Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................2-5
І тарау
Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері
-
Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі..........6-13
-
Оқу іс-әрекеттері және олардың шығармашылық жұмыстармен байланысы.......................................................................14-20
ІІ тарау
Бастауыш сыныпта технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту әдістемесі.
2.1. Технология сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бойында шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу мәселелері..............................................20-30
2.2. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері................................31-43
Қорытынды...........................................................................................................44-46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................47-48
Кіріспе
Ғылыми техникалық прогрестің даму нәтижесінде, қазіргі заманның мамандықтары күрделенек түсуде, еңбек сатысы қиындап көп өзгерістерге ұшырады. Кәсіпке үйрету, кәсіпке дайындау істері мамандарды шығармашыл әдістерге көшегу мәжбүрлейді. Қазіргі кәсіби мамандар барлық ақыл-ой мен қайрат, күш-жігерін жұмылдырып, қалыптасқан күрделі жағдайдан шапшаң бағдар тауып, туындаған мәселенің дұрыс шешімін шығармашылдықпен шеше білуге тиісті.
Бүгінгі күні бір ғана кәсіби мамандықты игерудің жеткіліксіз екендігі – дәлелсіз қабылданатын ақиқатқа айналғаны ешқандай дау тудырмайтыны сөзсіз. «Жігітке – жеті өнер де аз», - деп дана халқымыз тегін айтпаса керек.
Білгір, шебер, шығармашыл мамандар даярлау мәселесі, адамдардың жеке басының қабілеттілігін жетілдіріп, оның еңбек іскерліктері мен дағдыларын қалыптасатырумен тығыз байланысты. Адамның шығармашыл қабілеті іс-әрекет үстінде дамиды, әрі еңбек ету іскерліктері, дағдылары қалыптасу нәтижесінде жетіле түседі.
Еліміздің экономикасының өрлеуі, ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және тиянақты білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлау білуге қабілеттілігін талап етеді. Сондықтан да оқытудың, білім берудің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдіс жүйелерімен оқушылардың интеллектік шығармашылық іс-әрекеттерін ұштау, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өздігінен білім алуға үйрету болып табылады.
Мектеп оқушылары шәкірттерді білім жетілдіруге, жаңа білімді игеру әдіс-тәсілдеріне қанықтыруға алған білімдерін кейбір теориялық практикалық мәселелердің дұрыс шешімдерін таба білуге машықтандыруға үздіксіз назар аударуы қажет деп санаймыз.
Ендігі жерде білім беру жүйесі – ғылымда, техникада, өндірісте, экономикада, кәсіпкерлікте, бизнес саласында, басқаруда, батыл, жаңашыл, шығармашыл, қабілетті тұлғалар дайындауға, олардың ғылыми-танымдық бағыттағы іс-әрекеттерін өткірлеп, қоғам дамуына лайықты азаматтар тәрбиелеуге тиісті. А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Н.А.Менчикова және қазақ зиялылары: Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. өздерінің зерттеулерінде оқушылардың білім алудағы берілген материалды ой елегінен өткізуге бағытталған мақсаттарын олардың танымдық іс-әрекеттерімен байланыстырады [1,2,3,4,8] [5,6,7].
Оқыту процесінде оқу мәселелерін (проблемаларын) ғылыми жолдың «ізімен» шешудің үлкен үйретушілік, тәрбиелік мәні бар, өйткені белгілі жағдаяттарға құрылған оқу мәселелерін шешу арқылы оқушылар білімдерін толықтырады, мәселеге тереңірек үңіліп оның мәнісіне, қыр-сырына қанығып, бірден-бір дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін игереді, сонымен қабат шығармашылдық қабілеттерін дамытады, ой түюге, тиянақтылыққа, тереңділікке, жүйелілікке, жалпылылыққа, нақтыдан дерексіздікке өтуді үйренеді. Біздің елімізде 300-ден аса мамандық түрлері бар, соның 80 %-і экономика өзегі болып табылатын өндіріс пен ауылшаруашылығы мамандықтары болып табылады. Ғылым негіздерін жетік меңгермеген дүние мамандар бәсекеге түсе алатын өнім өндіруде шалағайлық танытады, ғылым мен техника, өндіріс, экономика дамуы кенжелейді, өркениет көшіне ілесіп, басқа елдермен теңбе-тең аяқ басу қиындай түседі [9].
Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу үшін өмірдің барлық саласында, белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін, жан-жақты жетілген, кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгерген шығармашыл тұлғалар қажет. Бұл тұлғалар бойында өжеттік, өткірлік, тапқырлық, алғырлық, ұшқырлық, шығармашылыққа құштарлық сияқты адами басты міндеті деп түсінгеніміз жөн.
«Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың көрегендік, даналық нақылы бүгінгі күнгі еліміздегі ұлы өзгерістер ісінде өзектілігін жойған жоқ деп есептейміз [11].
Оқушыға шығармашылық бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына ендірген қазақтың зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің бірі - М.Жұмабаев болды. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі» - деп атап көрсетіп, мұғалімдердің, шәкірттерінің ойлап үйренуіне көп күш-жігер жұмсау керектігін ескертті [5].
Белгілі ғалым Ю.К.Бабанскийдің пікірінше кез келген еңбектің шығармашылық сипаты бар, өйткені, ғылыми техникалық прогрестің барысында еңбек мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, машиналарды, технологиялық процестерді, техниканы оқып үйрену, оларды белгіленген мақсатқа орай орналастыру, жөндеу, түрлі операцияларды орындау және оларды жетілдіру тек шығармашылық іс-әрекеттер жәрдемімен жүзеге асырылады [14].
Шығармашылық еңбек - шығармашылық процестің өзімен және оның ішкі мазмұнының мән-мағынасымен астарлас, өзектес болып келеді.
Шығармашылық іс-әрекеттер қатарына кәсіпкерлікті, өнертапқыштықты, ғылымды, өнердің өзін және басқаларды жатқызуға болады. Шығармашылық жұмыстар және оның құраушыларының бәрінің түп-төркіні адамдардың, жеке тұлғаның мақсаткерлі іс-әрекеттері.
Өзінің іс-әректтерінің арқасында: адам заттық дүниені игереді, оның даму заңдылықтарын түсінеді;
Қоғамдық өмірдің, табиғаттың барлық құндылықтарына, өткендердің тәжірибесіне қанығады;
Осымен бір мезгілде ол заттық дүниені «құруды», жалғастырады, табиғатты өзгертеді, қоғамдық өмірді байытады;
Осындай күрделі түсіндіруші іс-әрекетінің арқасында адам өзін-өзі таниды;
Іс-әрекеті арқылы адам субъект ретінде, өзінің әлеуметтік болмысының көрінісін байқатушы ретінде жасампаздық тудырушы қайраткер ретінде көрінеді [10].
Іс-әрекеттің жалпы теориясын талдай отырып және оған сүйеніп, іс-әрекеті оқу процесінің негізі деген қорытынды жасаудың қателікке жатпайтынына көзіміз жетті. Оқу іс-әрекеті арқылы адамзаттың бұрынғы іс-тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Сонымен кәсіпкерлік шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі, ол шығармашылдық іс-әрекеттердің адамдарға пайдалы болуы, сол адамның қабілеттілігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Қабілеттілік – күрделі мәселе, оның сипаты, заңдылықтары, түрлері, жетілуі адамдардың іс-ірекетімен, мақсат-мұратымен тікелей байланысты. «Әр адам өз ісінің жетік шебері және маманы болуы үшін, сол іске немесе кәсіпке құмарлығы мен бейімділігі болады. Адамдардың мұндай дара ерекшелігі, белгілі бір іс-әрекетке жарамдылығы оның қабілеттілігін көрсетеді. Қабілетсіз адам болмайды, адам іс-әрекет інеғұрлым белсенді болса, оның қабілеттілігі де соғұрлым шыңдала түседі. Іс-әрекетсіз, белсенділіксіз, еңбексіз адам қабілетінің жетілуі мүмкін. Емес, тарихта өшпес із қалдырған адамдардың өзін даналық, ұлылық шыңына көтерген еңбек екені белгілі. Олар өздерінің шабытын ерен еңбекпен, үздіксіз төзімділікпен шақырып отырған» - деп түйіндейді белгілі профессор Құдайқұлов М.А. [15].
Жоғарыда келтірілген оқымыстылар мен ғылымдар пікіріне сүйеніп, еліміздің даму келешегін және қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық ахуалды, еліміздегі дайындалып жатқан мамандардың кәсіби сапасын ескере отырып, бүгінгі күннің биік талабымен үндес біз таңдаған «Бастауыш сыныпта технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту әдістемесі» атты диплом жұмысының тақырыбы білім сапасы жөнінде қоғамдағы қалыптасып келе жатқан алдыңғы қатарлы озық пікір-көзқарастарымен толық үйлеседі. Тақырыптың өзектілігіне деген күмән, күдіктерді сейілтеді деген сенімдеміз.
Өйткені бүгінгі күні оқыту процесінде оқытудың жаңа технологиялық әдістер жүйесі қалыптасты. Бұл әдістерде ғылыми таным амалдары арқылы оқушылардың пәнге, ғылым негіздеріне қызығушылығын арттыру, оларды ғылыми шығармашылық жұмыстарға икемдеу, жалпы болашақ кәсіптерге, кәсіпкерлікке ынта-ықыласын аудару, өмірдегі оң өзгерістерді түсінуге құлшынысын ояту бастауыш мектептен қалыптастыру міндет деп саналады.
Зерттеу нысанасы – бастауыш сыныптарда технология сабақтарында оқушыларға шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлерін оқыту процесі.
Зерттеу пәні – Технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлері жөніндегі білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу мақсаты – бұйым жасаудың - бұйым жасаудың әдіс тәсілдерді үйрету, осы бұйымды тиімді тәсілдермен құрастыру, оны әрлеу, безендіру әдістерімен таныстыру, кеткен шығынды, түсетін пайдалы есептеудің экономикалық әдістерін меңгерту, өз жұмысын бағалауға, бұйым сапасын, беріктігін анықтай білуге машықтандыру сияқты жұмыстардың тиімді амал-айла, әдістемелерін табу.
Зерттеу міндеттері:
-
Бұйым жасалатын ағаш, металл сияқты тағы басқа шикізаттардың қасиеттері, сапасы жөнінде арнайы әдебиеттердіоқып-үйрену;
-
Оқушыларды орындалатын жұмыстардың байыбына түсініп, атқарылатын істерді ой сүзгісінен өткізуді үйрету;
-
Әрлейтін, өңдейтін аспаптар мен құрал –жабдықтардың пайдалануына қауіпсіз, тиімді тәсілдерін табу;
-
Жасалатын бұйымды жобалаудың тиімді жолдарын іздестіру;
-
Бұйымды өңдеу, әрлеу, барысында міндетті түрде орындалуға тиісті қауіпсіздік ержелері мен шараларды үйретудің оңай жолдары мен амалдарын анықтау;
-
Жұмыс орнында оқушылар сөзсіз орындалуға тиісьі міндеттер тізімін жасау.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, ғылыми, ғылыми әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып, олардан тақырып бойынша керектіматериалдарды іріктеу.
2) Мектеп құжаттарын: оқушылардың күнтізбелік, сабақ жоспарларын талдау. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мерзімді баспасөзден озат тәжірибелі ұстаздардың тақырып бойынша пікірлеріне сыни тұрғыдан талдау жасау, бақылау жүргізу, пелагогикалық эксперимент, сұхбат жүргізу.
Зерттеу орны: мектеп.
Зерттеу болжамы: Технология сабақтарында оқышуларды шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстардың түрлерімен таныстыру олардың пәнге қызығушылығын арттырады, еңбекті сүюге дағдыландырады, мамандық таңдауға үйретеді, и еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілкке тәрбиелейді, ой түюге, қорытынды жасай білуге, өз ісінің нәтижесін бағалай білуге, кәсіпкерліктің қарапайым қыр-сырларын түсінуге баулиды, алғырлыққа, аңғарымпаздыққа үйретеді, шығармашылық ісіне ынтасын өсіреді, практикалық, тұрмыстық жұмыстардың мән мағынасына қанықтырады.
Зерттеу кезеңдері:
І. 2005 ж қыркүйек айына желтоқсан айының соңына дейін. Бұл кезеңде диплом жұмысының тақырыбы таңдалады, оны орандаудың жоспары жасалып кезеңдері белгіленеді. Тақырып бойынша әдебиеттердің тізімдері жасалынды. Оқытудың жаңа технологилық әдістері жөнінде мерзімді педагогикалық және арнайы ғылыми-әдістемелік баспасөздерден озық тәжірибе үлгілері жиналды.
ІІ. 2006 жылдың басынан сәуір айының соңына дейін. Бұл кезеңде тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалып, керекті материалдар терілді. Мектеп құжаттарын зерттеп жүргізілді, педагогикалық зерттеулер өткізіліп, оның нәтижелелерінің тиімділігі анықталды. Жиналған мәліметтерге талдау жүргізіліп, жұмысты баяндаудың логикалық жүйесі анықталып, мәтіні жазылды.
І Тарау
Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздемелері
-
Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі.
Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер жасауға , еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.
Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән ерекшеліктерінің жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады. Жаңа туылған нәресте - адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қтынас әзірше қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада қалыптасады.
“Жеке адамның өзіндік ерекшелігі, оның қызметі мен дүниетанымынан, мінез –құлқынан, мұрат-мақсатынан, талғамынан, сезімінен, қабілетінен, ынта қоюынан, дағды әдетінен байқалады”, - деп тұжырымдайды профессор Құдайқұлов М.А. [15].
Демек, жеке адамның басты белгісі оның әлеуметтік қызметінде, ал мәні әлеуметтік санасында. Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді бола бермейді. Жеке адам қоғамнан тыс дами алмайды, өйткені адамның дамуы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өзіне ғана тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы кәсібіне, іс-әрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықталады. Жеке адам психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару арқылы қалыптасады. Адам тек іс-әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік шеберлігі ұшталады, өмірлік белсенді позициясы нығаяды, өз кәсібі бойынша мол тәжірибе жинақтайды.
Кез келген кәсіптік қызмет қоғамдық еңбек процесінде дамытылады. Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің әрқашан қандай да бір қажеттіліктен туатыныны белгілі.
Адамның іс-әрекетінің негізгі формалары: ойын, білім алу, ақыл-ой еңбегі, ғылыми ізденістер, физикалық еңбек, өнер мен шығармашылықпен шұғылдану. Бұлардың қайсысы болса да белгілі бір мақсат-мұратқа, шетке бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның түрлі қажеттерін өтеу үшін, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталатын еңбек процесі деп тұжырымдауға болады.
Адамның қызметі әрқашан да қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан, оны орындауға қажетті білімімен және іскерлік пен дағдыдан құралады. Іс-әрекет пен білім алу, іскерлік және дағды өзара байланысты дамиды. Мысалы, адамның білімі, дағдысы, ебдейлігі белгілі бір қызмет үстінде қалыптасады, кейіннен олар іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі шартына айналады.
Адамның кез келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын қимыл-қозғалыстар мен амал- әдістердің дағдыға айналуы болып табылады.
Адам бойына дарыған бір дағды екінші бір дағдыны қалыптастыруға көмектессе, қайсы бірі бір-біріне кедергі келтіреді.
Дағды мен білім - екі түрлі процесс, олардың қалыптасу жолдары да түрліше. Дағды - динамикалық стереотип негізінде қалыптасса, білім - екінші сигнал жүйесі арқылы меңгеріледі [9,10,12,13].
Сонымен бірге адамның мақсаты мен ниеті әрқашан да белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдырады. Мақсатты іс-әрекет кезіндегі белгілі бір нәтижеге жету, ал ниетті сол нәтижеге итермелеуші күш деп түсіну керек. Сондықтан кез келген әрекет алдымен ниетке таладау жасаудан басталады. Ендеше ниет адамның іс-әрекетінің сырын ашатын кілт іспеттес.
Адам мақсатқа жету үшін түрлі құрал-аспаптарды, информацияларды, мәліметтерді, әртүрлі амал-тәсілдерді пайдаланады. Бұларды игеру үшін адамның белгілі бір білім дәрежесі, дағды мен іскерлігі болуы шарт деп санаймыз.
Іс-әрекет психологиялық, әлеуметтік категорияға жатады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда оның бірлік бөлігі - амал болса, мұның өзі операцияның элементі саналады, ал операцияны белгілі бір істі орындаудың тәсілі деп түсінуіміз керек.
Белгілі психолог К.К. Платоновтың зерттеулері негізінде, адамның кез келген іс-әрекетінің құрылымы мынадай схема түрін болады:
Мақсат – себеп – орындау тәсілі - нәтиже.
Адамның іс-әрекеттерінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері сан алуан. Ол жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасатындығы белгілі. Сондықтан қабілет іс-әрекеттің бейнесі ретінде түсіндіріледі. Адамның іс-әрекетінің жетілуі оның рухани әрі физикалық қабілетіне де байланысты. Өйткені адамның барлық қызмет түрлерінің шығу көзі саналы еңбек деп есептейміз.
Психолог ғалым В.С. Мерлиннің пікірі бойынша адамның қызмет түрлері бойынша өмірлік бағыты:
-
жеке басы мүддесінің өзгешеліктеріне;
-
алға қойған мақсаттарының ерекшелігіне;
-
өзінің қажеттілігін өтеуге;
-
жеке басының мақсат ұстауына байланысты жетілуі.
Қазіргі ғылыми -техникалық прогресстің қарыштап даму кезеңінде жеке бастың өмірдегі жетістіктері, белсенді еңбекпен, ғылыми жаңалықтарды игерумен, қабілет-дарынан жетілдірумен тікелей байланысты деп түсінеміз. Келтірілген жәйттерді ескере отырып жеке адамның іс-әрекетінің құрылымын философиялық және психологиялық түсіні тұрғсынан талдап көрейік.
Құрылым (структура) ұғымы философиялық категория, олай болса, іс-әрекет құрылымының құраушы элементтерін, олардың өзара байланыстарын, жеке ерекшеліктерінің тұтастығын анықтауға болады. белгілі психолог К.К.Платонов жеке адам іс-әрекетінің құрылымының төрт құраушысы бар деп санайды. Ғалым оның біріншісіне - жеке адамның өзіндік бағытын, өзгелерге қатынасын, моральдық бейнесін; ал екіншісіне – адамның іс-тәжірибесі арқылы меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын, үшіншісіне – ойлауын, қабылдауын, түйсігін, сезімін, есте сақтау қабілетін, төртіншісіне - адамның жеке басының темпераменттік қасиеттерін жатқызады.
Келітірілген құрылым элементтері жеке адамға қатысты динамикалық өзгерістерге ұшырайды; ал оның тұтас құрамды элементтері психологиялық функция ретінде қарастырылады. Аталған элементтер адамның жеке басының психологиялық қасиеттерін жинақтайды деп түсінеміз. Талданған динамикалық, функциональдық, психологиялық құрылым деп атауы сәтті шыққан.
Адамның жан-жақты үйлесімиді дамуы осы құрылымның барлық құраушыларының толық болуына тәуелді. Олардың бірінің әлсіз дамуы немесе кемдігі адамның жеке басының дамуындағы олқылықтарға соқтырары сөзсіз. Осындай олқылықтардың орын алуын немесе болуына адамдардың жеке басының әр түрлі кездесуі, олар: тиянақты, тындырымды, аңғарымды, пайымды, ойлы, ойсыз, айқын мақсатты, мақсатсыз, қызба мінезді, салқын қанды, еліктегіш, әершіл, ұяң, жалтақ, ерме, көнбіс, ұшқалақ, алғыр, шешімді, салмақты, отар, төзімді, іскер, т.с.с. болып келеді.
Адам, әсіресе, жастық шағында, өзінің мұқтаждары мен алға қойған рухани талап тілектерін өтеуге сара жол таба бермейді, оның түрлі қиындықтарға ұшырауы да заңды. Өйткені адамның материалдық қажеттері мен рухани мұраты өзінен-өзі пайда бола қоймайды. Оның таныммен тәрбиені, еңбек ету мен кәсіптік мамандықты игеруі, азаматтық және отбасылық үрдістерді меңгеруі, мінез-құлықты баулуы, іс-әрекеті арқылы қабілеті мен іскерлігін қалыптастыруы нәтижесінде жүзеге асырылады.
Сонда ғана адам басқалардың қимыл әрекетіне соқыр сеніммен еліктеуді қойып, өмірді өзінше саралайды. өмір мәнін ізденіс, іс-әрекет арқылы түсінеді. Олай болса адамның қабілеттілігі оның қандай іс-әрекетпен үздіксіз, белгілі бір мақсатпен шұғылдануын тәуелді деп айту ағаттық болмас еді. Іс-әрекет түрлері қабілеттілік те қоғам талабына, қоғам дамуымен байланыстырылады. Қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына қарай қабілеттілік те дамиды.
Елімізде нарықтық қатынастардың орнығуына қарай экономикада, өндірісте, ауылшаруашылығында тың өзгерістер, жаңа қатынастар пайда болды, осыған орай адамдардың ойлауы, іскерлігі, қабілеттілігінде де уақыттың жаңа талабына сәйкес игі өзгерістер байқалуда, ілкімді тұлғалар, іскер кәсіпкерлер пайда болды. Соның нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты артты, жастардың білімге, ғыдымға, іскерлікке ынта-ықыласы өсті. Елімізде техника, өндірісі, әдебиет, өнер, мәдениет, білім беру салаларында адамның қабілетін, дарынын, талантын дамыту үшін көптеген келесі істер атқарылуда, “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекет қамқорлығы аясында дарынды жастарды өркениетті дамыған елдерге барып, білім алуға жолдама беру, ғылымға, өнерге, білім саласына, ғалымдарға, өнер адамдарына, мұғалімдер мен дәрігерлерге жасалып жатқан қамқорлық осының айғағы болса керек.
“Қабілеттілік - адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының дара қасиеті оның ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім, іскерлік, дағдының белгілі бір жүйесі болу керек”, - деп тұжырымдайды елімізге белгілі педагог ғалым, профессор М.А.Құдайқұлов.
Ғалымның осы пікірін толық қуаттайтын мысал келтірейік. Мысалы, адам өзінің техникалық конструкциялық қабілетін дамыту үшін математиканы, физиканы, сызу т.б. ғылымдарда, конструкциялардың құрылысынан терең хабардар болуы керек, оларды практикада пайдалану іскерлігі мен құрастыру дағдысының болуы шарт деп есептейміз. Басқаша айтсақ білімі терең , икемід іскерлігі және дағдысы қалыптасқан адамның қабілеттілігі, яғни шығармашылық жұмысқа бейімділігі жақсы дамиды. Мүлде қабілетсіз адам болмайды, тек ол біреулерде күштірек, ал басқа біреулерде азырақ болуы мүмкін. Қабілет үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Көп жағдайда адамның қабілеттілігі іскерліктің қалыптасуына сәйкес дамиды. Демек, қабілеттілік пен іскерлік әрқашан өзара тығыз байланыста болады. сондықтан адамның қабілеті тек іс-әрекет жасау, белсенділік таныту, іскерлігін жетілдіру нәтижесінде ғана дамиды деп есептейміз. Біздің ойымызша қабілеттілік пен іскерлікті дзеректіліктің, аңғарымпаздықтың, ұйымдастырушылықтың, есте сақтағыштықтың, белсенділіктің маңызы зор.
Қабілеттілікті, іскерлікті, дағдыны жетілдіру адамның жас мөлшеріне қарамайды. Ол ұдайы ізденуге, жаттығуға байланысты [15].
Жоғарғы қабілеттілікті, қалыптасқан іскерлік пен дағдыны, ғылымдағы бесаппаптылықты Ш.Уәлизановтың өмірінен көруге болады. ол бірқатар Еуропа және шғыс тілдерін меңгерген, этнограф, фольклоршы, географ, ботаник, әлеуметтанушы, тарихшы, саяхатшы және әскери мамандықтарды игерген. Қазақ халқының сүйікті ұлы, дүниежүзіне белгілі ақыны Олжас Сүлейменов – геоглог, ақын, жазушы, дипломат, саясаткер екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар.
А
Ғылыми білімдер жүйеснің негізгі құрылымдық элементтері
дамның іс-әрекеті мен қабілеттілігін және іскерлігін жетілдіруде ғылыми білімді меңгерудің мәні зор. Ғылыми білімдер жүйесінің құрылымы 1-суретте көрсетіліп отыр.
1-сурет
Ғылыми проблемалар
Ғылыми фактілер
Ғылыми ұғымдар
Достарыңызбен бөлісу: |