3. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымдағы мәңгілік өмір мәселесі. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы
Адам – қоғамдық (әлеуметтік) жаратылыс, ал бүкілқоғамдық өмір – адамдардың өз қызметі. Жеке және қоғамдық міндеттер адам қызметіне енеді, оларды ол өз өмірінің мақсаттары ретінде ұғынады. Міне, осы мақсаттар мен құндылықтардың ұғынылатындығы өмір мағынасының субъективтік жағын, яғни оны адамның өзі қалай көретінін құрайды. Өмір мағынасының объективтік жағы – бұл оны қоғамның қалай көретіндігі. Қоғам адамның өз өмірінің мағынасын оның (қоғамның) стратегиялық мақсаттарына барынша қолдау жасауынан көруіне мүдделі, алайда бұл ретте адам, тіпті гуманистік мақсаттарға қол жеткізуде болсын, құрал ретінде ғана пайдаланылмауы тиіс.
Тақырып бойынша бақылау сұрағы экзистенциализм қарастыратын мәселесі? 9 Дәріс. Этика. Құндылықтар философиясы Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері..
2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері..
3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділеттілік мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәуба», «әділет», «сабыр» категориялары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |