Абай Құнанбайұлы және әлемдік өркениет



Дата14.09.2022
өлшемі13.44 Kb.
#460730
Абай Құнанбайұлы және әлемдік өркениет


Абай Құнанбайұлы және әлемдік өркениет
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ‒
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой‒
Бес асыл іс көнсеңіз.
Өркениетті қалыптастырушы фактор‒ел, халық. Халықтың негізі‒Адам, бірақ кез келген адам халықтың ой‑санасын жаңғыртып, жаңа ілім қалыптастырып, рухани байлық көзі болып, «Ұлы» деген атаққа ие бола алмайды. Көршілес Қытай елі өздерінің ұлы тұлғасы ретінде Конфуцийді таныса, Орыс халқы А.С Пушкинді, ал Қазақта сөзсіз Абайды айтамыз.
Адамзат дамуының қай кезеңін алсақ та білімділік, жаңашыл, тың идея мен адамгершілік құндылықтар басты жетістік саналады. Жас ұрпақ тәрбиесінде Абай философиясының орны ерекше, өз кезегінде ақын өскелең ұрпақты уақыттың, жастық шақтың, ілім‑ғылымның қаншалық қымбат екенін өлең‑сөзбен түсіндіре отырып, бағалай білуге шақырады. Келешектің бес дұшпаннан аулақ болып, бес асыл істі мақсат еткенін қалайды. Адамның өмірге келуінің мән мағынасынан бастап, әлемнің белгілі бір заңдылық бойынша тіршілік ететінін, адамды басқаратын‑ қайрат, ақыл, жүректі, қазақтың қанында бар асыл қасиеттері туралы, бала тәрбиесі‑ұлт тәрбиесі туралы көптеген өзекті тақырыптар айтылған Абай Құнанбайұлының «қырық бес қара сөзі» өшпес мұра, асыл қазына! Осындай өнегелі өмірі, бар халық үшін туған қайталанбас тұлғаның жүріп өткен жолын болашаққа жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Екінің бірі батылы барып, қолынан келетін шаруа емес. Мұхтар Әуезовты әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» роман‑эпопеясы әлемнің 116‑дан астам тілдеріне аударылған. Дүние жүзі Абайдың өмірі арқылы қазақ халқын танып, өмір тіршілігінен хабар алып, таңданыстарын жасыра алмаған. «Абай жолын» оқыған Бенджамин Матип «қазақ неткен ғажайым халық» десе, Константин Федин өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалған. Осы сияқты әлемнің түкпір‑түкпірінен өз әсерлерімен бөліскен оқырмандар қаншама. Абайдың білім жолындағы, ағартушылық саласындағы, өнер мен саясаттағы ұстанымдары мен жеткен жетістіктері, бізге қалдырған мұрасы қазақтың ғана емес әлемнің асыл қазынасына айналды.
2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай елімізде «Қазақфильм» киностудиясы «Абай жолы» сериалын жарыққа шығарды. Көрермен назарына жол тартқан сериал көпшіліктің ықыласына бөленді!
Бар болғаны 58 жыл ғұмырында Абай атамыз қалыптастырған мәдениет, өнер‑білім шыңы әлі күнге төбесі аспанмен таласқан шыңдай! Абайды танымай қазақты таныдым дей алмаймыз, сондықтан да Абай‒ дана, дара, «Ұлы» тұлға!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет