылған жерлердегі экологиялық жағдайды өзгертпейді.
«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларды жаңғырту процесінде де, бұдан әрі пайдалану уақытында да қоршаған ортаға зиянды әсерлерді болдырмау жөнінде барлық қажетті шараларды қолданады.
Осылайша, қосалқы станцияларды жаңғырту қоршаған ортаға түскен жүктемені түбегейлі арттыра алмайды. Дегенмен, жаңғырту жобасы қосалқы станцияларды жаңғырту жобаларын іске асыру процесінде қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту жөніндегі белгілі бір шаралар көзделген.
2 Полихлорланған дифенилдерді басқару
Тұрақты органикалық ластандырғыштар туралы Стокгольм конвенциясына сәйкес 2025 жылдан кейін ПХД қолданылмайды. Осыған байланысты Компанияда құрамында ПХД бар жабдық сатып алуға рұқсат берілмейді.
3 Жеңілдету жоспары
3.1 Жаңғырту процесінде бөлшектелген жабдықтарды
басқару жоспары
«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларын жаңғырту жобаларын іске асырған кезде моральдық және физикалық тозған жабдықтардың көбісі бөлшектелетін болады, олар мыналарды қамтиды:
күштік трансформаторлар,
майлы ажыратқыштар,
токтың өлшеу трансформаторлары,
кернеудің өлшеу трансформаторлары,
асқын кернеуді шектеуіш,
айырғыштар
және басқа да жабдықтар.
Бөлшектелген жабдықтарды кәдеге жарату жөніндегі негізгі шаралар:
Резерв құру үшін «KEGOC» АҚ басқа да қосалқы станцияларына жабдықтардың жекелеген бірліктерін тапсыру;
тараптық ұйымдардың жабдық бөліктерін іске асыруы;
жабдық бөліктерін бөлшектеу және оларды басқару;
жабдықтың металл бөліктері қара және түсті металлдарға бөлшектеліп, белгіленген тәртіпте мамандандырылған кәсіпорындарға өткізілетін болады;
фарфор және басқа да бөлшектері «KEGOC» АҚ жүйеаралық электр тораптары (бұдан әрі – ЖЭТ) филиалдарымен жасалған шарттарға сай улы емес қатты қалдықтар көмілетін полигонға әкетіледі.
Трансформатор майы. Майдың бөлігі тазартудан және регенерациялаудан кейін сапасын бағалау нәтижелері бойынша жабдық майын толықтыру үшін қолданылатын болады, бұдан әрі пайдалануға жарамсыз қалған бөлігі белгіленген тәртіппен іске асырылатын болады.
3.2 Қосалқы станциялардың шуларын басқару жөніндегі шаралар
Қосалқы станциялар жұмыс істеген кезде реакторлар мен трансформаторлардың салқындату желдеткіштері, қосалқы станциялардағы 500-1150кВ кірмелер, қосалқы станциялардың схемасындағы кернеуі 500-1150кВ ӘЖ шиналау шу көздері болып табылады.
Өндіретін реакторлар мен трансформаторлардан шығатын шулардың таралуын болдырмау үшін қосалқы станцияларды жобалаған кезде шудан қорғайтын қоршаулар қарастырлады. Олар тұрған аймақтарда орналасқан және шу деңгейі ҚС шекарасындағы ұйғарынды нормалардан асатын ҚС-да міндетті түрде орнатылады.
Қоршауларды жобалау бекітілген басқарушы материалдарға сәйкес жүргізіледі:
1. «Кернеуі 220-330 кВ автотрансформаторлардың шудан қорғайтын қоршаулары, 9750 ТМ 1979 ж. Киев УкрОЭнергосетьпроект филиалы.
2. «Трансформаторлардың дыбыс жұтатын жабыны бар шудан қорғайтын қоршаулары.” 9775 ТМ 1980ж. Энергосетьпроект Москва қ.
Ауа райы жағдайына да (ылғалдың басым болуы, қырау түсуі және т.с.) байланысты тәж разряды нәтижесінде қосалқы станциялардағы шиналау мен 500-1150 кВ кірмелерінде туындайтын шуларды басу шаралары нормативтік-техникалық құжаттарда көзделмейді. Пайдалану персоналына кірмелер мен шиналауға тікелей жақын жерлерде жұмыс істеген кезде шуды жұтатын құлаққаптар киюге ұсыным беріледі.
Тұрғындарды тәж разрядының шуынан қорғаудың негізгі шарасы бұл қосалқы станцияларды елді мекендерден де, адамдар жүретін жерден де алыс жерде орналастыру болып табылады.
Жұмыс орындарына мерзімді аттестаттаулар жүргізген кезде шулардың деңгейлері анықталады. Шуларды өлшеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы, өлшеу құралдары, аттестатталған зертханасы бар мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. Шулардың өлшеу нәтижелері персоналдың назарына жеткізіледі. Қажет болған жағдайда персоналды шудан қорғау жөніндегі шаралар қолданады.
3.3 Қосалқы станциялардың өндірістік қызметі кезінде қалдықтар мен шығарындыларды басқару
Барлық кернеудегі қосалқы станцияларды пайдаланған кезде лақтырындылар мен қалдықтардың өте аз көлемі пайда болады. Қызмет көрсететін персоналдың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтар Қазақстанның экологиялық заңнамасын сәйкес кәдеге жаратылады. Лақтырындылар (асхана, дәретхана, қол жуғыштар және себезгілерден болған), май толтырылған жабдықтан майдың кенеттен ағуы, қосалқы станция аумағынан май ізі бар атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде пайда болған жер үстіндегі сулар бетондалған су өтпейтін шұңқырларға (септиктерге) бұрылады. Септиктердің толуына қарай жақын жерлердегі елді мекендердің кәрізіне немесе жергілікті әкімшілік органдарымен келісілген суару егістігіне арылады.
Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін барлық жұмыстар құрылыс жұмыстары кезінде заңнамалық экологиялық талаптарды есепке алатын ҚС жаңғырту жөніндегі жобалау құжаттарына сәйкес жүргізілетін болады.
3.4 Электр өрісінің әсерінен қорғану шаралары
№3.01.036-97 «Жоғары вольттық электр жеткізу желілері туындатқан өнеркәсіптік жиіліктегі электр өрісінің әсеріненхалықты қорғау» ҚР СанҚменН-ға сәйкес елді мекендердің шекараларынан электр магниттік өріс сәулелендіретін кернеуі 750-1150 кВ құрылғыларға дейінгі арақашықтық кем дегенде 250-300м құрауы тиіс. Жұмыс кернеуі 220 кВ және одан жоғары барлық қосалқы станциялар осы нормаларда көзделген қашықтықққа қарағанда елді мекендердің шекараларынан айтарлықтай алыста орналасқан. 110 кВ және одан төмен кернеулі қосалқы станциялар үшін өнеркәсіптік жиіліктегі электр магниттік өріс әсерінің көрсеткіштері бойынша тұрғын үйден қашықтық бойынша шектеулер жоқ. Бірақ олар үшін әрқашан да белгілі бір санитарлық аймақтар көзделген. Осылайша, қосалқы станциялардың халыққа әсерін болдырмау шаралары толығымен сақталған және жаңғырту үдерісінде бұзылмайтын болады.
Қосалқы станция персоналын электр өрісінің әсерінен қорғау үшін мынадай шаралар көзделеді:
- 500 кВ және одан жоғары кернеушлі барлық қосалқы станцияларда жабдықтарды тұрақты аралау жолдарының үстінде және жабдықтар басқарылатын жерлерде (әуелік ажыратқыштардың агрегаттық шкафтары, айырғыштарды басқару шкафтары және т.б.) аралау бағыттарының үситіндегі торлы туннельдер және басқару шкафтарының үстіндегі металл көлбегейлер түріндегі биологиялық қорғаныс құрылғылары орнатылған. Стационарлық қорғаныс құралдары «Үлгі жоба 13300 ТМ. Персоналды электр өрісінен қорғау. Энергосетьпроект ПК, Москва қ., 1993ж., Севзапэнергопроект» қосалқы станцияларды жобалау жөніндегі басқарушы құжаттарға сәйкес орындалады.
Осындай құрылғылардың көмегімен электр өрісінің кернеулілік деңгейі 5 кВ/м аспайтын көлемге дейін төмендейді.
Биологиялық қорғаныстың стационарлық құрылғыларымен жабдықталмаған, электр өрісі әсер ететін аймақтарда қызмет көрсететін персонал мерзімді түрде келіп тұратын жерлерде қызмет көрсететін персоналды электр өрісінің әсерінен қорғау үшін «Электр қондырғыларын пайдаланған кездегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына» сәйкес мынадай іс-шаралар қарастырылады:
электр өрісінің кернеуі 5 кВ/м дейін болғанда персоналдың келу уақыты шектелмейді және қайсыбір қорғаныс құралдарын талап етпейді;
электр өрісінің кернеуі 10-20 кВ/м болғанда персоналдың бұл аймаққа келуі 3 сағаттан 30 минутқы дейін шектеледі (егер жеке қорғаныс құралдары қолданылмайтын болса);
электр өрісінің кернеуі 20-25 кВ/м болғанда персоналдың осы аймаққа келу уақыты 10 минутқа шектелген;
Электр өрісінің кернеуі 25 кВ/м жоғары болған кезде осындай аймаққа арнайы қорғаныс құралынсыз кіруге тыйым салынады.
Қосалқы станциялардың аумағындағы барлық пайдалану және жөндеу жұмыстары жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптарын есепке ала отырып, жүргізіледі.
Қорғаныс іс-шараларын жоспарлау үшін барлық жұмыс орындары үшін мерзімді аттестаттау жүргізіледі, ол жүргізілген уақытта электр өрісінің кернеулік деңгейі анықталады. Өлшемдерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы, өлшеу құралдары, аттестатталған зертханасы бар мамандандырылғар ұйымдар жүргізеді.
4 Қосалқы станцияларды жаңғырту кезіндегі экологиялық мониторинг
«KEGOC» АҚ Іс-қимыл жоспары қосалқы станцияларды жаңғыртқан кездегі экологиялық мониторинг мақсаты үшін кесте түрінде берілген (2-қосымша).
5 Институционалды нығайту
Экологиялық мониторингке жауапты лауазымды адамдар 3-қосымшада көрсетілген. Филиалдағы бар персоналдардың қосалқы станцияларды жаңғырту бойынша жұмыс жүргізген кезде экологиялық мониторинг жүргізу үшін біліктілік дейгейі жеткілікті.
Қысым шуларын, электр магниттік өріс кернеулігін және қоршаған ортаға түсетін басқа да экологиялық жүктемелерді өлшеу үшін объектілерге экологиялық аттестаттау жүргізу кезінде осындай жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар тартылады, өлшемдер жүргізу және аспаптар сатып алу үшін персоналдарды қосымша оқытуға шығындар талап етілмейді.
6 Институционалды ұйымдар
Қосалқы станцияларды жаңғырту жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ЖЭТ филиалдарындағы жауапты адамдар орындалған есептер мен нақты экологиялық әсерлер туралы нақты есеп құрады.
Атқарушы дирекциядағы жауапты адам ұсынылған есептерді өңдеп, жиынтық есеп жасайды және оны Еуропа Қайта құру және даму банкіне жібереді.
7 Жұртшылықты хабардар ету
«KEGOC» АҚ 15.02.08ж. № 2-ө өкіміне сәйкес жаңғырту объектілерінің тізбесіне енгізілген қосалқы станциялар жанында орналасқан облыстардың және елді мекендердің әкімдеріне хат жіберілді (4-қосымша).
01.04.08ж. хатқа 29 жауап алынды. Хатқа берілген жауаптарда Әкімдер - техникалық жаңғырту жобаларын ұсынуды сұрайды, себебі солар бойынша тиісті қорытынды беруге болады (техникалық жобалар тек кредит бөлгеннен кейін ғана әзірленеді);
- жұмысты экологиялық заңнаманы сақтай отырып, жүргізуге ұсыным береді;
- экологияны жақсарту үшін қосалқы станциялардың жабдықтарын жаңғыртуды мақұлдайды.
Әзірлеуші:
ҰЭТ дамыту департаментінің бас маманы __________ ________ А.Жағыпарова
Келісілді:
ҰЭТ дамыту департаментінің директоры __________ ________ К.Молдабаев
1-қосымша
Жеңілдету жоспары.
(жаңғырту процесінде қоршаған ортаға кез келген ықтимал әсерлерді шектеу және қосалқы станцияларды бұдан әрі пайдалану жөніндегі шаралар жоспары ).
Жобаны орындау сатысы
|
Қоршаған ортаға (ҚО) әсер
|
ҚО әсердің азаюын болдырмау жөніндегі шаралар
|
Әсерді болдырмауға кететін шығындар
|
Жауапты адамдар
|
Жұмыс істеп тұрған жабдықтарды бөлшектеу: трансформаторлар, ажыратқыштар, өлшеу трансформаторлары мен т.б.
|
Орнатылған жерлерден жабдықтарды шығарып алған, жабдықты ҚС-ға әкелу және ҚС-дан шығару кезінде жүк көтеретін және көлік механизмдерінің шуы
Трансформатор майы, қара және түсті металл, фарфор және басқа да қалдықтардың пайда болуы
|
- Жұмыстар тек күндізгі уақытта ғана жүргізіледі.
- шуы аз механизмдерді қолдану.
- Майды, металлды, фарфорды, пластмасса, резеңке және басқа да бөліктерді бұдан әрі кәдеге жарату үшін арнайы алаңдарды жабдықтау.
- Пайдаланылған трансформатор майы талдауға ұрынады, соның негізінде:
май толтырылған жабдық майын бұдан әрі толықтыру үшін қосалқы ыдыстарға құйылуы мүмкін;
май толтырылған жабдықтарға толықтырып құю кезінде бұдан әрі пайдалану үшін ЖЭТ филиалдарының қолндырғыларында тазартуға және регенерациялауға ұрынуы мүмкін;
регенерациялау үдерісінен кейін ластанған май қалдығы, сонымен қатар көрсеткіштері нашар май тараптық ұйымдарға табыс етілетін болады.
- Фарфор және басқа да улы емес қалдықтар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылатын болады.
|
Жоқ
Жоқ
|
ЖЭТ филиалдарында табиғатты қорғау шараларын сақтауға жауапты адамдар
(3-қосымша)
|
2. Құрылыс жұмыстары
|
|
Барлық жұмыстар құрылыс жұмыстары кезінде экологиялық талаптарды есепке алатын ҚС жаңғырту жөніндегі жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізілетін болады.
Жасалған шарттарға сай қара және түсті металл металл сынықтарын қабылдайтын кәсіпорындарға, фарфор және басқа да қалдықтар қатты улы емес қалдықтар полигонына өткізіледі.
|
Жоқ
|
«KEGOC» АӨ Даму департаментінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бас мамандары
|
3. Жаңғыртылған қосалқы станцияларды пайдалану
|
Тәз разрядының және трансформаторлардың салқындату желдеткіштерінің шуы; электр магниттік сәуле
|
- Жаңғыртылған ҚС мен елді мекендер арасындағы қорғаныс аймақтарын сақтау
- Персоналдың шуы ұйғарынды шектен асатын аймақтарда жұмыс істеген кезде шу жұтатын құлаққаптарды қолдануы
- ӘЖ және ҚС кіретін және шығатын трассалары мен қорғаныс аймақтарын сақтау.
- Жабдықтарды аралайтын бекітілген тұрақты бағыттардың үстіндегі және жабдықтарды басқару шкафтарындағы жетіспейтін биологиялық қорғаныс құралдарын құру.
- Персоналдың магниттік өріс кернеуіне қарамастан стационарлық құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жерлерге жеке қорғаныс құралынсыз болу ұзақтының сақтау:
Эл.өрісінің кернеуі, кВ/м
|
Ұйғарынды келу уақыты, мин
|
5 дейін
|
Шектеусіз
|
5-10
|
180 дейін
|
10-20
|
30 дейін
|
20-25
|
до 10
|
Свыше 25
|
запрещено
|
Электр магниттік сәулелену кернеуі жоғары жерлерде жұмыс істеу үшін жеке оқшаулау костюмдерін қолдану
|
Нет
Нет
|
ЖЭТ бас инженерлері
|
|
Шаруашылық-тұрмыстық ағындылар.
|
3. Шаруашылық санитарлық ағындылар (асхана, қол жуғыш, дәретхана ағындылары) – қосалқы станцияларды салу жобаларына сәйкес су өтпейтін бетондалған қазып жасалған шұңқырларға (септиктерге) жиналады. Септиктердің толуына қарай жақын жердегі елді мекендердің кәріздеріне не болмаса жергілікті әкімшілік органдармен келісілген суару егістіктеріне жиналады.
|
|
ЖЭТ бас инженерлері
|
2-қосымша
Қосалқы станцияларды жаңғырту кезінде экологиялық мониторинг жүргізу жоспары
№ рс
|
Жобаны іске асыру кезеңі
|
Мониторинг мәні
|
Мониторинг жүргізілетін орын
|
Мониторинг (с.і. пайдаланылатын жабдық) қалай жүргізіледі
|
Мониторинг жүргізілетін мерзім
|
Мониторинг
шығындары
|
Жауапты адамдар
|
1
|
Жабдықты сатып алу
|
Сатып алынатын жабдықтың сипаттамасы
|
«KEGOC» АҚ-да
|
Тендерлік материалдарда ұсынылған жабдықтардың экологиялық сипаттамаларын зерделеу жолымен
|
Тендер өткізу кезеңінде 1 рет
|
|
ЖБД, ҰЭТ ДД, ҚД
|
2
|
Жабдықты бөлшектеу
|
1.1 Майды құюға және жабдықтарды бөлшектеуге арналған алаңдар
|
Алаңдар
|
Майды құюға және жабдықтарды бөлшектеу жұмыстарын ұйымдастыру жобасына енгізілген операциялардың орындалуын бақылау
|
Жабдықтарды бөлшектеудің барлық кезеңінде
|
|
Бас инженер
|
|
|
1.2 Шығару процестері және жабдықтарды пайдаға жарату
|
Жаңғыртылатын қосалқы станциялар мен трансформ. майды, металды, фарфор мен басқа қалдықтарды пайдаға жарату
|
Пайдаға жаратылатын материалдарды тапсыру-беру туралы тікелей қадағалау және құжаттарға талдау жасау
|
Материалдар жабдықтарын бөлшектеу кезінде пайда болған пайдаға жаратудың барлық кезеңінде
|
Шарт
|
Бас инженер
|
3
|
Жабдықты пайдалану кезеңі
|
3.1 Тәждік разряд пен трансформаторлар желдеткіштерінің шуылы
|
Қосалқы станциялар аумақтарының жұмыс орындарында
|
ҚР Денсауминистрлігінің лицензиясы бар ұйымдардың ҚС жұмыс орындарында электр магниттік алаңының кернеуін өлшеу
|
Үш жылд 1 рет
|
Шарт
|
Бас инженердің төрағалық етуімен ЖЭТ филиалы комиссиясы, мамандандырылған ұйым
|
3.2 Электр магниттік сәулелену
|
Қосалқы станциялар аумақтарының жұмыс орындарында
|
ҚР Денсауминистрлігінің лицензиясы бар ұйымдардың ҚС жұмыс орындарында шулы қысымды өлшеу
|
Үш жылд 1 рет
|
Шарт
|
Бас инженердің төрағалық етуімен ЖЭТ филиалы комиссиясы, мамандандырылған ұйым
|
3-қосымша
Қоршаған ортаны қорғауға жауапты "KEGOC" АҚ жауапты адамдары
-
|
|
«KEGOC» АҚ филиалдары
|
Қоршаған ортаны қорғауға жауапты жауапты адамдар
|
Ақмола ЖЭТ
|
ӨТҚ 2 санатты инженері
|
Ақтөбе ЖЭТ
|
ӨТҚ 1 санатты инженері
|
Алматы ЖЭТ
|
ӨТҚ инженері
|
Шығыс ЖЭТ
|
ӨТҚ инженері
|
Батыс ЖЭТ
|
ӨТҚ маманы
|
Сарыбай ЖЭТ
|
ӨТҚ жетекші инженері
|
Солтүстік ЖЭТ
|
ӨТҚ 1 санатты инженері
|
Орталық ЖЭТ
|
ӨТҚ бастығының орынбасары
|
Шымкент ЖЭТ
|
ӨТҚ жетекші инженері
|
Атқарушы дирекция
|
ҰЭТ ДД бас маманы
|
4-қосымша
________әкімініе
Қосалқы станцияларды жаңғыртуға
байланысты экологиялық әсер ету
мәселесі бойынша «KEGOC» АҚ-ның
үндеуі
Құрметті ____________!
«KEGOC» АҚ табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес алдағы уақытта «Қазақстанның ҰЭТ-ын жаңғырту. II-кезең» жобасының іске асырылатыны туралы хабардар етеді. Аталған жоба «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкімін орындау үшін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 26 маусымда бекіткен «Қайта құруға, жаңғырту мен кеңейтуге жатқызылатын электр энергшетикасы объектілерінің, жаңадан салынатын электр энергетикалық объектілердің тізбесіне» енгізілді.
Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында «KEGOC» АҚ жоғары вольтты трансформаторлық қосалқы станциялардың, соның ішінде, Сіздердің иеліктеріңіздегі аумақтардағы _____________ҚС жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын жүргізуге ниетті.
Жаңғырту ҚС қолданыстағы алаңының шегінде жүргізіледі, оған арнайы жер бөлу талап етілмейді. Ажыратқыштарды, айырғыштарды, трансформаторлар мен басқа жабдықты ауыстыру жұмыстары жүргізіледі деп болжанылып отыр. Орнатылатын жаңа жабдық экологиялық қауіпсіз болып табылады, қосалқы станциялардағы орнатылатын орындарда экологиялық жағдайды өзгертпейді.
«KEGOC» АҚ жаңғырту процесінде, сол сияқты ҚС-ны одан әрі пайдалану кезінде зиянды заттардың қоршаған ортаған әсерін болдырмау үшін барлық шараларды алдын ала қабылдайды.
Қосалқы станцияларды алдағы жаңғыртуға байланысты экологиялық әсер ету мәселелері бойынша өз ұсыныстарыңызды 2008ж._____________дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
ЖЭТ директоры ________________
Үндеу таратылды:
№ пп
|
Мекенжай
|
Жаңғырту объектісі
|
1
|
Ақмола облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
1150 кВ «Көкшетау» ҚС, 500кВ ОБТҚ ҚС, 500кВ «Есіл» ҚС, 220кВ «Көкшетау» ҚС, 220 кВ «Макин» ҚС, 220кВ «Атбасар» ҚС
|
2
|
Ақтөбе облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220 кВ «Ақтөбе» ҚС, 220 кВ «Кемпірсай» ҚС
|
3
|
Алматы облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
500 кВ «Алматы» ҚС, 500 кВ «ОҚМАЭС» ҚС, 220кВ «Талдықорған» ҚС, 220 кВ «Строительная» ҚС, 220 кВ «Сарыөзек» ҚС, 220 кВ «Заводская» ҚС
|
4
|
Атырау облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220 кВ «Атырау» ҚС, 220 кВ «Теңіз» ҚС, 220 кВ «Индер» ҚС
|
5
|
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220кВ ТМК ҚС, 500кВ «Өскемен» ҚС, 220кВ № 18 ҚС
|
6
|
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220кВ «Орал» ҚС
|
7
|
Жамбыл облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
500 кВ «Жамбыл» ҚС, 220 кВ «Қаратау» ҚС
|
8
|
Қарағанды облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
500 кВ «Нұра» ҚС, 500 кВ «Ағадыр» ҚС, 500 кВ «Жезқазған» ҚС, 220кВ «Осакаровка» ҚС, 220 кВ «Балхаш» ҚС, 220 кВ «Кайрақты» ҚС, 220 кВ «Ақшатау» ҚС, 220 кВ «Никольская» ҚС
|
9
|
Қостанай облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
1150 кВ «Қостанай» ҚС, 500 кВ «Сокол» ҚС, 500 кВ «Жітіқара» ҚС, 220кВ «Центральная» ҚС, 220 кВ «Қашар» ҚС, 220 кВ «Шығыс» ҚС
|
10
|
Қызылорда облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220кВ «Қызылорда» ҚС, 220 кВ «Жаңакқрған» ҚС
|
11
|
Маңғыстау облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
220 кВ «Бейнеу» ҚС
|
12
|
Павлодар облысының әкімдігі № 24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
1150 кВ «Екібастұз» ҚС, 220кВ «Центральная» ҚС, 220кВ «Строительная-1» ҚС, 220кВ «Строительная-2» ҚС, 220 кВ «Екібастұз» ҚС, 220 кВ «ЦРМЗ» ҚС
|
13
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі №24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
500 кВ «Аврора» ҚС, 220 кВ «Куйбышевская» ҚС, 220кВ «Красноармейская» ҚС
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі №24-01-12/1128, 12.02.08ж.
|
500 кВ «Шымкент» ҚС, 220 кВ «Шымкент» ҚС, 220кВ «Ванновка» ҚС, 220 кВ «Састөбе» ҚС, 220 кВ «Шолаққорған» ҚС, 220 кВ «Опорная» ҚС
|
15
|
Астана қ. әкімі А.У.Мамин мырзаға № 12-04/274, 20.02.08ж.
|
500 кВ «ОБТҚ» ҚС
|
16
|
Талдықорған қ., әкімі С.Е.Жылкайдаров мырзаға № 08/136, 19.02.08ж.
|
220 кВ «Талдықорған» ҚС , 220 кВ «Заводская» ҚС
|
17
|
Ұзынағаш п. әкімі Л.М.Тұрлашев мырзаға № 08-137, 19.02.08ж.
|
500 кВ «Алматы» ҚС
|
18
|
Үлкен п. әкімі Б.Ж.Рахимов мырзаға №08-134, 19.02.08ж.
|
500 кВ «ОҚМАЭС» ҚС, 220 кВ «Строительная» ҚС
|
19
|
Сарыөзек поселкелік округі әкімі Т.А.Жолғожанов мырзаға № 08-135, 19.02.08ж.
|
220 кВ «Сарыөзек» ҚС
|
20
|
Ақтөбе қ. әкімі С.К.Нокин мырзаға № 16/161, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Ақтөбе» ҚС
|
21
|
Орал қ. әкіміне № 16/160, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Орал» ҚС
|
22
|
Қарғалы ауданы, Бадамша с.әкімі М.С.Джумагазиев мырзаға № 16/159, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Кемпірсай» ҚС
|
23
|
Есіл ауд. С.А.Ерин мырзаға № 12-04/266, 20.02.08ж.
|
500 кВ «Есіл» ҚС
|
24
|
Атбасар ауд. әкімі А.В.Чириков мырзаға № 12-04/268, 20.02.08ж.
|
220 кВ «Атбасар» ҚС
|
25
|
Зеренді ауд. әкімі Е.Б.Сағдиев мырзаға № 12-04/269, 20.02.08ж.
|
1150 кВ «Көкшетау» ҚС
|
26
|
Ғабит Мүсірепов атындағы ауд. әкімі М.И.Тасмағанбетов мырзаға № 12-04/272, 20.02.08ж.
|
220 кВ «Куйбышевская» ҚС
|
27
|
Тайынша ауд. әкімі А.П.Маковский мырзаға № 12-04/270, 20.02.08ж.
|
220 кВ «Красноармейская» ҚС
|
28
|
Аққайың ауд. әкімі А.Ф.Шушамоин мырзаға № 12-04/267, 20.02.08ж.
|
500 кВ «Аврора» ҚС
|
29
|
Көкшетау қ. әкімі А.Н.Никитин мырзаға № 12-04/273, 20.02.08ж.
|
220 кВ «Көкшетау» ҚС
|
30
|
Макин қ. әкімі Ш.К.Шолахов мырзаға № 12-04/271, 20.02.08ж.
|
220 кВ «Макин» ҚС
|
31
|
Глубокое ауд. әкімі Д.К.Бейсенбаев мырзаға. № 07-22/338, 31.03.08ж.
|
500 кВ «Өскемен» ҚС
|
32
|
Семей қ. әкімі Айнабеков мырзаға № 07-22/340, 31.03.08ж.
|
220 №18 ҚС
|
33
|
Атырау қ. әкімі С.Ж.Нақпаев мырзаға № 01-16-295, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Атырау» ҚС
|
34
|
Өскемен қ. әкімі Ш.С.Буктугутов мырзаға № 07-22/339, 31.03.08ж.
|
220 «ТМК» ҚС
|
35
|
МСЭҚД, Атырау қ., У.З.Зейнуллин мырзаға № 01-16-478, 28.02.08ж.
|
220 кВ «Атырау» ҚС
|
36
|
Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы М.Г.Абдрахман мырзаға № 01-16-478, 28.02.08ж.
|
220 кВ «Атырау» ҚС
|
37
|
Теңіз селолық округі әкімі И.Б.Елтезеров мырзаға № 01-16-385, 28.02.08ж.
|
220 кВ «Теңіз» ҚС
|
38
|
Индер ауд. әкімі Н.Е.Мұхамбеталиев мырзаға № 01-16-293, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Индер» ҚС
|
39
|
Бейнеу ауд. әкімі Б.А.Азирханов мырзаға № 01-16-296, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Бейнеу» ҚС
|
40
|
Екібастұз қ. әкімі Н.А.Нәбиев мырзаға №1-20/306, 18.02.08ж.
|
1150 кВ «Екібастұз» ҚС, 220 кВ «Екібастұз» ҚС, 220 кВ «Строительная-1» ҚС, 220 кВ «ЦРМЗ» ҚС, 220 кВ «Центральная» ҚС
|
41
|
Павлодар обл., Солнечный п. әкімі
Е.Ш.Джумадиев мырзаға № 1-20/306, 18.02.08ж.
|
220 кВ «Строительная-2» ҚС
|
42
|
Қашар п. әкімі С.П.Прокофьев мырзаға № 13/316, 19.02.08ж.,
Рудный қ. әкімі Н.Я.Денинг мырзаға №13/571, 07.03.08ж.
|
220 кВ «Қашар» ҚС
|
43
|
Дружбенск селолық округі әкімі В.Г.Собко мырзаға № 13/316, 19.02.08ж
|
1150 кВ «Қостанай» ҚС
|
44
|
Таранов ауд. Юбилейный с/о әкімі К.К.Кубенов мырзаға № 13/316, 19.02.08ж.
|
500 кВ «Сокол» ҚС
|
45
|
Қостанай қ. әкімі Г.Т.Нұрмұхамбетов мырзаға № 13/316, 19.02.08ж
|
220 кВ «Центральная» ҚС
|
46
|
Жітіқара қ. әкімі А.Т.Әбенов мырзаға №13/316, 19.02.08ж
|
500 кВ «Жітіқара» ҚС
|
47
|
Төменгі Кайрақты п. әкімі К.Ж.Омартеге мырзаға № 09-4/339, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Қайрақты» ҚС
|
48
|
Қарағанды обл., Оскаровка п. әкімі М.К.Мұқанов мырзаға № 09-4/336, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Оскаровка» ҚС
|
49
|
Балхаш қ. әкімі К.Г.Тейлянов мырзаға №09-4/338, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Балхаш» ҚС
|
50
|
Сәтпаев қ. әкімі
К.С.Балмағамбетов мырзаға № 09-4/337, 15.02.08ж.
|
220 кВ «Никольская» ҚС, 220 кВ «Жезқазған» ҚС
|
51
|
Ақшатау п. әкімі Т.А.Шәріпов мырзаға № 09-4/347, 15.02.08г.
|
220 кВ «Ақшатау» ҚС
|
52
|
Ағадыр п. әкімі Ж.Д.Мағзиев мырзаға № 09-4/338, 15.02.08ж.
|
500 кВ «Ағадыр» ҚС
|
53
|
Оңтүстік Қазақстан обл., Төбеби ауд. әкімі Б.Көшербай мырзаға. №14-110, 18.02.08ж.
|
500 Шымкент ҚС
|
54
|
Кентау қ. әкімі Ж.Т.Торабаев мырзаға
|
220 «Мырғалымсай» ҚС
|
55
|
Оңтүстік Қазақстан обл., Отырар ауд. әкіміне
|
220 «Шолаққорған» ҚС
|
56
|
Шымкент қ., әкімі А.О.Орман мырзаға
|
220 «Шымкент» ҚС
|
57
|
Жамбыл обл., Қаратау қ. әкімі Б.С.Орынбеков мырзаға №14-109, 18.02.08ж.
|
220 кВ «Қаратау» ҚС
|
58
|
Жамбыл обл., Жамбыл ауд. әкімі М.А.Дүйсенов мырзаға №14-105, 18.02.08ж
|
500 кВ «Жамбыл» ҚС
|
59
|
Оңтүстік Қазақстан обл., Түлкібас ауд. әкімі Е.С.Сарманов мырзаға №14-106, 18.02.08ж
|
220 кВ «Ванновка» ҚС, 220 кВ «Сатөбе» ҚС
|
60
|
Оңтүстік Қазақстан обл., Созақ ауд. әкімі С.И.Абдикулов мырзаға №14-107, 18.02.08ж.
|
220 кВ «Шолакқорған» ҚС
|
61
|
Жамбыл обл., Сарысу ауд. әкімі Б.А.Мадикенов мырзаға
|
220 кВ «Опорная» ҚС
|
Достарыңызбен бөлісу: |