Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 11-00-де



Дата07.07.2016
өлшемі27.62 Kb.
#182802
Баспасөз-тур


Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында (1.6. – тармақ, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері, сондай-ақ энергоөндіруші компаниялар тарифтерінің айқын құрылуы, тарифтер өсімінен алынатын қаражатты мақсатты қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану), «Жетісу Су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Су құбыры-кәріз нысандарының инвестициялық шаралары жөніндегі 2013 жылға арналған жоспары бойынша және инвестициялық бағдарламаның орындалуын таныстыру мақсатында, «Жетісу Су құбыры» ҚМКК «Ауыз су сапасын бақылау жөніндегі» зертханада және «Бас» бас тоған құрылысында БАҚ өкілдері үшін баспасөз-турын өткізді. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 11-00-де өткізілген шараға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері, Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары, табиғи монополия субъектілерінің және Талдықорған қаласының қалалық қоғам өкілдері қатысты.

Инвестициялық бағдарламаның негізгі жобалары – су құбыры және су бұру желілері мен құрылыстарын қайта құру, тозған жабдықтарды ауыстыру, сондай-ақ арнайы техника мен автокөлікті сатып алу болып табылады. Осы бағыт сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің сенімділігін, тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету кезінде қауіпсіздік пен үнемділікті арттыруды қамтамасыз етеді, «Жетісу Су құбыры» ҚМКК материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді, бұл өндірістік үрдісті жедел басқаруды арттыра түседі.


Осы инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Капель» капиллярлық электрофорез жүйесі сатып алынды. Зертхана меңгерушісі Зиновьева Наталья Юрьевна жаңа жабдықты таныстырды, бүгінгі таңда «Капель» толығымен компьютер арқылы басқарылатын КАПЕЛЬ сериясындағы ең соңғы заманауи үлгі болып табылады, ол электрофоретикалық мәліметтерді қосымша жинауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Толығымен автоматтандырылған үрдіс - зертхана персоналын өзге, неғұрлым маңызды мәселелерді орындау үшін, қалыптасқан жұмыстан босатады.



«Бас» бас тоған құрылысында «Жетісу Су құбыры» ҚМКК директоры Ким Валерий Федорович инвестициялық бағдарламаның негізгі жобаларына тоқталды, аталған жобалар ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің «2013-2015 жылдарға Талдықорған қаласының Жетісу Су құбыры» ҚМКК үшін инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 шілдедегі бұйрығымен бекітілген. Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарлама шеңберінде бірқатар шаралар атқарылды, мысалға: «Бас» бас тоғанындағы екінші көтерімнің (№1) сорғы станциясында сорғы агрегаттары мен тиекті-реттеуіш арматураны ауыстыру, «Бас» бас тоғанындағы екінші көтерімнің (№2) сорғы станциясында сорғы агрегаттары мен тиекті-реттеуіш арматураны және технологиялық құбыр жолдарын ауыстыру, павильондарды бөлшектеу, құдықтар мен арматураны құрастыру арқылы «Бас» бас тоғанның ұңғымаларын қайта жабдықтау, тиекті-реттеуіш арматураны және технологиялық құбыр жолдары учаскелерін ауыстыру арқылы «Бас» бас тоғандағы алаңішілік су құбыры желілерін жөндеу, құбыр жолы учаскелерін ауыстыру арқылы және тиекті-реттеуіш арматураны ауыстыру арқылы (ұзындығы 0,7 км) су құбыры желілерін жөндеу, қосу нүктесінде тиекті арматура орнату арқылы Жансүгіров көшесі бойындағы магистральдық үлкен су құбырына ажыратушы су құбырларын қосу, «Қаратал-2» КСС, «Қаратал-3» КСС, «Тәуелсіздік 124» КСС сумен жабдықтау желілерінде көтерімді сорғы станцияларын күрделі жөндеу, «Ғарышкер» КСС қалпына келтіру, электрқозғалтқыштарды статорлық орамды ауыстыру арқылы күрделі жөндеу, кабель желілерін жөндеу, электр күш беруші жабдықты ауыстыру, өзгелер (жабдықтарды ауыстыру).

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысы туралы түсіндіру жұмысы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігі мониторингісін жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүргізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет