«Ақүйік» ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған негізгі жұмыстары жайлы мәліметі



Дата23.02.2016
өлшемі15.47 Kb.
#5967
«Ақүйік» ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған негізгі жұмыстары жайлы мәліметі
Ауылдық округі әкімі аппаратында 2013 жылдың 9 айында 2 шешім, 54 өкім қабылданса, тиісті жоғарғы орындардан 375 құжат кіріске алынып, 356 құжат тиісті мекемелерге жолданған.

Жыл бойына ауыл әкімі атына жеке азаматтардан 1 арыз шағым келіп тіркеліп, тиісінше шешімін тауып отырған. Заңды тұлғадан 1 өтініш түсіп, ол да оң шешімін тапқан. Ауыл әкімінің жеке қабылдауда 12 азамат болып, түсіндірме жұмыстары берілген.

«Мектепке жол» акциясы барысында ауыл тұрғындары мен жастардың, кәсіпкерлердің ұйымдастырумен қаражат жиналып, ата-анасынан айырылған тұл жетім балалар мен бала жастан мүгедек балаларға бір жолғы көмек көрсетілді. Сонымен қатар « Гемакасес» ЖШС –гі 60 мың көлемінде қаржы бөліп, барлығы 30 оқушы заттай көмек көрсетті.

Көркейту көгалдандыру, абаттандыру мақсатында аудан бюджетінен бөлінген 460,0 мың теңге қаражатқа көркейту көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жасалған жобалау - сметалық құжатына сай, ауыл ішілік көрнекі үгіт - насихат құралдары, 2 дана бильборд пен 2 стенд орнатылып, 50,0 шаршы метр банерге жаздырылып, аркалар сырланып, жол жиегіндегі 1700 түп саялы ағаш түптері әктеліп, 141 бағана краскіленді. Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген Ақүйік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылындағы Жамбыл көшесіне қиыршақ тас төсеу жұмыстарынна бөлінген 2234,0 мың толығымен игеріліп жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, көшені жарықтандыру бойынша аудандық бюджеттен 2242,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда ауылдың 5 көшесінің жарығын толығымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді, жылдың соңына дейін есептелген қаржыны игереміз деп отырмыз.

Облыстық бюджеттен бөлінген 2,0 миллион теңге қаржы бөлініп Палуан көшесі бойынан балалар ойын алаңы жасалып, пайдалануға берілді. Бөлінген қаржының 1190,5 мыңы игеріліп, үнемделген 810,0 мыңы игерілмей тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 9 ай ішінде 23 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылып 1194,0 теңге игерілді.

Ауылдағы төрт түлік малдар ірі қара 507 бас, 136 жылқы, 8000 мың уақ малдар бірдейлендіріліп егу, емдеу жұмыстары жүргізілді.



Ақүйік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылындағы 11 көшенің күл- қоқыстары шығарылып тазалау жұмыстары жүргізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет