Аға оқытушы Акитбаева Н. К., Козыбаева А. К, Шакаримова Қ.Қ


«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсын оқыту барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар



бет3/16
Дата05.09.2023
өлшемі77.84 Kb.
#476573
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Силлабусс ТиМВР каз

«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсын оқыту барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:

  • Қазақстан азаматына сəйкес адамзаттық жəне ұлттық құндылықтар негізінде сыныпта, мектепте тəрбие жұмыстарын жобалау, жоспарлау жəне өткізу;

  • мақсат пен міндеттерді, сонымен қатар тəрбиеленушілердің жастық жəне жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тəрбиенің түрлерін таңдау;

  • тəрбиенің əдістері мен тəсілдерін вариативті қолдану, тəрбиені ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау жəне пайдалану;

  • сынып ұжымын қалыптастыру үрдісіне педагогикалық басшылық жасауды жəне басқаруды жүзеге асыру;

  • сынып сағаттарын, ҰШІ-ті жəне əр түрлі бағыттағы тəрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;

  • тəрбиенің инновациялық технологияларын, оның ішінде қиын балаларды тəрбиелеу мен қайта тəрбиелеу əдістерін таңдау жəне пайдалану;

  • ата-аналармен тиімді ынтымақтастық формаларын таңдау;

  • дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;

  • сыныпта жəне мектепте кəсіптік бағдар беру жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру жəне өткізу;

  • тəрбие үрдісінің тиімділігін зерттеу жəне оны əдістемелік

  • қамтамасыздандыру.

«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсын оқыту үдерісінде студент іс-əрекетті жүзеге асыруға теориялық əрі практикалық дайындығын жəне оның кəсібилігін сипаттайтын көрсеткіштерінің бірлігі ретінде жалпыпедагогикалық, əлеуметтік-тұлғалық, пəндік жəне т.б. құзыреттіліктерді меңгеруі қажет.
3. Курстың пререквизиттері. «Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесін» курсын оқып-үйренудің алдында мынадай пəндер оқытылуы тиіс: «Мəнгілік Ел», «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика», сонымен бірге «Психология», «Оқушылардың физиологиялық дамуы», «Өзін-өзі тану».
4. Курстың постреквизиттері. Пəнді оқыту студенттердің мамандық бойынша əдістемелік пəндерді жетік меңгеруіне жəне педагогикалық (өндірістік) практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет