Ақжал ауылдық округі әкімі
Б.К.Багисованың халық жиынындағы есебі
бойынша баяндамасының тезистері.
Құрметті Ақжал ауылдық округінің тұрғындары!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халық алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді.
Есеп беру барысында біз Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын, елде жүргізіліп жатқан реформалар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын, облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық саласында қолжеткізген нәтижелерімен алдағы кезеңде жоспарланған іс – шаралары туралы өзекті мәселелерге тоқталып қарастырамыз.
Үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы аясында «АС Горняк» ЖШС – де «Ақжал»кенішін кеңейту барысында , 2013 жылы алтын алуды 238 кг жеткізді.
Кәсіпкерлік саласында 3 жеке кәсіпкер, 1 шаруа қожалығы тіркелген Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны - 6.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлермен шарттарды түсіндіру бойынша кездесулер, кеңес беру, семинарлар өткізілді.
«Сулейменов» шаруа қожалығы асыл тұқымды малды көбейтуге және ақ басты екі өндіруші бұқа алу үшін 8,5 млн теңге көлемінде субсидиялау жолымен пайыздық ставканың бір бөлігін алды.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша Бөке ауылының тұрғыны Бакежанов Тимур 3 млн. теңге кредит алып, ірі қара мал өсіріп, қора жайларын дайындап, қыс мезгіліне шөппен қамтамасыз етіп шаруашылығын жүргізуде.
Сонымен қоса, 1 млн. төңірегінде кредит алып Намазова Сауле шағын наубайхана ашуға бар күш жігерін жұмсауда.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 7 млн теңге көлемінде меморандум жасалып, 2,5 млн теңгенің жұмысы орындалды. /Мектепке ыстық тамаққа – 250 мың, спорт саласына – 200 мың, атаулы күндерге 200 мың, орталық көшені жөндеуге – 400 мың, тұрғындарға су тасып бергенге – 450 мың теңге/.
Ауыл шаруашылығы: Ақжал округінде 72 аулада өзінің жеке қосалқы шаруашылығында барлығы 475 бас ірі қара мал, 783 бас қой мен ешкі, 53 бас жылқы және 500 үй құсы бар.
Ақжал ауылының тұрғыны Сулейменова Раиса Михайловнаның басшылық етуімен 1 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Негізгі бағыты – мал өсіруімен айналысады. Шаруашылығында 88 бас ірі қара мал, 252 қой, 170 бас жылқы ұстайды.
Малға егу жұмыстары сапалы, жоспарлы түрде жүргізіледі, сарып , т.б. аурулары жоқ.
0,5 га жерге картоп отырғызылады. Аталған алқаптан 67 цн картоп өнімі алынды.
Мал шаруашылығының өнімділігі артып, ет өндіру - 1200.0 цн, сүт -4750.0 цн, 90.0 дана жұмыртқа игерілді.
Өскемен қаласына, Қалбатау, Жаңғызтөбе ауылдарына ауылдық округ тұрғындарының қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне құрт, май,сүт, қымыз, ет өнімдері арзандатылған бағамен халыққа сатылды.
Иесіз қалған 3 су құбырын коммуналдық меншікке алу жұмыстары аяқталып, жергілікті әкімшілік теңгеріміне бекітілді.
Ақжал ауылында көшелерге 45 электр жүйесінің бақаның құрып, жарықтандыру жұмысы жүргізілді.
Білім беру саласында Ақжал округінде Ақжал негізгі мектебі және 1 кіші орталық жұмыс істейді. Мектепте 27 оқушы, біріктірілген сыныптар 1,3 сынып, 2,4 сынып, 5,6,7 сынып, 8,9 сынып және 12 мұғалім қызмет жасайды. Оның жоғары білімдісі10, орта арнаулы білімдісі 2, жоғары санатты 2, 1-ші санатты-2, екінші санатты -3, санатсызы -5. Алты мұғалімнің еңбек өтілі 20 жылдан астам, қалғандары жас ұстаздар.
Мектепте «Туған жерге - тағзым» акциясы есебінен 1 автокөлік берілген болатын. Жылу жүйесінің қазандығы, телефон желісі, 12 компьютер жиынтығы, интернет, физика кабинеті, интерактивті тақта жүйелі жұмыс істеуде. 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен, сүтпен, балмен толық қамтылды. Демеушілер есебінен аз қамтылған отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта білім беру саласында педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және инновациялық деңгейін көтеру, құқықбұзушылықтын алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмысты жетілдіруді жүргізу қажет.
Фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді, екі маман жұмыс жасайды.
Фельдшерлік пункт қызметкерлері аурудың алдын алу, балалармен жұмыс, тұрғындарды сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Амбулаторияның ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындары, спартакиадаларына ауыл тұрғындары тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, теннис т.б. ойындарға қатысты.
Ақжал ауылдық округі бойынша қылмыстық 13 іс тіркелген. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстылықты азайту мәселері қаралып отырады. Тәртіп сақшылары тарапынан қылмыстың жолын кесу, ашылуын қамтамасыз ету бойынша кәсіби шеберлікпен біліктілік таныту, жедел әрекеттер атқарылуы тиіс.
Әр түрлі салтанатты шаралар, мерекелік көңіл - күй сыйлайтын әуезді әуендерімен мың бұралған биші балалардың тәуелсіз Қазақстанды, туған ел мен жерді сүюге, қадірлей білуге, елін, халқын құрметтеуге бағыт- бағдар беретін игілікті істер өткізіліп тұрады.
Аудандық ақпарат тобы мүшелерінің қатысуымен теріс діни ағымдардың қоғамдық қауіптілігі, жастармен жұмыс бағытында «Нашақорлық пен есірткі саудасының қоғам мен адамға зияны» т.б. туралы жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізілді. Рухани келісім және ұлтаралық ынтымақтастық, діни экстремизмге жол бермеу мәселері бойынша кеңес өткізіліп, онда құқық қорғау, білім салаларының, діни бірлестік өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.
2014 жылдың І жартыжылдығына негізгі мерзімдік қоғамдық- саяси басылымдарға жазылу квотасы орындалды.
Көрнекі үгіт бойынша ауыл іші түрлі-түсті жалаулармен және әр түрлі тақырыптағы баннерлармен, әкімшілік ғимараты неондық және жарықдиодты әр түрлі элементтермен безендірілді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын ұсынып жаңа міндеттер ұсынылды: асыл тұқымды мал басы бойынша көрсеткіштер 0,2 пайызға өсіру; малдәрігерлік дәріхана ашу; 1,5 га жерге мектеп ұжымының күшімен картоп отырғызу; шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жолаушыларды тасмалдауды ұйымдастыру; меморандум есебінен көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу; ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету; жергілікті жолдарды қалыпты ұстау; әлеуметтік қорғау саласында тұрғындардың әлсіз топтарын қолдау бойынша 1 жанұяға «Отау ТВ» жүйесін құрып беру; оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат қарастыру; халықтың игілігіне мектептің жанындағы бос тұрған ғимаратты тұрғындардың күшімен толық жөндеуден өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |