Өмірдің мәні неде ?
Бізге жалғыз рет қана берілетін өмірді мәнді етіп өткізгеніміз дұрыс-ақ. Өмірдің мәні өзгеге қуаныш сыйлау арқылы өзінді қуанту. Өзгелер қиналғанда оларға көмектесіп, әркез қасында болу. Жақсылық жасап, әдемі көңіл-күйде жүру. Өмірде кез келген оқиға болады. Соның бәріне әркез дайын болып, шыдамды болған дұрыс-ақ. Мен өмірімді мәнді де қуанышты етіп өткізгім келеді. Ата-анама, бауырларым мен туысқандарыма, достарыма әркез көмектесіп жақсылық жасап оларды қуантып, көңілді жүремін. Алға қойған мақсаттарым мен армандарымды орындау үшін әркез алға қарай қадам басып, әрекет жасаймын. Мектепте апайдың үйге берген әр тапсырмасын толық орындап, сабағымды жақсы оқып, өмірде барлық дүниені жасауды үйреніп, оны өз қолдарыммен жасаймын. Бұл өзінше қызық. Өмірімізді мәнді етіп өткізу үшін әркез қозғалыста жүрейік. Мен өмірді шексіз жақсы көремін. Қызығы мен қиындығы үнемі қатар жүретін, кейде көңілдің аспанын күлімдететін өмір жолы ғажап бір құпия әлем болып мәңгі қала бермек. Ол құпия әлемнің жолы кейде даңғыл болса, кейде қылкөпір іспетті адамды үрейлендіруі мүмкін. Осындай сәттер кімнің де болса басынан өтетіні шындық. Өмірдің біраз белестеріне жетіп, талай жолды артқа тастап, бұрылып бір қарап көрсек, үңіліп емес, жай ғана басымызды ақырын ғана бұрып арттағы іздерімізді шолып шықсақ көп нәрселерді аңғарамыз. Күліп те, жылап та көрдік, шаттанып та, өкпелеп те көрдік, мұңайып та, қуанып та көрдік. Алайда, осындай сәттердің бәрінде жүректерімізге ең жақын, ең абзал, ең ардақты әрі мейірімді жандар қасымызда болды. Тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай, қашан да бізді алға сүйрелеген, өздері кейде аш жүрсе де балапандарын тамақсыз қалдырмаған әкеміз бен анамыз қасымызда болды. Бізді жарық дүниеге әкелді, бақты, қақты, тәрбие берді, оқытты. Ең бастысы, адам, азамат болып қалыптасуымызға еңбектерін аямады. Жақындарым аман болсын ❤️
3 тапсырма. Қазақ философиясындағы адам мәселесінің ерекшеліктері
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған.
Дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған.
Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол – қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
Қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе – бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол – ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.
Көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.
Дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Және де көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі – ата-ананы, үлкендерді сыйлау.
Достарыңызбен бөлісу: |