Ақылы онлайн білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт №56 Нұр-Сұлтан қаласы "25" қаңтар 2022 ж



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.10.2022
өлшемі162.93 Kb.
#462317
1   2   3   4
Мұханбек Балым вип 7 поток

2.3. Білім алушы міндеттері: 
2.3.1. Осы Шарттың 3-бөлімінде аталған соммада, белгіленген тәртіппен және 
мерзімде ұсынылатын білім беру қызметтері үшін шығындарды толық өтеу. 
Қызметтердің құны ақша аударғаны үшін банк комиссиясын ескермейді. 
2.3.2. Жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын сақтау және «Академия 
чемпионов» 
ЖК 
оқытушыларына, 
кураторларына 
және 
әкімшілік 
қызметкерлеріне құрмет көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол 
сұқпау және тіл тигізбеу. 
2.3.3. Білім алушы Онлайн сабақтар платформасында тиісінше оқуға, ағылшын 
тілі бойынша оқу материалдарын зерделеуге және меңгеруге, курстың оқыту 
материалына сәйкес бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзіміне сәйкес 
оқытушы/куратордың талаптарын орындауға тиіс. 
2.3.4. Білім алушы өзінің үлгерімі және курсты қабылдау үрдісі үшін жеке өзі 
жауапты 
2.4. Білім алушы құқылы: 


2.4.1. Бағдарламаны игерудің нормативтік мерзіміне сәйкес сабақ режимін өз 
бетінше таңдау. 
2.4.2. Оқу процесінде «Академия чемпионов» ЖК дирекциясына жазбаша түрде 
хабарлай отырып, оқыту қарқынын өзгертуге. 
3. Оқыту құны және есеп айырысу тәртібі 
3.1. Бекітілген тарифтерге сәйкес оқу құны толық оқу курсы үшін 120 000( жүз 
жиырма мың) теңгені құрайды. 
4. Тараптардың жауапкершілігі 
4.1. Осы Шартта көрсетілген мәліметтер осы Шартты жасасу күніне 
Орындаушының "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналастырылған 
ақпаратқа сәйкес келеді. 
4.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше 
орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
заңнамасына сәйкес жауапты болады. 
4.3. Осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулы мәселелер келіссөздер 
жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда - Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес шешіледі. 
4.4. «Академия чемпионов» ЖК қызметі тоқтатылған жағдайда, соңғысы 
«Академия чемпионов» ЖК нақты шеккен шығыстарын шегере отырып, алған оқу 
ақысын қайтаруға міндетті.
4.5. Тараптар бұқаралық ақпарат құралдарында бір-біріне қатысты теріс пікір 
тудыратын мағлұматтарды жария етуші материалдарды, оның ішінде 
түсініктемелер (отзыв) түрінде орналастырмауға міндеттенеді, кез келген мұндай 
іс – әрекет моральдық-материалдық зиян келтіре отырып, беделге нұқсан келтіру 
ретінде бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет