БЕКІТЕМІН
"ADAM Media Group" ЖШС
Бас директоры
Д.А. Адам ____________
17 қазан 2013 жыл
“Turkvizyon-2013” халықаралық ән байқауына қатысу үшін
ұлттық іріктеудің ережесі
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы 17 қазан 2013 жыл .
-
Жалпы ереже
-
Бұл құжат "Turkvizyon - 2013" ән байқауының ұйымдастырушылары «RIMAS Televizyon Radyo Prodüksyon A.Ş» компаниясының бекіткен ережелері бойынша дайындалды. Байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі ТОО «ADAM MEDIA GROUP» компаниясы.
-
«Turkvizyon» байқауы әлемдік деңгейдегі заманауи телевизиялық өнім;
1.3. "Turkvizyon-2013" ән байқауы (ары қарай Халықаралық байқау) 2013 жылдың 15-22 желтоқсаны аралығында Ескішеһир қаласында (Түркия) өтеді: 18-19 желтоқсан 2013 ж. – жартылай финал, 21 желтоқсан 2013 ж. – ақтық мәре.
1.4. "Turkvizyon-2013" байқауына ұлттық іріктеуді, «Астана» республикалық арнасындағы тікелей эфирді "ADAM Media Group" ЖШС іске асырады. Ұлттық іріктеу Ескішеһир (Түркия) қаласында өтетін Халықаралық байқауда Қазақстанның атынан шығатын әнді таңдайды.
1.5. Қазақстанның халықаралық беделі үшін жобаның маңыздылығын ескере отырып, іріктеуге талантты орындаушыларды барынша көп қатыстыруды көздей отырып, іріктеу 2 кезеңнен тұрады деп шешім қабылданды: 1 – алдыңғы кезең (сарапшылар алқасы өтініш берген барлық қатысушыларды тыңдап, 12 әнді таңдауы), және 2 – жартылай финалдың кезең (Халықаралық байқауда Қазақстан намысын қорғайтын жеңімпаз бір әнді анықтау). Екі кезеңде де сарапшылар таңдауы тәуелсіз түрде жүргізілмек, демек таңдауын түсіндіру, онымен дауласуға, шешімді қабылдамауға болмайды.
2. Ұйымдастырушы және іріктеуді басқарушы, әділқазылар.
2.1. "ADAM Media Group" ЖШС – іріктеу кезеңінің ұйымдастырушысы және басқарушысы. Әділқазылар алқасын тәуелсіз және өз көзқарасына сәйкес құрайды, шараны өткізудің уақыты мен ретін жоспарлайды.
2.2. Әділқазылар құрамына мына саланың шеберлері кіре алады: музыка, телевизия, сценография, вокал өнері, шоу-бизнес менеджменті, журналистика және т.б. Оларды "ADAM Media Group" ЖШС жинайды. Әділқазылар қатысуға өтініш білдірген барлық үміткерлерді тыңдап, 12 үздік әнді таңдайды.
2.3. Әділқазылар қоғамдық жұмыс ретінде атқарып, шынайылық пен әділдік принціптерімен қазылық етеді.
3. Іріктеуге қатысушылар.
3.1. Іріктеуге әлі жарық көрмеген және "Turkvizyon - 2013" ән байқауының осы Ережелеріне сәйкес келетін әннің (сөзі мен әні) мүліктік иесі болып танылған орындаушылар ғана қатыса алады.
3.2. Іріктеуге қатысудың міндетті шарты қатысушының келесі талаптарды орындауы болып табылады:
- іріктеу өткізуде "Turkvizyon - 2013" ән байқауының осы Ережесінің және "ADAM Media Group" ЖШС көрсеткен шарттарын орындау;
- іріктеуге қатысатын әннің максималды ұзақтығы 3 минуттан (үш) 4 (төрт) минутқа дейін болуын қамтамасыз ету. "ADAM Media Group" ЖШС берілген уақыттан асқан кез келген әнді іріктеуден алып тастауға құқылы;
- бұрын жарық көрмеген қазақ тіліндегі әнді орындау;
- алдын ала жазылған, ешқандай вокалсыз немесе вокалдық иммитациясыз музыкалық сүйемелдеумен жанды дауыста ән орындау;
- ән орындау кезінде сахнада 6 (алты) адамнан артық кейіпкерлер болмауын (қойылым) қамтамасыз ету;
- ән орындау кезінде сахнада жануарлар болмауын қамтамасыз ету;
- әннің сөзі мен орындалуы іріктеудің немесе Халықаралық байқаудың беделіне нұқсан келтірмеуін қамтамасыз ету, яғни:
а) іріктеуге саяси немесе сол тақырыптас мәтіндер, ым-ишаралар, сөздер жіберілмейді;
б) ән мәтінінде немесе ән орындалу кезінде анайы немесе соған мағыналас сөздерді қолдану рұқсат етілмейді;
- Халықаралық байқаудың іріктеу кезеңі өтіп жатқан күні қатысушының жасы 18-ден асқанына кепілдік беру, шетелдік төлқұжатымен қамтамасыз ету.
3.4. Іріктеуге қатысушының әні “Turkvizyon-2013” Халықаралық байқауға қатысуға лайықты деп танылған жағдайда:
1) 2013 жылдың 1 желтоқсанына келесі ақпаратты әкеліп беруі міндетті:
Әннің 2 нұсқасы – әннің түпнұсқа мастер-жазбасы (кәсіби студиялық жазба), Халықаралық байқауда қалай орындалуы (әннің 2 CD жазбасы +);
Ешқандай вокалсыз немесе вокалдық иммитациясыз 2 нұсқа музыкалық аккомпанемент ұсыну (аккомпанементтің 2 CD фонограммасы);
Әннің мастер-жазбасының 2 түпнұсқасы (Халықаралық байқауда орындалуы) негізгі вокалсыз, алайда караоке нұсқасын жасау мақсатында бэк-вокал қосу (2 CD караоке нұсқа);
Халықаралық байқаудың ақтық мәресінде әнді орындаушының қалай орындайтынын толық суреттей алатын бейнеролик (режиссердің ішкі жұмыстарда қолдануы үшін) ұсыну (1 DVD жалпы лан, монтажсыз түсірілім);
Хабар таратушы-ұйымдастырушы делегация басшылары кездесуінде хабар таратушы-қатысушылар арасында тарату мақсатында алдын ала көріп, редакциялап, кассеталардың көшірмесін жасауы үшін Digi-beta, Beta SP немесе SX форматындағы кассеталарда ән бейнебаянының 2 нұсқасын ұсыну; *.
2) 2013 жылдың 1 желтоқсанына дейін ән туралы төмендегі ақпаратты беруі тиіс:
Әннің атауы;
Орындаушының есімі;
Композитор есімі;
Мәтін авторының есімі;
Жарыққа шығарушының есімі (Publisher);
Мастер-жазбаның иесі (Owner of the Master Recordings (copyright)
ISRC Codes – 1 – әннің толық нұсқасына, 1 – караоке нұсқасына;
Халықаралық байқауда әннің орындалу тілінде әннің мәтіні; орындаушының өмірбаяны мен жоғары сападағы (high resolution) суреті (CD-де);
Бар болса орындаушының логотипі (CD-де);
Концерттік нөмірлері, таныстыру бейнероликтері (DVD-ға енгізу/ғаламтор немесе ТВ трансляция үшін) (наdigiBeta және DVD);
Мәтін авторының қысқаша өмірбаяны (CD-де);
Әннің студиялық жазбасы (+) mp3 форматында;
Ән аккомпанементінің жазбасы (–) mp3 форматында;
Әннің бейнебаяны CD немесе DVD-де wmv форматында;
"ADAM Media Group" ЖШС ұсынатын толық, ережеге сәйкес толтырылған сауалнама;
Turkvizyon-ң ресми күнделіктерінде қолдану үшін орындаушы туралы бейнематериалдар.
3) Орындаушыға төмендегідей қосымша құрылғылар қажеттілігі туған жағдайда "ADAM Media Group" ЖШС тарапынан жазбаша өтініш:
Сахнада барабан құрылығысы/фортепиано немесе басқа аспаптардың және сахна әрлеуге қажетті басқа да дизайн элементтері қажет болуы; ешқандай аспап микрофонға жалғанбайды (өтірік микрофонның қолданылуы мүмкін);
3.5. Іріктеуге қатысушы оның әні “Turkvizyon-2013” халықаралық ән байқауына қатысатын болып таңдалған жағдайда, ән ресми тіркелген күннен бастап делагация басшылары кездесуінде жеңімпаз әннің мәтіні өзгермеуін, жеңімпаз есімі, топ атауы, әннің атауы және әннің орындалу тілі ауыспауын қамтамасыз етуі керек (бұл ақпараттың барлығы брошюра, CD мұқабасы мен буклеттерге жазылады);
3.6. “Turkvizyon-2013” ән байқауының Ережелері, "ADAM Media Group" ЖШС-ң іріктеуге қатысты талаптары қатысушы тарапынан бұзылған жағдайда "ADAM Media Group" ЖШС үміткер әнін ешқандай ескертусіз іріктеуге қатыстырмауға құқылы.
3.7. Қатысушының іріктеуге/Халықаралық байқауға шығаратын шығынын "ADAM Media Group" ЖШС төлемейді.
4. Іріктеу кезеңдері (Концепция).
4.1. Іріктеу 2 кезеңнен тұрады.
4.2. Қатысушының ақтық мәреге өтуінің басты шарты – қатысушы "ADAM Media Group" ЖШС-не авторлық құқықты шексіз беретін келісімге отыруы.
5. Іріктеуден өткен жеңімпаз әнді анықтау үрдісі
5.1. Жеңімпаз ән іріктеудің финалында көрерменнің интерактивті дауыс беруі арқылы анықталады (sms).
5.2. Көрерменге сүйікті әнге дауыс беру үшін смс-хаттар жолдау керектігі айтылады. Дауыс беру нөмірлері "ADAM Media Group" компаниясы сайтында жазылып, іріктеудің тікелей эфирдегі ақтық мәресі кезінде экраннан көрсетіледі. Бір телефон нөмірінен бір қатысушыға бір ғана дауыс есептеледі. Одан кейінгі смстер дауыс санау кезінде есепке алынбайды.
5.3. Іріктеудің ақтық кезеңінде телекөрерменнің интерактивті дауыс беруімен ең жоғары ұпай жинаған ән жеңімпаз атанады.
5.4. Екі немесе одан да көп ән бірдей дауыс жинаған жағдай туындаса, әділқазылардан жоғары ұпай жинаған ән жеңімпаз деп танылады.
5.5. Іріктеудің ақтық кезеңінде жеңімпаз ән аталған сәттен бастап іріктеу кезеңі аяқталды деп саналады.
6. Қорытынды ереже.
6.1. Іріктеу ашық түрде жүргізіледі.
6.2. Іріктеу жұмыстары туралы барлық қажетті ақпараттар, әділқазылар шешімі, іріктеу қорытындылары іріктеу туралы ақпарат таратуға келісім берген БАҚ-да, сонымен қатар Іріктеудің немесе "ADAM Media Group" ЖШС-ң сайтында жарияланады.
6.3. "ADAM Media Group" ЖШС Іріктеу шарттарын өзгертуге құқылы (Іріктеу кезеңдерін азайтуға немесе көбейтуге)
6.5. Егер "ADAM Media Group" ЖШС ықпал ете алмайтын жағдайлардан Іріктеу жұмыстарын өткізу мүмкін болмаса, "ADAM Media Group" Іріктеу өткізу шараларынан бас тартуға құқылы.
* Бейнебаян дайындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушының ұлттық іріктеудің ақтық мәресінде өнер көрсеткен бейнеролигі ұсынылады. Digi-beta, Beta SP инемес SX форматындағы 2 кассетада; Бейне форматы - 16:9
Достарыңызбен бөлісу: |