Айдана ХАМЗИНА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті
Президент шәкіртақысының иегері
Бүгінгі таңда ел жастарының білім мен ғылымға деген ынтасы жоғары. Сөзімізге дәлел ретінде М.Қозыбаев атындаеы СҚМУ-де білім нәрін сусындап жүрген жастарды атап айтуәа болады. Жуырда жоғары оқу орнының үш студенті "Туңғыш Президент қоры"ұйымдастырған арнайы біржылдық шәкіртақының иегері атанды. Солардың бірі - Гүлмира Садырова.
Мектепте сабаққа алғыр болған Гүлмира бала кезінен әдебиетке және ағылшын тіліне құмар болып өскен. Өзінің талантты да талапты шәкірт екендігін бала күнінен-ақ байқатып, алғырлығымен көзге түскен ол ағылшын тілін жетік меңгеру мақсатында "Шет тілі" мамандығын таңдаған. Бүгінде 4-курс студенті Гүлмира бос уақытында шығармашылықпен айналысады. Сүйікті істері - кітап оқу, ән айту. Алдағы уақытта Ұлыбританияның астанасы - Лондонға сапар шегуді, испан және кәріс тілін меңгеруді мақсат еткен бойжеткен "Тұңғыш Президент қоры" тағайындаған шәкіртақының иегері атанғанына шексіз қуанышты. "Бұл тек менің ғана жеңісім емес, осындаи маңызды сәтте қолдау білдірген өзімнің достарымның, оқытушыларымның, ата-анамның арқасы деп білемін", - деген ол өзге студент жастарға да пайдалы болар деген ниетпең аталмыш шәкіртақыға ие болу үшін қандай талаптар қойыл-ғандығына тоқталып өтті.
- Аталмыш шәкіртақыға оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді, ғылыммен айналысатын, сондай-ақ, шығармашылығын шыңдап жүрген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қол жеткізе алады. Сондай-ақ, түрлі байқаулар мен шығармашылық додаларда, олимпиадаларда жеңіске жеткен жастарға басымдық беріледі. Барлық шәкіртақы иелері екі кезеңдік іріктеуден өтті. Қатаң сұрыптаудан кейін, халықаралық дёңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары ғана ие бола алатын шәкіртақыға қол жеткізгеніме өте қуаныштымың -дейді шәкіртақы иегері.
Барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан табыла білген студент қыз үстіміздегі жылы ағылшын тіліндегі өзінің өлеңі үшін шетелдік компанияның қазылар алқасынан жоғары баға алған. Бұған дейін Оралхан Бөкейдің шығармасынан үзінді аударып, жүлделі орыннан көрінген. Қазір ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген жас университет қабырға-сында өтіп тұратын басқа да қоғамдық іс-шаралардың да белсенді қатысушыларының қатарында.
Жоғары оқу орында оқып жүріп, тағы бір қырынан көрінген студент қыз құрбылары мен курстастары арасында сыйлы. "Туңғыш Президент қорының" шәкіртақысын алуы оған да үлкен көмек. Бұл - оқу бағасы жылдан-жылға шарықтаған уақытта ата-анасына болар үлкен қолғабыс, әрі тек "үздік" бағамен оқуға тырысуы арқылы ақылы түрде оқып жүрген өзге студенттерге үлгі боларлық жай.
Шәкіртақы иегерінің айтуынша, марапаттау рәсімі Алматы қаласындағы Абай атындағы театрда өткен. "Сапардан ұмытылмас, ерекше әсер алдым. Бізге арнап тамаша концерт ұйымдастырылды. Қазақстан эстрадасының жарық жүлдыздарын көрдім, кейбірімен, тіпті, сахна сыртында кездесіп, әңгімелесуге мүмкіндік туды. Сертификатты "Тұңғыш Президент қорының" атқарушы директоры Сағындық Нұраханов өз қолымен табыс етті. Бұл сапарым менің есімде ұзақ сақталып қалады", - дейді студент.
// Қызылжар нұры. - 2014. - 28 қараша
Достарыңызбен бөлісу: |