2015 жылғы қаңтар-қазандағы Ақтөбе облысындағы
демографиялық ахуал
Ағымдағы деректер бойынша 2015 жылдың 1 қарашасына облыс халқының саны 832,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 520 мың (62,5%), ауылдық жерде – 312,4 мың адам (37,5%).
2015 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 9,8 мың адамға немесе 1,20%-ға көбейген.
Халықтың табиғи өсімі
2015 жылғы қаңтар-қазанда облыс халқының табиғи өсімі 12 мың адамды құрады, туылған балалар саны 16,6 мыңға жетті. 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда табиғи өсім 0,6%, туылғандар саны 0,6 %, өлгендер саны 0,4%-ға көбейді. Некелер саны 10,3%-ға азайды, ажырасулар саны 0,4%-ға кобейді.
адам
|
2014 жылғы
қаңтар-қазан
|
2015 жылғы
қаңтар-қазан
|
2015 жылғы қаңтар-қазан
2014 жылғы қаңтар-қазанға
|
(+,-)
|
%
|
Туылғандар саны
|
16 526
|
16 617
|
91
|
100,6
|
Өлгендер саны
|
4 607
|
4 624
|
17
|
100,4
|
Табиғи өсім
|
11 919
|
11 993
|
74
|
100,6
|
Некелер саны
|
6 704
|
6 013
|
-691
|
89,7
|
Ажырасулар саны
|
2 032
|
2 040
|
8
|
100,4
|
2015 жылғы қаңтар-қазанда халық санын 1000 адамға шаққанда:
– туылғандар саны – 24,08 сәби (2014 жылғы қаңтар-қазанда – 24,32);
– өлгендер саны – 6,70 адам (2014 жылғы қаңтар-қазанда—6,78);
– табиғи өсім коэффициенті 17,38 промилле құрады (2014 жылғы қаңтар-қазанда – 17,54 промилле).
Халықтың көші-қоны
Облыс ішінде тұрғындардың көшуін қосқанда, келгендердің жалпы саны 11118 адамды құрады, кеткендер саны – 13274 адам (2014 жылғы қаңтар-қазанда 16612 адам келген, 16824 адам кеткен). Көші-қон сальдосы 2015 жылғы қаңтар-қазанда - -2156 адамды, 2014 жылы – -212 адамды құрады.
Республикадан тыс жерлерден облысқа 179 адам келген, ал 613 адам кеткен. (2014 жылғы қаңтар-қазанда Ақтөбе облысына келгендер саны 308 адам, ал облыстан кеткендер саны – 446 адам).
2015 жылғы қаңтар-қазанда шетелден Ақтөбе облысына 111 қазақ, 29 орыс, 13 украин. Осы кезеңде облыстан Қазақстаннан кеткендер саны – 49 қазақтар, 352 орыстар, 98 украиндер.
Өңіраралық көші-қонда есеп беру кезеңінде келгендер саны 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 23,1% азайды (2015ж. - 3528 адам, 2014ж. – 4587 адам), кеткендер саны 12,6 % көбейді (2015. – 5250 адам, 2014ж. – 4661 адам), көші-қонның сальдосы - -1722 адамға құрады (2014ж. - -74 адам).
2015 жылғы қаңтар-қазанда облыс шегінде мекен-жайын өзгерткендер саны 7411 адамды құрады, 2014 жылғы қаңтар-қазанда - 11717 адам, немесе 36,8 % аз.
Орындаған:
|
Департамент басшысы
|
Мекен-жайы:
|
Жаналина Л.
|
Жекеев Қ. С.
|
030020, Ақтөбе қ.
|
Тел. (7132) 542907
|
Тел. 544221
|
Әбілқайыр хан д. 25
|
|
|
|
© Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Достарыңызбен бөлісу: |