Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары



Дата09.12.2022
өлшемі14.7 Kb.
#466933

Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

1. Адвокаттар алқасының түсінігі және маңызы.


2. Адвокаттар алқасының органдары.
3. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі.
4. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

Адвокаттар алқасы – адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес құрылым.


Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. 2019-жылғы 5- шілдедегі Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заңының 20-бабына сәйкес адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, осы Заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
Адвокаттар алқасы коммерциялық емес, өйткені ол мүшелікке негізделіп, негізгі мақсаты ретінде кіріс алмайтын және өз мүшелері арасында таза табысты бөліспейтін және адвокаттар қорғау-ақысының аударымдары есебінен ұсталатын ұйым. Алайда адвокаттар алқасы коммерциялық ұйым емес ретінде кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана алады, өйткені бұл оның жарғылық мақсаттарына сай келеді. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қызметінен түскен кіріс адвокаттар алқасы мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Адвокаттар алқасының тәуелсіздігі оның қызметіне, заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, сот, анықтау және алдын ала тергеу органдары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейтіндігінде.
Алқаның кәсібилігі – оның тек адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған тұлғалардан құралатындығында. Алқаға мүшелікке Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заң білімі, адвокаттық кызметті жүргізу құқығына лицензиясы бар тұлға қабылданады. Лицензияны тестілеу жолымен біліктілік емтихандарының нәтижесі бойынша аттестациялық комиссия ұсынысы негізінде Әділет министрлігі береді. Жеткіліксіз біліктілік салдарынан адвокат өзінің кәсіби міндеттемесін атқаруы мүмкін емес жағдайда лицензия қайтадан алынуы мүмкін. Кәсіби міндеттемесін атқаруы мүмкін еместігін анықтау мақсатында олардың кәсіби білімінің, құқықтық мәдениетінің және адвокаттық әдеп нормаларын сақтаудың деңгейін анықтау үшін адвокаттар алқасы бес жылда бір рет адвокаттарға аттестациялауды жүргізеді. ҚР ҚЖК 71-бабында көзделген жағдайда қылмыстық істі жүргізуде корғаушы ретінде адвокат әрекет етеді, бұл туралы адвокаттар алқасы үшін міндетті қаулы шығарылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет емес. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әр адамның білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұдан мемлекеттің азаматта адвокат еңбегін төлеу үшін қаражаты болмаса да оны қорғауды қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алатындығы көріп отырмыз. Мемлекет тұлғаны бір уақытта қылмыстық жауапкершілікке тарта да, және қорғай да алмайды. Азамат пен ұйымның мүддесін қорғау және білдіру адвокаттар алқасының нысанында әрекет ететін, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктер мен өзге ұйымдардан тәуелсіз адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институттың міндеті болып табылады. Нақ осы міндет кәсіби заңгерлердің ұйымы ретінде адвокаттар алқасына жүктеледі. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүргізеді. Облыс, республикалық маңыздағы қала, астана аумағында адвокаттар алқасы болмаса, ол адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына мемлекеттік лицензиясы бар кемінде он құрылтайшының бастамасымен құрылады.
Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерінің Жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы – төралқа, бақылаушы органы – тексеру комиссиясы болып табылады.
Жарғыда көзделген жағдайларда адвокаттар алқасында алқа мүшелерінің Жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын ережелер негізінде іс-әрекет ететін өзге де органдар құрылады.
Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметінің кез келген мәселесін шешуге құқылы. Осылайша 1997-жылғы 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретіне мыналар жатады: адвокаттар алқасының Жарғысын қабылдау және Жарғыға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдау; төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау және т.б. (барлығы сегіз өкілеттік), оның ішінде адвокаттардың, адвокаттар алқасы органдарының, басшылары мен қызметшілерінің шешімдеріне шағымдарын қарау.
Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы төралқасының бастамасы бойынша жылына кемінде бір рет шақырылады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелері жалпы санының кемінде төртен бірінің талабы бойынша алқа төралқасы отыз күннің бойында Жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға міндетті.
Сонымен адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы – төралқа, бақылаушы органы – тексеру комиссиясы болып табылады. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқығы қылмыстық істер, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге істер бойынша, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдарға заңнамада тыйым салынбаған заң көмегінің басқа түрлерін көрсетуде жеткілікті.
Адвокат қорғаушы немесе өкіл ретінде іс-жүргізу заңнамасына сәйкес құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған барлық соттарда, мемлекеттік және басқа органдар мен ұйымдарда заң көмегін көрсетуге, өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет