Агроценоздар мен агроэкожүйелер



Дата13.06.2016
өлшемі54.2 Kb.
#133269
Агроценоздар мен агроэкожүйелер.

    Агроценоздар.  Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлерде түзiлетiн биоценоздар агроценоздар деп аталады. Олардың табиғи бiрлестiктерден бiрнеше айырмашылығы бар, бiрiншiден оған кiретiн түрлер саны аз, және екiншiден, бұл бiрлестiктiң негiзгi мүшесi – мәдени өсiмдiктердiң бәсекелестерi мен зиянкестерiне қарсы тұру қабiлетi төмен. Мәдени өсiмдiктердiң селекцияда адам пайдасына қарай өзгергенi соншалықты, адамның көмегiнсiз тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шыға алмайды.

 Агроценоздарға адамзат көп энергия жұмсайды (адамдар мен жануарлардың бұлшықеттi энергиясы, тыңайтқыш себу және қосымша суғару жұмыстарына жұмсалатын энергиямен байланысты ауылшаруашылық машиналарының жұмысы және тағы басқа). Табиғи биоценоздар энергияның мұндай қосымша түрiн сiңiрмейдi. Егiндiктерде өсiмдiктiң бiр түрiн өсiредi. Шаруашылықты көзқарас жағынан, үлгiлi агроценоз бiр ғана түрден, ал үлгiлi қоректiк тiзбек екi буыннан тұруы керек едi: өсiмдiк – адам немесе өсiмдiк – үй жануарлары. Бiрақ мұндай жүйе табиғатта болмайды, өйткенi ол тұрақсыз. Егiндiкте егу жұмысынан соң, егiнге үздiксiз антропогендi әсер жағдайында тiрiшiлiк етуге қабiлеттi түрлерден тұратын әртүрлi бiрлестiктер түзiледi. Үш-төрт буыннан тұратын тiзбектер түзiледi, түрлер арасында бәсекелестiк өзара-қатынас және басқа да қатынас түрлерi қалыптасады. Мысалы, егiндiктегi бидай өсiмдiгiнде орташа шамамен буынаяқтылардың 300-ге жақын түрлерi кездеседi. Сонымен бiрге, ол жерде кемiрушiлер, құстар, әртүрлi саңырауқұлақтар, топырақтағы омыртқасыз жануарлар, бактериялар, арам шөптердiң көптеген түрлерi мекен етедi. Сонымен, агроценоздарда жүздеген және мыңдаған түрлер өзара әрекеттескенмен, бұл әртүрлiлiк табиғи бiрлестiкке қарағанда аз. Адамның арам шөптер мен мәдени өсiмдiктердiң зиянкестерiмен күресте бумеранг эффектiсi түзiледi. Қазiргi кездегi ауылшаруашылығында өсiмдiктi қорғаудың әртүрлi химиялық заттарын –пестицидтердi қолданады. Сонымен, агроценозда түзiлген реттеушi байланыстар бұзылады. Қоректiк тiзбектiң жоғарғы деңгейiнде тұрған жыртқыштар мен паразиттер өзi қоректенетiн түрлерге қарағанда уларға сезгiштiгi жоғары болады. Реттеушiлерден босатылып қалған зиянкестер санның одан әрi жаңа көбеюiне әсер етедi.

    Бұл экологиялық тұйықтың бiрғана жағы бар - агроценоздарды шексiз қарапайымдандыру, олардағы жеке түрлер санын реттеу. Егер қоректiк тiзбекте - өсiмдiкқоректi жәндiктер - паразит соңғы буынды арттырса, онда бұл өнiмнiң сақталуына әкеп соқтырады.

    Зиянкестердiң санын азайту үшiн тiрi организмдер – жыртқыш немесе паразит насекомдарды, жәндiкқоректi немесе жыртқыш құстарды, бактерияларды, вирустарды және тағы басқа пайдалануды – күресудiң биологиялық әдiсi деп атайды. Жеке түрлердiң санын тұрақты реттеудi тек күрделi бiрлестiк қана жүргiзе алады. Егер ол егiндiкте дамыса, онда мәдени өсiмдiктердiң өнiмi төмендейдi, өйткенi оның бiр бөлiгi қоректiк тiзбекке өтедi, бiрақ өнiм тұрақтанады, жаппай көбейген зиянкестерден зардап шегу қаупi төмендейдi. Сондықтан ауылшаруашылық практикасында қазiргi бағыттардың бiрi – егiндiктерде де, қоршаған ортада да түрлiк байлықты сақтап тұру болып табылады. Адам агроценозда топырақтүзiлу процесiне және топырақ өнiмiн ұстап тұруға жауапты топырақ организмдерiнiң көптүрлiлiгiн сақтауға ұмтылуы тиiс. Себептердiң тағы бiр тобы, яғни агроценоздар тұрақсыздығын анықтайтын себептер адамдардың егiн өнiмiн үздiксiз алуына орай, зат алмасуды толық ұстап тұра алмайтындығына байланысты. Егiндер мен бақшаларда адамдар топырақты биогендi элементтермен минералды немесе органикалық тыңайтқыш ретiнде құнарландырмаса, топырақ бұзылатыны бәрiмiзге белгiлi. Ауылшаруашылыққа пайдаланатын жерлерде заттардың биологиялық тұрақты алмасуын ұстап тұруы агроэкожүйелердi экологиялық сауатты ұйымдастырғанда ғана жүредi. Агроэкожүйелер - ауылшаруашылық өнiмдi алу мен оның құрамдас бөлiктерiн егiнге қайтаруға арналған, арнайы адаммен жоспарланып, жасалынған территория. Дұрыс жоспарланған агроэкожүйелерге жайылымдар, шалғындықтар мен малшаруашылық комплекстерi жатады. Егiннен өнiм арқылы алынған, өсiмдiктердiң қоректену элементтерi жүйеге қайтадан тыңайтқыштармен бiрге түседi. Жоғарғы биологиялық әртүрлiлiк ландшафты арнайы жоспарлағанда қамтамасыз етiледi: егiндердi, шалғындықтарды, ормандарды алмастыру, су қоймаларын, орманжолақтарын жасау және тағы басқа. Егiндiктерде түрлердiң әртүрлiлiгiн ұстап тұруда егiндi дұрыс ұйымдастыру, мәдени өсiмдiктердi уақыт өтуiмен кеңiстiкте алмастыру маңызды роль атқарады.

    Адам қосымша энергия ендiре отырып, агроэкожүйелер жұмысын басқарады (топырақты өңдеу, суғару, тыңайтқыш, пестицидтер ендiру және тағы басқа). Қазiргi кездегi өнеркәсiптiк ауылшаруашылық өндiрiс әдiстерi экологияға қарсы бағытта: мәдени өсiмдiктердiң саны аз, малдардың таптауы, улыхимикаттарды кең пайдалану және минералды тыңайтқыштардың өте жоғары дозасы, егiндердi жаппай пайдалану және тағы басқа. Олар экожүйелердiң қалыпты қызметiн бұзуға, құрылымдарының қарапайымдалынуына, табиғатта тұрақсыз және апатты өзгерiстерге әкеп соғады.

    Сондықтан қазiргi ауылшаруашылығының алдыңғы қатарлы бағыты табиғатқа қарсы тұру принципiнен бiрлесу принципiне өту болып табылады. Бұл ауылшаруашылық практикасында экологиялық заңдарға сүйену қажеттiгiн бiлдiредi.

    Агроценоздарда табиғи реттеушi байланыстар әлсiреген және мәдени өсiмдiктердiң бәсекелестiгi төмендеген. Агроценоздарды тұрақсыз және қосымша энергия арқылы адам қамтамасыз етiп тұрады. Агроэкожүйелердегi биологиялық зат алмасу мен түрлердiң алуантүрлiлiгiнiң ұсталынып тұруы- олардың тұрақтылығы мен өнiмдiлiгiн арттырудың негiзгi жолдары.

1 Егiншаруашылығының алғашқы кезеңiндегi агроценоздар қазiргiлерге қарағанда тұрақты болған. Егiндiктер табиғи өсiмдiктер арасында үлкен емес аудандарды алып жатты. Жануарлар дүниесi - яғни реттеушiлер мен тозаңдандырушылар дүниесi өте бай болды. Мәдени өсiмдiктер таза сорт болған жоқ және әрбiр түрлердiң тұқымқуалау белгiлерiнiң қоспасы болды. Құрғақшылық жылы бiр түрлер, ылғалды жылдары - екiншi түрлер аман қалды. Табиғи байланысқа жақын байланыстар жүйесi болды. Мұндай агроценоздар көп болмаса да, сенiмдi өнiм бердi және олардағы зиянкестердiң жаппай көбеюi сирек жүрдi. Тауарлы егiншаруашылығының қарқынды дамуымен бiрге егiн өнiмдерi артты, бiрақ тұрақтылық пен төзiмдiлiк қоры төмендедi. 100 жыл бұрын өнiмдiлiктiң азаю заңы түзiлдi, оған сәйкес ауылшаруашылық өндiрiсi топырақтың кедейленуi мен деградациясына мiндеттi түрде әкеп соқтырады. Экологияның дамуымен бiрге бұл заңның әсерiн экожүйелер принципiндегi ауылшаруашылық өндiрiсiн жоспарлау ғана тоқтата алатыны түсiнiктi болды.

2 Арамшөптер саны аз болса, егiндiкке пайда келтiредi. Олар қоректену элементтерiн шайылып кетуден сақтайды, ыдырап, топырақты тыңайтады. Арамшөптер топырақты эрозиядан қорғайды, жәндiктердiң әртүрлi түрлерiн тартады, тамырынан бөлiнетiн заттар арқылы топырақ микроорганизмдер қызметiн белсендетедi. Көптеген арамшөптер - жақсы балжинаушы және дәрiлiк шөптер. Олар үй жануарлары үшiн қоректiң қосымша көзi. Сонымен агроценоздағы түрден зиян немесе пайда оның санына және мәдени өсiмдiктерге әсер деңгейiне тәуелдi. Табиғатта абсолюттi пайдалы немесе зиянды түрлер жоқ.

3 Зиянкестермен биологиялық күрес әдiсiнiң жақсы жағы олардың белгiлi бiр агроценоздардағы зиянды түрлерге таңдап әсер ететiнi болып табылады. Нәтижесiнде улыхимикаттар қажет болмай қалады, ортаның ластануын болдырмайды және пайдалы фауна - тозаңдандырушылар, жыртқыштар мен паразиттер сақталады. Биоәдiстi қолданғанда жаңа жыртқыштар мен паразит-зиянкестердi ендiру мен акклиматизациялау, жергiлiктi түрлердiң көбеюiне қолайлы жағдайлар жасау, және бақтар мен егiндiктерге зиянды жәндiктердiң жауларын өсiрiп, жiберу жүргiзiледi. Мысалы, бiздiң елде майда жарғаққанаттылар - трихограммдарды өсiредi, олардың дернәсiлдерi басқа жәндiктердiң жұмыртқасында паразиттеледi. Трихограммдарды қыстық зиянкестiң көбеюiмен күресуде жемiстi қолданды, бұл жәндiк - егiн өсiмдiктерiнiң қауiптi зиянкесi.

4 Жапырақкемiргiш жәндiктердiң аз мөлшерi мәдени өсiмдiктерге пайдалы. Олардың қызметi жапырақ бетiн жарықтандырып, фотосинтез үшiн жарықтың түсуiн жақсартады. Аз зардап шеккенде өсiмдiктер желiнген жапырақты, жалпы өнiмдi жоғалтпай, қалыпқа келтiредi. Мәдени өсiмдiктер мен қоректенетiн жәндiктер түрi олардың саны артып, олардың қызметi өнiмдi төмендеткенде зиянкестер деп есептеледi. Бұл деңгейдi “зиянкелтiру шегi” деп атайды. Егер түр бұл шектен өтпесе, ол зиянкес деп есептелмейдi. Бiр түрге зиян, арамшөптер мүшесi, екiншiсiне әсер етпейдi. Егер таза егiндегi өнiмдi бiрлiк деп алсақ, онда өте қатты ластанған ауданда ол бидай үшiн  - 0,75, картоп үшiн - 0,65, жүгерi - 0,56, зығыр - 0,42, қант қызылшасы - 0,23, мақта үшiн – 0,12. Сонымен, бидай – ластануға өте төзiмдi мәдени өсiмдiк. Топырақтың 10-15% арамшөптермен жабылуы бидай егiндерiнде химиялық қопару шығынын өнiмдi қосумен орнын толтырмайды және улыхимикаттарды қолданбай-ақ қоюға болады.


 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет