«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар


Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды



бет3/8
Дата24.09.2024
өлшемі39.47 Kb.
#503922
1   2   3   4   5   6   7   8
Адал еңбек

Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды. Бұл екінші міндет! Және өте өміршең! «Дамыған мемлекеттің бәрі толық зерттелген төл шежіресін дәріптеуге айрықша мән береді»,–дей келіп Қасым-Жомарт Тоқаев«Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағы әлі күнге дейін жарыққа шыққан жоқ. Өкінішке қарай, стратегиялық маңызы бар осы мәселе тәуелсіздік жылдарында толық шешімін таппады», – деген қынжылысын да алға тартты.
Және де жедел атқарылуға тиісті жұмыстарды да нақтылы атап көрсетті. Президентіміз алдағы уақытта жарық көруге тиісті жинақтың бірыңғай үлгіде безендірілуінен бастап, «көп томдықтың тілі – жеңіл, мәтіні – кез келген жастағы оқырманға түсінікті болуы керек», – деп мұның аса маңызды мәселе екендігін тіпті де орынды айтып отыр.
«Мәтіні – кез келген жастағы оқырманға түсінікті болуы керек!» Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтып отырғанына асқан жауапкершілікпен қарасақ етті. Кейде қазақ тілінде жарық көріп жататын тарихи кей жинақтардың мәтіні ауыр, түсіну қиынға соғып жататыны да жоқ емес, бар. Осы орайда, кейде сол дүниелердің авторларымен пікірлесе қалып, осы жайды айтсаңыз «ғылымның өз тілі бар» деп ақталған болады.
Мейлі, ол «ғылымның тілі ме», әйтеуір бәрі де қазақтың сөзімен айтылады ғой. Сондықтан да ғылыми әрі тарихи еңбектердің де кез келгені халыққа түсінікті боларлықтай қазақы ұғыммен жазылуы керек деп санаймыз.
Тарихи танымды кеңейту үшін Президентіміз өте бір өзекті мәселеге көңіл бөліп, баршамыздың назарымызды аударды. «Төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ» дей келіп, Мемлекет басшысы «Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет. Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн», – дегені әбден орынды.
Қазіргі уақытта ауылдарға, қала көшелеріне ат беруді сұраған, ұсынған талап-тілектердің кез келген әкімдікте ұзын-сонар «кезегі» қалыптасты. Кей жағдайда осы мәселе саясиланып та кетеді, кейде алауыздыққа да апарып жүр. Ендігі арада осыған жол бермес үшін ономастиканың жаңа бір тәртібін қалыптастырып, орнықтыру қажет.
Президентіміздің «Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы», – деп атап көрсетуі өте дұрыс.
Осыған орай,Үкіметтің жанынан ономастика комитетін құрса да болар еді. Жергілікті жерлердің бар талап-тілектерін саралап отыру үшін өте қажет бұл.
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет