Ақүйік ауылдық округінің әкімі А. Мусаевтің 2013 жылғы 12 айында атқарған жұмысы жайлы ауыл тұрғындарына берген есебі



Дата24.02.2016
өлшемі65.47 Kb.
#16275
Ақүйік ауылдық округінің әкімі А. Мусаевтің 2013 жылғы 12 айында атқарған жұмысы жайлы ауыл тұрғындарына берген есебі.

Бірлік ауылы 15.01.2014 жыл



Құрметті ауыл тұрғындары!

Бірлік ауылында 398 отбасы, онда 2503 адам тұрады. Тұрғын халықтың 1285 ерлер, 1218 әйелдер. Мектеп жасына дейінгі балалар саны 345, мектеп жасындағы балалар 496 , Зейнеткерлер саны 247 . Жалпы ауыл бойынша жұмыс істейтін азаматтар 1215 адам болса, одан бюджеттік мекемелерде 235, бюджеттік емес мекемелерде 6 , шаруа қожалықтарында 26, жеке кәсіпкерлікте 30, ауылдан тыс жерлердегі мекемелер мен ұйымдарда 217, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар (жеке қосалқы шаруашылық , жеке еңбек қызметі, үй шаруашысындағы әйелдер) 513 адам еңбек етуде. Уақытша жұмыссыздар болып отырғандар саны 30 адам. Жұмыс істейтін азаматтары жоқ отбасылар саны-10.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 2, ардагерлерге теңестірілгендер

-43, көп балалы аналар саны -158 , оның ішінде Алтын, Күміс алқа иегерлері -137. Ауыл округі әкіміне қарасты шаруа қожалықтардың жерлерін қоса алғанда жалпы жер көлемі -119278 гектар болса, ауыл әкімінің жер қорында - 5202 гектар жер бар, оның ішінде елді-мекен жері 216 гектарды құрайды.

Ауыл тұрғындарының бейімделген негізгі кәсібі мал шаруашылығымен қоса көкөніс бақшша дақылдарын егумен айналысып, малына шөп дайындайды.

1 қаңтар 2014 жылға ауылдағы мал басы ірі қара малы 1280 басқа ,қой, ешкі 13510 басқа, жылқы 165 басқа , құс 1300 басқа жетіп отыр.

Ауыл округі бойынша 15 шаруа қожалығы, 30 кәсіпкер салық басқармасына тіркеліп, әр алуан кәсіп түрлерібойынша жұмыс атқаруда.

Ауыл тұрғындарына 1 орта мектеп, күндізгі емхана, 65 орындық мемлекеттік балабақша, 50 орындық жеке Ш-``Нұр Асыл`` балабақшасы, 300 орындық ауыл клубы, 17 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана, 310 нүктелік АТС, пошта бөлімшесі, «Актив» «Билайын», «Теле-2» ұялы телефон қабылдағышы халыққа қызмет жасап тұрса, 2013 жылдың қыркүйек айында интернет желісі тартылып, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша жеке үйлерге орнатылуда. Сол сияқты ауыл орталығында 2 шақырымдық ауыз су құбыры, ауыл мешіті, 300 орындық тойхана, 20 орындық қоғамдық монша халық игілігіне жұмыс жасап тұр.

Жылдан жылға ел экономикасының дамуына орай, халықтың да әл-ауқатымен тұрмыстық денгейі жақсарып, олардың сұранысы, талғампаздығы артып келеді және демографиялық өсу денгейі байқалуда. Оның нақты дәлелі өткен жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар саны азайып, бала туу көрсеткіші артып отыр. Атап айтқанда 2013 жылы 12 адам қайтыс болса, 63 бала туылған.

Өткен 12 айда Мемлекеттік тарапынан тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға балалар жәрдемақысы мен тұрғын үй көмегі үшін 6851,5 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Атап айтқанда 125 отбасындағы 384 балаға 5976 мың теңге балалар жәрдемақысы, 37 отбасындағы 221 адамға 874,9 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Сол сияқты өткен 12 айда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 71 азамат жұмыссыз болып тіркелсе, 18 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, ауылдың көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатыстырылды. Оларға аудандық жұмыспен қамту мекемесі арқылы 1400,0 мың теңге еңбекақы төленді. Сонымен қатар 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 2 адам жастар тәжірбиесінен өткізілді.

2013 жылдың көктемгі- күзгі тазалық айларында ауыл бойынша 12 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, оған 450 ден астам адам, 18 техника қатыстырылды. Нәтижесінде 300 тоннадан астам күл қоқыс ауыл сыртына шығарылды. Сол сияқты Шымкент- Самара трассасынан елді мекенге дейінгі тас жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жол бойындағы ағаштарды бұтау, әктеу, арка, паноларды сырлау, бильборд орнату, баннерлерді жаңарту, т.б. жұмыстары атқарылды. Осы жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен 450 мың теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді. Бұл жұмысқа ауылдағы мектеп, балабақша, клуб қызметкерлерімен қатар ауыл тұрғындары бір кісідей ат салысуда. Ауыл тұрғындадарын тазалық пен көркейту көгалдандыру жұмысына жұмылдыру мақсатында ауылдағы 11 көшеге 18 ауыл белсенділері бекітіліп олар әрбір үйдің осы жұмысқа ат салысуын қамтамасыз етіп отыр.

Ауылда биылғы жылы бірінші рет «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары мен жастардың, кәсіпкерлердің ұйымдастырумен қаражат жиналып, ата-анасынан айырылған жетім балалар мен бала жастан мүмкіндігі шектеулі 28 балаға 85 мың теңгеге бір жолғы көмек көрсетілді. Бұл жұмыста ауылда мектеп жанында қосымша құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Гемакасес» ЖШС –гі 60 мың көлемінде қаржы бөліп 20 оқушыларға заттай көмек көрсеткендігін атап айтуға болады..

Өздеріңізге белгілі ауылда 11 көше болса, оның 6 көшесіне асфальт салынып, 4 көшесіне қиыршақ тас төселінген. Биылғы жылдың қыркүйек айында аудандық бюджеттен бөлінген 944 мың теңгеге Жамбыл Жамбыл көсешінің 1 шақырымына қиыршақ тас төселіп, су өтетін екі жеріне труба қойылды. қалған 800 метрі қара жол болып тұр, оны келер жылдары жөндеу жоспарланған.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен 100 млн. аудандық бюджеттен 41 млн. теңге барлығы 141 млн.теңге қаржы бөлініп, ауылдағы №55 орта мектептің жанынан спорт залы, шеберхана және асхана құрылыс нысандары салынды. Өкінішке орай құрлыс жұмыстары толық бітпеуіне байланысты қазіргі уақытқа дейін қабылданбай отыр. Бұл құрлыстары 2013 жылдың 10 желтоқсан айына дейін бітуі керек еді. Сонымен қатар Облыстық бюджеттен

бөлінген 2,0 миллион теңгенің 1,190 мың қаржыға Палуан көшесі бойынан балалар ойын алаңы жасалып, пайдалануға берілді. .

Ауыл тұрғындарының жеке малдарын жұқпалы аурулардан алдын алу мақсатында сібір жарасына қарсы 1301 бас ірі қараға, 15569 бас уақ малға, 189 бас жылқыға, күл мен ауысылға қарсы 1676 бас ірі қара малға, 20121 бас уақ малға, вакциналар егіліп, 1210 бас ірі қарадан, 19108 бас уақ малдан бруцеллезге қарсы тексеруге қан алынып, тексеруден өткізілді. Қортындысы бойынша бруцеллез ауруы анықталмады.


Ауыл округі бойынша тұрғындардын жиналатын міндетті жер, мүлік салығы 100% орындалып, көлік салығы бойынша 70% орнындалды. Көлік салығының орындалмау себебі, ауылдағы көптеген азаматтарымыз өз атындағы автокөліктерінің аудандық МАЙ-дан тіркеуден шығармай сенімхат арқылы сатып жіберген, немесе тозығы жеткен көліктерін есептен шығармаған. Нәтежесінде аудандық салық басқармасы аудандық мемлекеттік

автоинспекция тіркеу орнынан алған мәлімет бойынша бұрынғы сатылып кеткен, қайтыс болған адамдарға, тозығы жетіп орнында жоқ автокөліктерге салық есептеп, осындай салық төлеуге жатпайтын көліктер біздің ауыл бойынша жүздің үстінде болып отыр.

Есеп беріп отырған мерзімде ауыл әкіміне жазбаша 4, ауызша 9 өтініштер түсіп, оның көпшілігі оң шешімін тапты. Ауыл әкімінің құзырына жатпайтын, шеше алмайтын мәселелер жоғарғы тұрған құзырлы мекемелерге жолданып, өтініш иелеріне дер кезінде жазбаша, ауызша хабарланды.

Жыл бойында аудан әкімдігі мен бөлімдерінен, мекемелерден қатынас 420 құжаттар түсіп, басшылық, бақылауға алынып, мәлімет, зерттеулерді қажет ететін құжаттар уақтылы жауап берілген және түрлі аудандық облыстық мекемелерге 358 түрлі мазмұндағы хаттар жіберілді.

Ауыл тұрғындарымен 21 рет түрлі жиналыстар мен отырыстар өткізіліп, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданып, орындалуы бақылауға алынды. Елбасының Халыққа Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық насихаттық топтардың қатысуымен 4 рет ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Сондай- ақ ауыл жастары, мекеме басшыларымен бірлесе отырып түрлі денгейдегі атаулы күндер қарсаңында 14 рет мәдени- көпшілік, спорттық шаралар, мерекелік концерттер, болып өтті.

Сондай- ақ ауылдың біраз көшелерінің электр желісіне жаңартуға, жаңадан қосылған Нарынбаева көшесіне электр желісін тартуға, трансформатор орнатуға өтініш беріліп, сызбасы қоса тапсырылды. Бұл жұмыста алдағы уақытта атқарылады деп күтілуде.

Ауылды ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету үшін республика бойынша бағдарлама дайындалып, бұл жұмыстар екі, үш жылдың көлемінде іске асады деген үміттеміз.

Ендігі кезекте ауылда жаңадан бала бақша соғу болып тұр. Бұл мәселеде шешілгелі тұр. Облыстық экономика, жоспарлау бөлімінің тізіміне еніп отыр. Оның құрылысы 2015 жылға жоспарланған. Ол үшін алдын ала АПЗ-сын жобалық- сметалық құжаттарын дайындауды, қаржы мәселесіне шешуіміз қажет.

Осыдан кейін ауыл әкімі аппаратында штаттық өзгерістер болып мемлекеттік әкімшілік қызметке заңгер болып осы ауылдың азаматы Тілеуқабылов Жеңіс және есепші болып бұрын осы қызметтен қысқартылған Әбсаттарова Айгүл қызметке конкурстық ріктеу жолымен қабылданды. Ауыл әкімі аппаратына жаңадан салықшы штаты беріліп оған Мамеков Азамат, жарты ставкамен компьютер бағдарламашысы болып Мықтыбайұлы Асхат жұмысқа қабылданды. Сол сияқты қарауыл Е. Найманбаевтың басқа жаққа көшіп ктуіне байланыст оның орынына Ыдырысов Рүстембай, шофер Мамаеков Азаматтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның орынына Кемелбеков Ғабит жарты ставкамен жүргізуші болып қабылданды. Міне біздегі ауыс-түйістер осы.

Сіздерге айтатын қосымша тағы бір жаңалық 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару Заңына сәйкес аудандық мәдениет үйінен Бірлік клуб үйі ауылдық округіне әкіміне беріліп отыр.

Сондайақ- Жаңақорған ауданы бойынша 3 (үш) – ауылдық округ тіректі елді енсе. Соның бірі Ақүйік ауылдық округіне қарасты Бірлік елді мекені мақұлданып келісім беріліп отыр . Казіргі таңда ауылдағы жеке кәсіпкерлер мен бірлесе отырып ауылдағы салынатын әлеуметтік нысандар жөнінде аудандық экономика әне жоспарлау бөліміне 2014-2015-2016 жылдарға арналған даму жоспары берілді.



Үстіміздегі жылдың 16 қаңтары күні ауыл әкімі Р.Мамеков мырза сіздердің алдарыңызда есеп берген болатын. Осы жиналыста шығып сөйлеген ауыл тұрғындары А.Асанов ауылдағы жабылып қалған аурухананы ашу жөнінде, Ж.Сейтов аудан ордалығымен автобус қатынасын қалыпына келтіру жөнінде ұсыныс пікірлерін айтқан болатын. Бұл мәселеге байланысты арнайы іс шаралар жасалып тиісті мекемелер алдына мәселе қойылды. Осыған орай 2014 жылдан бастап ауылдағы аурухана 10 орындық болып ашылатын болды. Ал автобус қатынасы туралы мәселе шешімін таппай тұр. Себебі бәрімізге белгілі жеке таксилер адамды автобусқа қалдырмайды. Нәтижесінде автобус өзін-өзіақтамайды. Нарық заманында ондай шығынға ешкім де бармайды.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет