2. Сент-Илер еңбектері
Этьен Жоффруа Сент-Илер -француз зоологы, британдық эволюционист Ч. Дарвиннің континенталды ізашары.
Ұлы француз натуралисті Джеффруа Сен-Илердің (1772-1844) таңдаулы еңбектері, Оның салыстырмалы анатомия, зоология, таксономия, палеонтология саласындағы көрнекті зерттеулері, соның ішінде классика: “Анатомия философиясы”(1818-1822) , «Зоология философиясының принциптері» (1830), «Жануарлар формаларының өзгеруіне қоршаған ортаның әсер ету дәрежесі...» (1833), сондай-ақ «Прогрессивті табиғат зерттеушісінің этюдтары».
Бальзак өзінің «Горио әке» романының алғы сөзін мынадай арнаумен жазды: «Ұлы және әйгілі Джеффруа де Сент-Илерге оның шығармашылығы мен данышпандығына таңданыс белгісі ретінде», - деп жазды ол Кювье мен Сен-Илер арасындағы әйгілі тартыс туралы. «Адам комедиясының» алғы сөзі, мұнда ол өз сөзіне сәйкес, басқалармен қатар, соңғысының теорияларын қоғамға қолдануды мақсат етті.
Джеффруа Сент-Илердің түпнұсқа ғалым ретінде қалыптасуы Египетке (1798–1801) экспедиция нәтижелерімен алдын ала анықталған. Сүтқоректілердің 17 жаңа тұқымы мен түрін ашушы. Ол адамзатқа бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің 25 тектері мен түрлерінің бар екендігін көрсетті. Ол балықтардың бұрын белгісіз болған 57 тұқымы мен түрін зерттеп, ғылыми беделін нығайтты. Оның ерекше еңбегі - полиптерус реликті балығының ашылуы және зерттелуі.
3. Түрлердің көптүрлілігін сақтау бойынша әлемде және Қазақстанда орындалып жатқан іс-шаралар
Адам әрекеті көбінесе көп түрлер популяцияларының сан мөлшерінің кемуімен қабаттаса жүреді. Бұл особьтарды шектен тыс жою, тіршілік жағдайларын нашарлату нәтижесінде, айналадағы ортаны ластау, жануарларды, әсіресе, көбею кезінде мазалау, сондай-ақ ареалдың аумағын кеміту және т. б. салдарынан өтіп жатады.
Жерде 1900 жылға таман сүтқоректілердің 65 түрі және құстардың 140 түрі жойылып кетті. Қазіргі уақытта омыртқалылардың 600-ге жуық түрі (бірсыпыра киттер, керіктер, тас- бақалар, тырналар, дуадақтар және басқа толып жатқан түр- лер) толық жойылып кету шегінде тұр; сусиыр мүлдем өліп бітті. Жердегі жоғары сатылы өсімдіктердің 250 мың түрінен 1/10-іне жуығына қауіп төнуде. Сібір самырсыны, европа және-қиыршығыс тиссасы, кавказ темірағашының саны сиреп кетті.
Түрлерді қорғау. Өсімдікгер мен жануарлар түрлерін сақтап қалу қажеттігінен сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің алдымен жеке мемлекеттердегі, соңынан бүкіл дүние жүзі бойынша мәліметін жасауға тура келді. 1948 жылдан бері табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық одағы - МСОП мемлекеттік, ғылыми және қоғамды
Деректі «Қызыл кітапқа» мынадай түрлер тіркеледі: жойылып бара жатқан түрлер - оларды тек арнайы қорғау шараларын ұйымдастырғанда ғана сақтап қалуға болады; сирек кездесетінтүрлер - сан мөлшерінің аздығы және шектеулі болуынан олардың жойылып кетуі мүмкін; саны азайып бара жатқан түрлер - сан мөлшері ұдайы құлдырайды; тұрлаусыз түрлер - жай-күйі аз зерттелген популяциялар. МСОП аталған төрт категорияға жататын жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сатуға шектеу туралы халықаралық келісім жасады.
Совет ғалымдары МСОП пен Халықаралық комиссияның жұмысына іскерлікпен қатысып, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тізімдерін СССР территориясында мекендейтін түрлер және түр тармақтарымен толықтырады. «СССР Қызыл кітабы» жасалды.
«Қызыл кітапқа» тіркелген түрлер ерекше қорғауға алынады.
Елімізде түрлерді қорғау мәселесіне орасан зор назар аударыла бастады. Тіпті 1919 және 1922 жылдардан бастап-ақ жабайы есек-құлан, қарақұйрық, ақ аю, жолбарыс, ілбіс, құндыз, зубр, жұпартышқан, үлкен ақ тырна, қоқиқаз, гага, аққулардың барлық түрлері және басқа да көптеген түрлер арнаулы декрет және қаулылармен қорғауға алынды. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 18 түрі мен ауланатын құстардың 29 түрлерін аулауға мүлде тиым салынды. Мысалы, құндыз, камшат, сусар, сібір бұлғыны, теңіз мысығы тек лицензия бойынша ғана ауланады. Осындай шараларды біртіндеп жүргізу нәтижесінде көптеген түрлер популяциясының сан мөлшерінің кемуі тоқталып, олардың өсуіне мүмкіндік берді. Алайда, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінен мекен орындарының өзгеруіне байланысты бірқатар түрлердің сан мөлшері (бұқар бұғысы, құлан, жолбарыс, қабылан, жұпартышқан) әлі де кеми түсуде.
Табиғи процестер барысында адам әрекетіне жол бермейтін территориялар -қорықтар түрлерді қорғау қызметін атқарады. Мұнда табиғатта жойылып бітті дерлік түрлерді қорғап, қалпына келтірудің ғылыми негіздері жасалады. Беловеж орманындағы зубрлар, Астрахан қорығындағы үлкен ақ тырна, Қандалакша қорығындағы гага, міне, осылай құтқарылды.
Түрлерді қорғау үшін ұлттық парктер де ұйдастырылады, онда ғылыми зерттеулерге арнап жануарлар толық тыныштықта болатын аймақтар бөледі де сирек кездесетін өсімдіктер учаскелерін қоршап қояды. Қалған территория келіп-кетушілерге арналған. Ботаникалық бақтар мен хайуанаттар парктерінде жабайы флора мен фаунаның ресурстарын зерттеп, түрлерді жерсіндіру, биологиялық білім тарату, адамның табиғат алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.
Түрлерді ұтымды пайдалану біртұтастығын сактап қалу үшін популяцияның сан мөлшерін басқару қарастырылады. Бұл табиғатқа байланысты кез келген шаруашылыққа қатысты жағдай. Ормандағы ағашты қайтадан қалпына келтіруді ескере отырып кеседі; балық аулауды, хайуанаттар атуды популяцияларын ұдайы өсіру жолдарын есепке ала отырып жасайды.
Түрлерді қорғау өнеркәсіптің жаңа технологияға - атмосфераны, суды және топырақты өндіріс қалдықтарымен ластамау ісіне көшуіне себепші болады. Тоғандар мен тоқтаулардағы өнеркәсіптік суларды биологиялық әдістермен тазартуды енгізіп, өсімдіктерге жарамды өндірістік үйінділерді топыраққа айналдырудың маңызы орасан зор. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресте тек зиянкестерді ғана емес, сонымен бірге басқа да жануарлар мен өсімдіктер түрін жойып жіберетін улы химикаттарды қолданудан бас тартып, мүмкіндігі бар жерлерде биологиялық әдістер кеңінен пайдаланылуда.
1980 жылы маусымда қабылдаған атмосфера ауасын қорғау туралы Заңында және жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы Заңында Отанымыздың табиғи ортасын қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүддесіне сай адамгершілікпен және ғылыми негізде ұтымды пайдалану қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |