АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған оқу – әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – сырттай және күндізгі бөлімдерде оқитын 2,3,4, курс студенттеріне «Тұлға аралық қарым қатынасты психологиясы» курсы бойынша қарым-қатынас және дамуының негізгі этаптары, қарым-қатынас психологиясының шығуы және даму сұрақтарын меңгеруіне көмек беру.
Студенттерге осы оқу құралы психология ғылымның қарым – қатынас бөлімі қарым – қатынас құрылымын, құралдарын және түрлерін меңгеруін қалыптастырады.
Оқу – әдістемелік құрал болашақ педагогтардың кәсіби дайындығына психологиялық негіздер беретін категориялық аппаратты қалыптастыруға және бекітуге мүмкіндік береді.
Адам қоғамда өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың басқа мүшелерімен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлі байланысты сезінеді.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейді; адамдардың бір-бірін қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлілегінде, олардың пайда болуының негізгі қайнар көзі болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін. - Джон Дэвисон Рокфеллер.
Тұлға аралық қарым қатынасты психологиясы
Жоспар:
Тұлға туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |