Баяндама
Тақырып: Дене шынықтыру және спорттағы өзара түсінісу және өзара әрекеттесу
Орындаған: Алвадинов Азамат
Тексерген: Казахбаева Гүлнұр
Спортшылармен жұмыс жүргізгенде, бапкер спорт ұжымында өзара түсіністік тәжірибелік мәселесіне жолығады. Көп жағдайда ол психологиялық «атмосфера» туралы айтады, кейде жылы, кейде суық болуы мүмкін және бұл спортшыны кейде бақытты немесе бақытсыз сезімдеріне бөлентеді.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Р.М. Загайнов былай деп жазған: «...егер біз қамқор болып жүрген әрбір адамға қанша пайыз махаббат, көңіл, қамқорлық, мейірімділік, керісінше қанша пайыз талапкерлік, сыншылдық, бақылау, қатандық, тіпті авторитарлық көрсету керек екендігін білсек, қаншалықты жеңіл болар еді. Өйткені баяғыдан баршамызға белгілі: 100% махаббаттан және табынушылықтан құралған психологиялық атмосфера спортшыны жеңілістерге әкеледі, одан нашары – тұлғасының «ауытқуына» (А.Кемпински ұсынған термин) әкеледі, осы тұлғаның барлық қалған өміріне өшпейтін із қалдырады» /3/.
Психологиялық атмосфера туралы Р.М. Загайнов айтады: «одан спортшы тұлғасы да, жаны да қуат алады. «Онымен» олар дем алады, ол адамды бақытқа және қайғысыздыққа жеткізетін «оттегі» болады. Және керісінше – «оттек» пайызы аз болса – адам басқа болады: қам жеген, күйгелек, кейде бақытсыз... шартты түрде айтқанда психологиялық атмосфера әр адамның қосқан үлестерінің соммасынан құралады, әр адам өзінің жеке үлестерін әкеледі: тұлғалық ерекшеліктерін, мінезін, рухани, интеллектуалды ерекшеліктерін, білім деңгейін және әр сәтте адамның басқалардан айырмашылығын: көңіл-күйін, өзін бағалауын, топтың басқа мүшелеріне қатынасын (спорттағы команда)» /3, 11 б./.
Психологиялық атмосфераның негізгі көрсеткіштері қандай? Профессор Р.М. Загайновтың тек қана өзінің байқаулары негізінде емес, тәжірибелі бапкерлердің тәжірибесін жалпылау негізінде қалыптасқан концепциясын жан-жақты қарастырайық. Психологиялық атмосфера адамдар арасында қатынастар соммасы ретінде қалыптасады. Егер бұл қатынастар жағымды болса (махаббат, достық, симпатия, сыйластық, дұрыс бәсекелестік), онда бұл топтағы атмосфера бастапқыдан жағымды болады, үлгілі жанұяда сияқты. Және керісінше, егер адамдар арасында жағымсыз қатынастар болса (өзара жауластық, бір біріне сенбеушілік, күдіктенушілік, қызғаныш, бұрыс бәсекелестік), онда топтағы атмосфера да жағымсыз болады, басқаша болуы мүмкін емес.
Өмірде басым жағдайларда аралас немесе үйлескен атмосфера кездеседі. Онда нақты бір топта жағымды және жағымсыз өзара қатынастар кездеседі, сонымен қатар психологиялық атмосфера өзгермелі болып келеді, оған спорт әрекетінің нәтижелері – жеңістер мен ұтылыстар, турнирлік кестедегі команданың алатын орны да әсер етеді.
Психологиялық атмосфераның 5 негізгі көрсеткіштері бар:
1. Ұжым имиджін құрайтын визуалды ақпарат: құрал-саймандардың сапасы, ғимараттарды көркейту ерекшеліктері, жиһаз, тамақтану сапасы (спорттық-жаттығу базасында), тазалық, әр адамның сырт келбеті, қонақтарды қабылдауы.
2. Адамдар мен олардың кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері. Ең біріншіден атмосфераны басшы мен оның көмекшілері жасайды. Спорттық іс-әрекетте нәтижені ең бірінші спортшының өзі қамтамасыз етеді, көп нәрсе психологиялық қолдау тобына да, спортшыны қоршаған ортасы - жеке бапкеріне, дәрігеріне басқа да адамдарға тәуелді. Осылайша, кәсіби теннисте жылына 11 ай спортшы шектелген топтағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуға мәжбүр, соның салдарынан эмоционалды күйіп кету, шаршау, қатынастардың кедейленуі пайда болады, көп жағдайда бұл амалсыз айырылысудың себебі болады. Сондықтан ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарта алатын адамдар өте маңызды.
«Лацио» деген итальяндық футбол клубының президенті Дино Дзофф бір ғана ойыншының маңыздылығын былай сипаттайды: «ойнамаса да (жарақат алған кезде) Гакойн командада және ол сырттан ерекше атмосфераны қалыптастырды. Гаскойнның арқасында «Лацио» құлшыныс толқынымен көтеріліп кетті. Бұл да аз емес /3/.»
Сергей Бубка –ХХ ғасырдың бірінші ондығына кірген спортшы, өзінің спорттағы өмірінің заңы ретінде былай деп жариялады: «Ең бастысы- өзіңнің айналаңда жолы болғыш адамдардың болуы».
Р.М. Загайнов тәжірибелік психолог ретінде, спорт майталмандарымен өкінбей айырылысатынын бірнеше рет көрген, бірақ майталмандардың ұлы тұлғасының әсері психологиялық атмосфераны тазартады. Олар құрамаға кірмей–ақ, (жарақат алған Гаскойн) жауапты ойындарға дайындықтың рухани қолдау жақтарында көшбасшы бола алады, жастарды толығымен жұмылдырады. Р.М. Загайнов спорт өмірінің ең басты құндылығы ретінде адам ықпалын екінші орынға қойғанының себебін адам ресурстарының құндылығын жылдар өте түсінуге болады деп анықтаған.
3. Эмоционалды құрамдас бөлік – бұл көңіл-күй, оптимизм, рухани бағыштау.
3. Негізгі іс-әрекеттің басым болуы және оның нәтижелілігі.
Негізгі іс-әрекеттің сипаттамасы: топтың өмірін және іс-әрекетін жоспарлау, тәртіп бойынша өмір сүру, басшылардың талаптары, субординация, жұмысқа толық берілу. Мотивацияның оңтайлы деңгейде болуы, шамданушылық, соңғы нәтижеге сену де жатады. Спортшы күреске және жеңіске ұмтылуы мүмкін, және, керісінше, ұтылыс көңіл-күйде болуы мүмкін. Мұндай көңіл-күйде спортшы бапкердің барлық бағыт-бағдарын орындамайды, жаттығуларға келмей қалады немесе кешігіп келуі мүмкін.
4. Психологиялық қолдау. Бұл бөлімді Р.М. Загайнов бапкерлер-тәжірибешілер психологиялық қолдауды психологиялық атмосфераның белгісі ретінде бөлмейтіндеріне қарамастан, тізімге еңгізді. Спортшылардың өздері психологиялық атмосфераны айтқан кезде психологиялық қолдаудың маңыздылығын бірауыздан мойындады. Тәжірибелі спортшылар шынайы психологиялық қолдау – әсіресе, маңызды жарыстардың төтенше жағдайларында олар үшін ең маңызды екенін айтады.
5. Үстемшіл бапкерлер жарыс жағдайында бұқарашыл бапкер кейіпіне ауысып, солайша психологиялық қолдау көрсететін. Алайда, негізінен бапкерлер, Р.М. Загайновтың зерттеулерінде көрсетілгендей, бұл ықпалға көп көңіл аудармайды. Сонымен, психологиялық ахуалды адамдар арасында қарым-қатынастың, өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болатын табиғаты жағынан психологиялық аясы деп анықтауға болады. Оның негізгі белгісі - психологиялық қолдаудың бар немесе, керісінше, жеткіліксіз болуы.
Ең тиімдісі қандай болмасын спорт түрінде психологиялық ахуал ұйымшылдық (бірлік) арқылы сипатталуы тиіс.
Футбол бойынша Германия құрама командасының ұжымдық ұйымшылдығы, осы команданың басты форварды Юрген Клинсманның ойынша, Еуропа Чемпионатындағы жеңісін қамтамасыз етті. Чемпионат қарсаңында «жарыста табысқа қол жеткізудің негізгі шарты не?» деп қойылған сұраққа, ол былай жауап берді: «Ең бірінші құрамада дұрыс ахуалдың қалыптастырылуы. Өзіңнің шамдануыңды ұмыту керек. Ең бастысы - команда. Оның талаптары бәрінен артық. Бұл негізгі және қосымша ойыншыларға да қатысы бар ұран. Алаңға шықпай, жай ғана қалыпты ахуал орнатып, басақаларға көмектесіп отырсаңыз да, өкпелейтін ешнәрсесі жоқ. Егер командада сондай ахуал орната алсаң, қалғанының барлығы қолыңнан келеді. Бұған күмәнім жоқ» /3.16б/.
Ресей велоспортының жетекшілерінің бірі, спорт шебері Н. Гореловтың сөзіне сүйенетін болсақ, кәсіби спортта тұлғарарлық қатынастардың деңгейі реттемеленген. Әр велошабандоздың келісімшартында жазылған, егер ол өз командасын жаман атқа қалдырса, әріптестері немесе бапкерлері туралы жаман сөздер айтса, ақшадай жазаланады және тіпті команда құрамынан шығарылуы мүмкін. Басқалардың ар-намысын және жақсы көңіл-күйін сақтау - спортшының кәсіби парызы /3/.
Сонымен, тұлға бұл түрлі әлеуметтік қатынастардың кеңістігіндегі адам: спортшы-бапкер, бапкер-психолог, бапкер-спортшының ата-аналары, бір команда мүшелері және басқалар. Спорттағы әр адамның өмірінде барлығы қосылып орнататын психологиялық ахуал өте маңызды. Ол жеңіске немесе жеңіліске әкелуі мүмкін, адамды бақытсыз немесе бақытты етеді. Іс жүзінде көрсетілгендей, ұжымдағы бір адам оған көп әсерін тигізе алады.
Әдебиеттер тізімі:
Психология Г.В. Ильин Е.П. М-1983 г.
Психология Мельников В.М. М-1987 г.
Методика психодиагностии в спорте. Нарущек В.П: М-1984-1990 г.
ФПрактические задания по психологии М-1977 г.
Психология Ф.В. и спорт М-1979 г.
Достарыңызбен бөлісу: |