Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамыту бағыттары:
адамгершілік тәрбие, патриоттық тәрбие, еңбек тәрбиесі;
Әлеуметтік-эмоционалды дағдылардықалыптастырудың мақсаты:
тәрбиеленушілерді оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту,рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
Балалардың дербес әрекеті, балалармен жеке жұмыс жоспарланатын құжатты белгілеңіз:
циклограмма.
Баланы толыққанды дамыту:
қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, достық қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі;
Баланың қажеттіліктері:
ойынға, қимыл-қозғалысқа, таңдауға, өз өмірін бақылауға, пайдалы іс-әрекетке, жақын жылы қарым-қатынас жасауға, араласуға, жаңа нәрсе жасауға, зерттеуге, эксперименттерге, танымдық белсенділікке қажеттілік;
Бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастыратын мектепке дейінгі ұйымдардың түрін көрсетіңіз:
бөбекжай-бақша;
Бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады және балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік және физиотерапиялық емдеуді, сауықтыру-профилактикалық шараларды (шынықтыруды,
емдік дене шынықтыруды, массажды) жүргізетін мектепке дейінгі ұйымдардың түрін көрсетіңіз:
санаториялық бөбекжай-бақша;
Бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйымдардың түрін көрсетіңіз:
арнайы бөбекжай-бақша
Дамытушы немесе түзету шаралары енгізілетін құжат:
баланың жеке дамыту картасы;
Дамытушы орта:
заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (бұдан әрі – ерекше балалар):
тиісті деңгейде және қосымша білім алу үшін арнайы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілігі бар балалар;