Айдосова Б. Х., э.ғ. к



Дата29.02.2016
өлшемі103.64 Kb.
#34570
Айдосова Б.Х., э.ғ.к.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«АТФ Банк» АҚ-ның пайдалылығын талдау
Банктің табыстары мен шығыстары банктің пайдасын қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады. Жалпы түрдегі пайда бұл табыстар мен банк қызметімен байланысты жұмсалған шығыстардың айырмасы ретінде, банктің кезеңдегі қызметін қамтамасыз етуші болып саналады. Жыл бойындағы табыстар мен шығыстардың арасындағы айырмасы нәтижие. Жылына бір рет 1-ші қаңтарда банктердің таза пайдасы анықталады. Экономикалық пайдамен қатар есептік пайда деген ұғым қолданылады. Экономикалық және есептік пайдалардың арасындағы айырма банк қызметінің тиімділігін анықтайды. Нақты пайда жылына бір рет қана баланста ашылып көрсетіледі.

Пайдалылықты талдау - бұл белгілі себептермен анықталатын күрделі тапсырма. Біріншіден, банктік операциялардың әрбір аспектілері пайдалылыққа әсер етеді, сондықтан да тиянақты түрде қарастыру қажет. Екіншіден, бухгалтерлік есептемеде қатынасты түрде табыстар мен шығыстарды анықтау қиын, олардың арасында өндіргіш күштердің әсері болады.

Өзінің құрылымы бойынша банктің табыстар, шығыстары және пайдасы оның қызмет көрсету бағыты бойынша анықталады. Банк үшін нақты кезеңдегі жалпы қызметтің нәтижесін білу, берілген нәтиженің қандай ақпарат көздер арқылы түскендігін анықтау маңызды. Соңынан банк бөлімшелері немесе филиалдарының қызмет көрсету операциялары, клиенттердің топтары, клиенттері, нақты шоттар бойынша резервтер табыстар мен шығыстардың әрбір топтары бойынша анықталуы тиіс.

1- кестеде «АТФ Банкі» АҚ қаржылық нәтижелерінің динамикасы көрсетілген.

1-кестеден көріп отырғанымыздай 2011 жылы банктің пайыздық кірістері 73,3 млрд. теңгені құраған, ал пайыздық шығыстары – 47 млрд. теңгеден аса. Сонымен таза пайыздық кіріс 31,2 млрд. теңгені құрады. Банктің комиссиялық кірістері 2011 жылы 11,1 млрд. теңгені, ал комиссиялық шығыстары – 13 млрд. теңгеден аса шаманы құрады. Сонымен таза комиссиялық шығыстар 1,8 млрд. теңге көлемінде болды.

Банк 2011жылы таза табысты мынадай операциялардан алғанын айта кеткен жөн:

- Туынды қаржылық құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша 111,7 млн. теңге;

- Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар бойынша 3,9 млрд. теңге;

- Өтеуі төлеп алынған меншікті қарыз құралдары бойынша 2,5 млн. теңге;

Ағымдағы жылы банк келесі операциялар бойынша таза шығынға ұшырады:

- Пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 11,6 млн. теңге;

- Сату үшін қолда бар қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 325,9 млн. теңге;

- Өзге операциялық табыстар бойынша17,6 млн. теңге;

Нәтижесінде банктің операциялық кірісі 2011 жылы 33 млрд. теңгеден аса болды. Құнсызданудан болған залал 23,3 млрд. теңгені, ортақ және әкімшілік шығындар 18,6 млрд. теңгені, табыс салығы бойынша шығыс 25,6 млн. теңгені құрады. Сонымен 2011 жылы АТФ Банктің қызметінің нәтижесі 8,948 млрд. теңге көлеміндегі залал болды.


Кесте 1

«АТФ Банкі» АҚ пайдасы мен шығыны туралы шоғырландырылған есеп

Млн. тенге

Көрсеткіш атауы

2011

2012

Ауытқуы

2012/2011%



2013

Ауытқуы 2013/2012 %

Пайыздық табыс

78 349,9

67 046,6

-9,0

58 606,8

-13,0

Пайыздық шығыс

(47 056,7)

(41 085,9)

-13,0

(39 892,9)

-3,0

ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ ТАБЫС

31 293,2

25 960,7

-17,0

18 713,8

-28,0

Комиссиондық табыс

11 102,6

11 525,5

4,0

11 677,9

1,3

Комиссиондық шығыс

(13 002,2)

(12 701,4)

-2,3

(7 622,5)

-40,0

ТАЗА КОМИССИОНДЫҚ ТАБЫС (ШЫҒЫН)

(1 899,6)

(1 175,9)

-38,1

4 055,5

-

Пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша таза (залал) пайда

(11,6)

3,5

-

(10,4)

-

Туынды қаржылық инструмент жүргізілетін операциялар бойынша таза залал

111,7

(73,4)

-

(0,8)

-92 есе

Шетелдік валюта жүргізілетін операциялар бойынша таза пайда

3 927,4

3 197,2

-19,0

2 234,5

-30,1

Сату үшін қолда бар қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша таза залал

(325,9)

(57,2)

- 6 есе

(0,7)

-82 есе

Меншікті қарыз иструменттер өтеуін төлеп алудан (шығыны) /пайдасы

2,5

58,3

23,3 есе

(728,8)

-

Өзге операциондық табыс

(17,6)

263,5

-

741,3

181,3

ОПЕРАЦИОНДЫҚ ТАБЫС

33 080,2

28 176,5

-15,0

25 004,5

-11,3

Құнсызданудан болған залал

(23 307,4)

(17 094,7)

-27,0

(4 533,4)

-73,5

Ортақ және әкімшілік шығындар

(18 695,9)

(20 810,3)

11,3

(14 454,9)

-31,0

САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕЙІНГІ ПАЙДА (ЗАЛАЛ)

(8 923,1)

(9 728,5)

9,0

6 016,1

-

Табыс салығы бойынша (шығыс) үнем

(25,6)

1 114,6

-

(4 199,3)

-

ЖЫЛ БОЙЫНША ПАЙДА (ЗАЛАЛ)

(8 948,7)

(8 613,9)

-4,0

1 816,8

-

Оның ішінде:
















Аталық Банктің акционерлеріне қатысты

(8 996,7)

(8 685,8)

-3,5

1 749,2

-

Иеліктің бақылаудан тыс үлестеріне қатысты

48,0

71,9

50,0

67,6

-6,0

Е С К Е Р Т У- кесте [ 1-3] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

2012 жылы банктің пайыздық кірістері 67 млрд. теңгеден аса болды,ал пайыздық шығыстары – 41 млрд. теңге. Сонымен таза пайыздық кіріс 25,9 млрд. теңгені құрады. 2012 жылы банктің комиссиялық кірістері 11,1 млрд. теңге болса, ал комиссиялық шығыстары – 12,7 млрд. теңге көлемінде болды. Сонымен таза комиссиялық шығыстар 1,1 млрд. теңгені құрады.

2012 жылы банк таза табысты келесі операциялар бойынша алды:

- Пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 3,5 млн. теңге;

- Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар бойынша 3,1 млрд. теңге;

- Өтеуі төлеп алынған меншікті қарыз құралдары бойынша 58,3 млн. теңге;

- Өзге операциялық табыстар бойынша 263,5 млн. теңге.

Ағымдағы жылы банк келесі операциялар бойынша зиян шекті:

- Туынды қаржылық құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша 73,4 млн. теңге ;

-  Сату үшін қолда бар қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 57,2 млн. теңге;

Нәтижесінде банктің операциялық кірісі 2012 жылы 28,1 млрд. теңгені құрады. Құнсызданудан болған залал 17 млрд. теңгеден аса болды, ортақ және әкімшілік шығындар – 20,8 млрд. теңге, табыс салығы бойынша үнем – 1,1 млрд. теңге. Сонымен 2012жылғы АТФ Банкінің қызметінің нәтижесінде 8,613 млрд. теңге көлемінде шығынға ұшырады.

2013 жылы банктің пайыздық кірістерінің көлемі 58,6 млрд. теңгеден аса болса, ал пайыздық шығыстар 39,8 млрд. теңгені құрады. Сонымен таза пайыздық кіріс 18,7 млрд. теңге көлемінде болды. Банктің комиссиялық кірістері 2013 жылы 11,6 млрд. теңгені құраса, ал комиссиялық шығыстары – 7,6 млрд. теңге. Соынмен банктің таза комиссиялық кірістері 4 млрд. теңгеден асты.

2013жылы банктің таза табысы келесі операциялардан келіп түсті:

- Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар бойынша 2,2 млрд. теңге;

- Өзге операциялық табыстары бойынша 741,3 млн. теңге;

Ағымдағы жылы банк келесі операциялар бойынша залал шекті:

- Пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 10,4 млн. теңге ;

- Туынды қаржылық құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша 800 мың теңге;

- Сату үшін қолда бар қаржылық активтермен жүргізілетін операциялар бойынша 700 мың теңге ;

-  Өтеуі төлеп алынған меншікті қарыз құралдары бойынша 728,8 млн. теңге ;

Нәтижесінде банктің операциялық кірісі 2013 жылы 25 млрд. теңгеден асты. Құнсызданудан болған залал 4,5 млрд. теңгеден аса көлемді , ортақ және әкімшілік шығындар – 14,4 млрд. теңгені, табыс салығы бойынша шыгын – 4,1 млрд. теңгені.Нәтижесінде 2013жылғы АТФ Банктің қызметінің нәтижесі 1,816 млрд. теңге көлеміндегі табысқа алып келді.

Сурет 1-де соңғы үш жылдағы банк табысының серпіні көрсетілген.

Сурет 1. «АТФ Банкі» АҚ табысының серпінділігі,

млрд. теңге1


Сурет 2-де банк шығысының серпіні көрсетілген.


Сурет 2. «АТФ Банкі» АҚ шығының серпінділігі,

млрд. теңге2


Сурет 3-де соңғы үш жылдағы банктің қаржылық қызметінің нәтижесі көрсетілген.

Сурет 3. 2011-2013жылғы АО «АТФБанктің» қызметінің нәтижесінің серпіні, млрд. теңге3
Сонымен АТФ Банктің соңғы үш жылдағы қызметінің қаржылық нәтижелерін талдай отырып келесідей қорытындыға келе аламыз:

- банктің пайыздық кірісі 73,3 млрд. теңгеден 56,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді, яғни орташа шамамен 11%;

- банктің операциялық шығыстары 47 млрд. теңгеден 39,8 млрд. теңгеге дейін төмендеді, яғни орташа шамамен 8%;

- банктің таза пайыздық кірісі 31,2 млрд. теңгеден 18,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді, яғн орташа шамамен 22,5%;

- банктің комиссиялық кірістері 11,1 млрд. теңгеден 11,6 млрд. теңгеге дейін жоғарылады, яғни орташа шамамен 2,7%;

- банктің комиссиялық шығыстары 13 млрд. теңгеден 7,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді, яғни орташа шамамен 21,2%;

- 2011 және 2012 жылдары таза комиссиялық шығын болғандығын байқаймыз, көлемі орташа шамамен 1,5 млрд. теңгені құраған. 2013 жылы 4,055 млрд. теңге көлемінде таза комиссиялық табыс тапқандығын байқаймыз;

- банктің операциялық табысы 33 млрд. теңгеден 25 млрд. теңгеге дейін төмендеді, яғни орташа шамамен 13,2%;

- 2011 және 2012жылғы банктің қызметінің нәтижесі сәйкесінше 8,9 млрд. теңге и 8,6 млрд. теңге көлеміндегі шығынға әкелді. Банктің қаржылық қызметінің мұндай жағымсыз нәтижесі көптеген операциялардан банктің шығынға ұшырау және таза табыстың төмендеуі салдарынан, сондай-ақ табыстың барлық түрінің төмендеуі салдарынан болды;

- 2013 жылы банк өз қызметін таза комиссиялық кірістің өсуі (1,3%-ға) және өзге де операциялық табыстардың жоғарылауы (181,3%-ға), сондай-ақ туынды қаржылық құралдармен операциялар бойынша шығынның азаюы (92 есеге), сату үшін қолда бар қаржылық активтердің ( 82 есеге), құнсызданудан болған залалдың (73,5%-ға), сондай-ақ ортақ және әкімшілік шығындардың (31%-ға) төмендеуі есебінен 1,8 млрд. теңге табыспен аяқтады.


Әдебиеттер:

1. «АТФБанктің» 2011 жылғы 31 желтоқсандағы аудиторлық есебі// htpp//www.kase.kz

2. «АТФБанктің» 2012 жылғы 31 желтоқсандағы аудиторлық есебі// htpp//www.kase.kz

3. «АТФБанктің» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы аудиторлық есебі// htpp//www.kase.kz





2 Е С К Е Р Т У – сурет автормен салынған

3 Е С К Е Р Т У – сурет автормен салынған


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет