Ақылы онлайн білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт №56 Нұр-Сұлтан қаласы "25" қаңтар 2022 ж



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.10.2022
өлшемі162.93 Kb.
#462317
  1   2   3   4
Мұханбек Балым вип 7 поток



Ақылы онлайн білім беру қызметтерін көрсету туралы 
келісім шарт №56 
Нұр-Сұлтан қаласы
"25" қаңтар 2022 ж. 
07.08.2015 жылы берілген № 0013770 ЖК куәлігі негізінде әрекет «Академия 
чемпионов» ЖК атынан әрекет етуші Серикбаев Еркебулан Қуанышбекұлы, бір 
тараптан, бұдан әрі "Орындаушы" деп аталады және Мұханбек Балым Ғалымқызы 
бұдан әрі "білім алушы" деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар» 
деп аталады, Тараптар төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
 
1. Шарттың мәні  
1.1. «Академия чемпионов» ЖК Орындаушы авторы: Бану Оралбай - English 
insight бағдарламасы бойынша білім беру қызметін ұсынуға, ал білім алушы білім 
беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқытуға ақы төлеуге міндеттенеді.
1.2. Білім беру қызметтері оқу жоспарына, оның ішінде жеке жоспарға және 
Орындаушының сабақ кестесіне сәйкес көрсетіледі 
Оқу мерзімі мен кестесі:
• 80 (сексен) академиялық сағат
• 110 (жүз он) сабақ, оның ішінде 80 (сексен) видео сабақ және 30 (отыз) сабақ 
онлай кездесулер ретінде беріледі. 
• Онлайн сабақтар аптасына 5 (бес) күн курс авторы – Бану Оралбай жеке өзі 
өткізеді
• Аптасына 1 (бір) рет SPEAKING CLUB (сөйлесу клубы) ZOOM онлайн 
платформасында кездесу 
• Кері байланыс және үй тапсырмасын тексеруді жауапты куратор жүзеге 
асырады. 
1.3. Оқу ақысын төлеу кестесі: 
- Ағылшын тілін оқытудың толық курсы үшін алдын ала төлем жасалады. 
- Осы шарт жасалғаннан кейін білім беру қызметтерінің құнын ұлғайтылмайды, 
кезекті қаржы жылына, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттің негізгі 
сипаттамаларында көзделген инфляция деңгейін ескере отырып, көрсетілген 
қызметтер құнының ұлғаюын қоспағанда, және аталған сипаттарға сәйкес төлем 
ақының ұлғаюы қосымша келісіммен ресімделеді. 
- Оқу үшін төленген сома қайтарылмайды. 
1.4. Білім алушы толық оқу курсынан өткеннен кейін және негізгі білім беру 
бағдарламасын сәтті меңгергеннен кейін құжатты – электрондық сертификатты 
беруді қамтамасыз етсін, оның үлгісін Орындаушы дербес белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет