Қайпова Айдын
2 cеминар жұмысы
1. Түрлердің көптүрлілігі
Түр — тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық бірлік; жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің негізгі таксономиялық өкілі
Түрлердің көптүрлілігі – ұзақ уақытқа созылған тарихи дамудың немесе эволюцияның нәтижесінде түрлердің біреулерінің өлімге ұшырауы, екінші біреулерінің тіршілік жағдайларына бейімделіп өзгермеуі, үшіншілерінің ағзалардың құрылысы күрделенген жоғары топтарына бас болуы (яғни олардан күрделі құрылысты жоғары деңгейдегі ағзалардың шығуы).
Түртүзілудің жолдары мен жылдамдығы.
Кез-келген түрлер кеңістікте біркелкі таралмай, топ құрып орналасады. Бір түрдегі даралардың тобы көп те, аз да болады және олардың тіршілік етуі ұзақ жылдарға немесе 2-3 ұрпақ бергенге дейін ғана созуы мүмкін. Мысалы, көп жауған жаңбыр суынан уақытша пайда болған шалшық суға бақалар уылдырық шашып, тіршілік ете бастайды. Бірақ олардың тіршілігі ұзаққа бармай, ыстықтан шалшық су кепкенде қырылады. Керісінше үлкен көлдерді мекендейтін түрлер бірде азайып, бірде көбейіп жатса да ұзақ уақыт тіршілік етеді. Популяция - белгілі бір таралу аймағында ұзақ уақыт тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. Популяцияда тіршілк ететін даралар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұрақты популяциядағы жас ерекшеліктері әртүрлі. Популяцияның ең негізгі ерекшелігі - ондағы даралардың генотиптерінің ұқсастығы. Түрлердің барлық қасиеттері мен белгілері өте ұқсас, сондықтан популяцияның ішінде еркін шағылысу жиі және жеңіл болады.
Түртүзілу түр тармағы арқылы жүзеге асатынын кезінде Чарлз Дарвин анықтап берді.
1. Әрбір түр тармақтан басқа түр шығады.
2. Жаңа түрдің түзілуіне жеке топтардың бейімделушілігі мен әртүрлі жағдайлар әсер етеді.
3. Бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңа түр шығады.
4. Таралу аймағының ішіндегі бастапқы түрден түр түзіледі.Бұл түзілудің бірнеше жолдары бар: а)кариотиптің тез өзгеруі; ә) экологиялық немесе маусымдық оқшаулану және т.б.
Жаңа түрдің түзілуіне әртүрлі жағдайлар әсер ететін мысалмен дәлелдейік: туыстық жағынан жақын организмдер физикалық кедергілерден географиялық оқшаулануға ұшырайды. Таулы аймақтарда жеке төбелер алқаптардың арасын бөліп тұратындықтан алқаптарға қарағанда таулы жерлерде әртүрлі түрлер көбірек болады. Мысалы, АҚШ-тың таулы аймағының батыс бөлігнде қояндардың 23 түрі мен тармағы кездеседі. Жазық жерлерінде, яғни шығыс және батыс бөліктерінде қояндардың тек 8 түрі кездеседі. Бір-біріне жақын орналасқанымен арасын тау жоталары бөліп, мәңгі қар басып жататындықтан ол жерде өсімдіктер мен жануарлардыңтек сол жерге тән түрлері болады. Географиялық оқшаулану бұзылғын жағдайда бөлініп кеткен түрлер қосылып, шағылысуы мүмкін. Тек генетикалық алшақтығы болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |