Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Ішкі Ордаға 20 жасында келген сабыр Хаммадов



Pdf көрінісі
бет45/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   299
9-20

Ішкі Ордаға 20 жасында келген сабыр Хаммадов 

Бөкейдің  көзін  көріп,  шапағатына  бөленген  ахун. 

Бөкей  хан  туралы:  «Әсіресе,  Бөкей  хан  атасы  –  бір 

жас  хан  еді,  бұл  фәниде  жарғақ  құ лағы  жастыққа 

тимей,  тез  дүниеден  өтті.  Оның  қайратынан  дәйім 

жұрт байсалды өмір кешіп, шаттанып, сүйініп кетті. 

Көрегендік танытып өз ара сыйласып, жетімдерге ша-

пағатын төгіп, ра қымдықпен өмірден озды. Бұлар дың 

қай-қайсысын айтсақ та Жаһангер хандай қоңыр қалта 

емес еді, аты құраннан алынған, баянды қоғам құрып, 

ша пағатын төгіп, бұл өмірден өтіп кетті. Мұндай бір-

де-бір  хан  болған  емес,  бұндай  көркем  сұлтан  туыл-

мады, жалғыз өзі болып өмірден озды...»,– дейді.

Одан әрі ол: «Өзінен кейінгі хан тағына ұлын отыр-



ғызып кетті, есімі Сақыпкерей еді... ажал-нәубет оған да 

келді... қайыр-шапағатты көп беріп, аруағы разы болды. 

1849  жылы  саратан  айының  10-ында  қайтыс 

болды, һижра бойынша 1265 жылы, жасы 21-де жолда 

жаны үзіліп, дүниеден өтті, алып келіп жа мағат болып 

жерледік. Құдай оңдап, иманы сала мат болсын! Шыңғыс 

хан  әулетінен  тарайтын  Сақыпжан  өмірден  озды. 

Оның жағдайы біле-білсек бізге ғибарат. Ол намысты, 

жүректі  еді,  неше  түр лі  өнерді  үйреніп,  біліп  кетті. 

Сұлулығында, ақ көңілділігінде, адамгершілігінде, шара-

патында,  өнер  лілігінде,  басшылығында  бұған  жете-

тіндер бол маушы еді. Оның мұнша өнері – шешендігі 

мен  кең  пейілдігінде  алдына  жан  салмай  кетті»,– 

деп  көрген-білгендерін  жазып  қалдырды.  Сақыпкерей 

Жәңгірұлы 1847 жылы Петербургтің паж корпусын үздік 

бітірген болатын. 

Адам  баласы  Алла  Тағала  берген  ғұмырында  жақ-

сылығы  мен  зұлымдығын,  адалдығы  мен  жа ман дығын, 

ар алдындағы әділдігі мен ғайбатын тара зылап, Алладан 

кешірім  сұрау  мұсылман  мойынындағы  ең  басты  па-

рыздың бірі. Осыған орай автор: «Ой, сұлтандар келіңдер, 

ынтымақтасыңдар. Айтқандарың оған жет пес, сіз бен 

бізге ғибарат жетер. Келіңдер енді, өткен нен ғибарат 

алыңдар..., бір күні сізге де нәубет жетер. Егер ажалға 

шара  болса,  Жәңгір  хан  барлық  малын,  жерін  беріп, 

ажал дан аман қалар еді, көрдіңіздер ханнан кімдер өлді, 

жолдасынан біразы бар, бәрі сіз бен бізге ғибарат. Егер 

ажал болмаса еш адам өлмес еді, сіз бен бізге ғибарат. 

Әділетті іс қылыңдар, зұлымдықтан ау лақ болыңдар. 

Егер  жылатсаңыз  бір  күні  көз  жасы  түбіңе  жетер, 

құдайдың  әміріне  бойынсын,  һақтың  қазасына  риза 

бол, сіз бен бізге ғибарат жетер. Егер жапа шексеңіз, 

ашаршылықта дәм татырғанды еске алыңыз. Адамдар 

мұны  естіңдер,  зұлымдықты  қыла  көрмеңдер.  Егер 

зұлымдық қылсаңдар патша ағзам тарапынан бір күн 

қолды боласың»,– деп тұжырымдайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет