1-дәріс. Компьютерлік графика пәніне кіріспе. Компьютерлік графиканың қолдану салалары



бет1/3
Дата19.12.2023
өлшемі33 Kb.
#486941
  1   2   3
КГ 1 дәріс (1)


1-дәріс. Компьютерлік графика пәніне кіріспе.
Компьютерлік графиканың қолдану салалары


Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру. Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру. Компьютерлік графиканың қолдану салаларын қарастыру. Графикалық файлдардың форматтарымен танысу.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:


1 Компъютерлік графика түсінігі.
2 Даму кезеңдері.
3 Компьютерлік графиканың бағыттары.
4. Компьютерлік графика бағыттарының міндеттері мен қолданылу аймағы.


Глоссарий (анықтама, сөздік); Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.
Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен өлшенеді.
RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).
CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл, жасыл және көк).
HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы).
BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат.
PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.
TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған.
PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.
JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.
CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы жасалған.
CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.
PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында электрондық дакументті тарату үшін жасалған.
DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы.


Дәрістің тезисі:

Компьютерлік графика деп сызба-графикалық жұмыстарды және инженерлік геометриялық есептерді шешудің алгоритмдерін автоматтандыруды, сонымен қатар, графикалық ақпараттарды дербес компьютердің және оның перифериялық құрылғыларының көмегімен дайындауды, сақтауды және баспадан шығаруды автоматтандыруды айтады.


Компьютерлік графика күрделі графикалық жұмыстарды автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді, ал бұл еңбек өнімділігін арттырады. Осының нәтижесiнде бұл мақсат жалпы техникалық және графикалық мәдениеттi, кеңiстiкте ойлау қабiлеттi дамытады.
Деректерді компьютер мониторында графикалық түрде көрсету алғаш рет өткен ғасырдың 50-ші жылдарында ғылыми және әскери бағытта қолданылатын ЭЕМ-дердің көмегімен жүзеге асырылған болатын. Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бөлігі болып табылады.
Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып табылады.
Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды.
Деректерді көрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет