Қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты»



Дата05.07.2016
өлшемі15.7 Kb.
#180223



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын

қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29,


256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» деген бөлімде:

реттік нөмірі 44-115-жол алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын.



4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет