Айтымов, А. К. Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы



Дата13.06.2016
өлшемі112 Kb.
#134060
Айтымов, А. К.

Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология.Медицина.География сер.= Вестник КарГУ.Сер.биология.. - 2010. - №1. - С. 89-93 б.
Адамның ағзасы жаңа климаттық-географиялық ортаға маңызды организм қызметтерінің жұмысын қайта құру арқылы бейімделеді. Олар бірден іске аспайды. Үрдістің денсаулыққа жəне ағзадағы қызметтерге зиянсыз жүруін əр түрлі тиімді шараларды қолдану арқылы қамтамасыз ету үшін, оны толығымен зерттеп, ғылыми негіздерін жасау керек [1].

Техногенді ластаушы физикалық, химиялық жəне басқа себептер осыны өз қолымен жасаған адамдардың денсаулығына көптеген ауыр əсерлер тигізіп, организмнің түрлі патологиялық жағдайлардың пайда болуына себепші болады. Мемлекетіміздің көптеген ірі өндіріс қалалар аймақтарында қалыптасқан экологиялық жағдайларды биогеохимиялық апатты жағдай деп қарастыруға болады [2].

Теміртау қаласының барлық аумақтары қоршаған орта жоғары дəрежеде техногендік əсерлерге ұшырап, өмір сүруге жайсыз орта қалыптасқандығын анықтады. Бұл қоршаған ортаға, оның ішінде атмосфералық ауада, суда жəне топырақта ауыр металдар шоғырлану деңгейі қалыпты гигиеналық шамадан жоғарылауына əкеліп соғады.

Теміртау атмосферасының ластануына себеп болатын негізгі көздер қала маңында жəне аймағында орналасқан металлургиялық өнеркəсібі, металдарды өңдеу, химиялық өнеркəсіп, автокөліктер жəне электроорталық болып табылады. Өндіріс орындарының аумағы онда жұмыс атқаратын адамдардың үнемі немесе уақытша тұрғыны ретінде жəне белгілі бір құрамдағы атмосфералық ауаның пайда болатын аумағы ретінде үлкен маңызға ие. Ластанған ауа өндірістік ортаға жəне өндірістік ошақты айнала орналасқан қоршаған ортаға таралады. Ауаның таралу заңдылықтары өндірістік ластаушы заттарды қоршаған ортадағы таралу ерекшеліктерін де анықтайды. Ауаның таралу заңдылықтарын есепке алмай жоспарланған қала мен өндірістік ошақтың құрылысы қоршаған өмір сүру ортасының барынша жоғары дəрежеде ластануына алып келеді [3].

Қоршаған табиғи ортаның химиялық заттармен ластануы, оның ішінде антропотехногендік химиялық заттармен ластануы иммундық жүйенің əр түрлі бөлімдеріне айтарлықтай əсерін тигізіп, ағзаның оған тəн емес иммундық реакциялардың қалыптасуына алып келеді. Осындай өзгерістерге химиялық заттардың болмашы көлемдегі əсері де алып келуі мүмкін. Себебі əр түрлі химиялық заттардың ағзаны уландырғыш əсері əр түрлі болады. Бұл жерде Теміртау қаласының өмір сүру ортасында кездесіп отырған ауыр металдар, оның ішінде ауыр металдар өзінің ағзаға зияндылығы жағынан өте қауіпті улы заттардың қатарына жатады. Осыдан қоршаған орта нысандарының ластануына байланысты ағзаның қорғаныс механизмдерінің бұзылуы жəне оның жаңа экологиялық-гигиеналық ортаға бейімделуіне тигізетін əсерін зерттеудің маңызы артып отыр. Бұл жағдай əсіресе ағзасы жарақатқа тез шалдығатын балалар организміндегі иммундық жəне бейімделгіштік реакциялардың жағдайын тексерудің маңыздылығы аса жоғары екенін көрсетеді [4, 5].

Балалар мен жасөспірімдер қауымы республика тұрғындарының ең көп санды топтарының қатарына жатады. Олардың тұрғындар арасындағы үлес салмағы 40 % дейін жетеді. Оралман балалар ағзасы қоршаған өмір сүру ортасының көп бағытта əсер ететін əлеуметтік, қоғамдық, экономикалық, табиғи, климаттық, оқу-тəрбиелік, тұрмыстық жəне тағы басқа себептердің əсеріне бейімделуі тиіс.

Бұл жағдай оралман балалардың жүйке, қан айналу мен жүрек, тыныс алу жүйелеріне жəне жалпы ағзаға күшті қысым түсіреді, бейімделгіштік механизмінің қызметін іске қосады [5].

Мектеп жасындағы оралман балалардың жаңа климаттық жəне географиялық ортаға бейімделуі қазіргі таңдағы ерекше маңызы бар мəселелердің бірі болып саналады. Жаңа өмір сүру ортасы оралман балалар ағзасына айтарлықтай қысым түсіріп, олардың сыртқы əсерге төзімділік қасиетін өзгеріске ұшыратады. Жаңа өмір сүру ортасына оралман балалар ағзасының бейімделу жылдамдығы бірнеше факторларға байланысты болады. Олардың ішінде жалпы жəне иммунологиялық қорғаныстың қуатын айтуға болады. Бейімделгіштік үрдіс ішкі ағзалар мен жүйелер қызметінің қайта құрылуы арқылы жүзеге асады. Ол организмнің иммундық-физиологиялық белсенділігінің өзгеруіне байланысты [6].

Қоршаған өмір сүру ортасының тұрғындар денсаулығының ең қатты əсер ететін себептерге жергілікті жерде қалыптасқан, баяу өзгеретін климаттық-географиялық жағдай болып табылады.

Берілген себептер мектеп жасындағы оралман балалардың организмдерінде əр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Балалар организмінде жүретін физиологиялық үрдістерді бақылау, организмдер мен жүйелердегі физиологиялық ауытқуларды тез анықтап, қажетті сауықтыру шараларының ғылыми негіздерін құрастыруға жағдай туғызады. Осының арқасында ғылыми ұсыныстарды оралман балалардың жергілікті климаттық-географиялық ортаға жайлы бейімделуіне тиімді етіп қолдануға алып келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу сапасы, қолданылған сынамалардың тиімділігіне тікелей байланысты. Тəжірибе жүргізу барысында жіберілетін қателер алынатын деректердің құндылығына нұқсан келтіріп, теріс деректер алуға негіз болады. Бұл ауытқулардың бірнеше себебі бар. Оның негізгісі тəжірибе кезінде анықталған физиологиялық қалыпты көрсеткіштердің таралу ауқымы өте кең. Зерттеуге алынатын нысандар саны көп болмағанымен, жүргізілетін сынақтардың күрделілігі жəне зерттеу нысандарын қасиеттеріне қарай бөлудің күрделілігімен анықталады. Сонымен қатар берілген қиындықтар зерттеудегі статистикалық сараптау жұмысын барынша ауырлатады. Көбінесе зерттеушілердің шамасы өзгерістердің бағытын тіркеуге немесе иммундық қызметтің салыстырмалы тұрғыдағы нашарлауын белгілеуге ғана келеді.

Зерттеу жұмысын лабораториялық сынамаларды жасап, климаттық-географиялық себептердің оралман балалардың ағзасында туындататын бейімделгіштік өзгерістерін анықтауға негізделді.

Осының арқасында мектеп жасындағы оралман балалар ағзасындағы физиологиялық ауытқуларды тіркеуге жағдай туды. Теміртау қаласының климаттық-географиялық жағдайын сəйкесінше айқын жəне таза етіп көрсететін бақылау аумағы ретінде қаланың оңтүстік-шығыс тұрғын аймағы алынды.

Осы тұрғын аймақта соңғы 10 жыл бойы тұрақты өмір сүретін жəне осы аймақтағы № 8 орта мектепте оқитын балаларды (жергілікті) бақылау аймағының балалары ретінде, ал осы аймаққа соңғы 5 жылда келіп қоныстанған мектеп жасындағы оралман балаларды бақылау аймағына қоныстанған оралмандар ретінде қарастырдық. Осы жергілікті қаланың оңтүстік-шығыс аймағында өмір сүріп жатқан мектеп жасындағы балалар мен осы аймаққа қоныстанған оралман балалар ағзасындағы физиологиялық өзгерістерге динамикалық бақылау жүргізу жəне алынған деректерге ғылыми

тұрғыда баға беру, климаттық-географиялық жағдайдың ерекшеліктері оралман балалар ағзасындағы иммундық жүйенің бейімделу үрдісін анықтауға жағдай туғызды. Бұл жерге қоныс аударған балалардың иммундық жүйесіндегі жүріп жатқан бейімделу үрдістің бағытын анықтау мақсатында, мынандай иммунологиялық сынамалар қолданылды: лейкоциттер мен лимфоциттердің жалпы санының өзгерістері, лейкоциттер миграциясын тежеу реакциясының қуаты, нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігі жəне қан айналымындағы иммундық комплекстер санының өзгерістерін анықтап, баға беру. Бұл сынамалар белгілі бір деңгейде түсірілген физикалық

ауыртпалыққа, бала ағзасының жауабы иммундық жүйеде қандай өзгерістер туғызатындығы арқылы бағаланып отырылды.

Зерттеліп отырған оралман балалар екі топ болып жіктелді. Бірінші топты солтүстік жəне шығыс мемлекеттерден, яғни Ресейден жəне ауа райы салыстырмалы тұрғыда салқын жəне ылғалдылығы жоғары республиканың солтүстік аймақтарынан, келген балалар құраса, екінші топты географиялық жағдайы айқын континентальді, ауа температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта орналасқан Өзбекстан, Түркіменстан Республикаларынан келген мектеп жасындағы оралман балалар құрады.

Адам біртұтас организм болғандықтан, ол сыртқы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Ағза ол барлық рефлекстерді сыртқы ортаға бейімделу реакциясы ретінде қарастырады. Адамның өсіп-өнген, тəрбиеленген, жұмыс атқарған ортасы мен оны қоршаған табиғи орта себептерімен қатынасын есепке алмай, оның өсу жəне жетілу заңдылықтарына баға беру барлық кезде мүмкін болмайды. Адамның өмірі тоқталмай, үнемі өзгеріп отыратын құбылыс. Гетерохронды өсу бала организміне ғана тəн құбылыс емес, олардың ішкі органимздердің дамуына да тəн.

Қазіргі кезде оралман балалардың жаңа қоныс аударған жердегі олардың денесінің адаптациясы организмнің кез келген жаңа өмір сүру ортасына бейімделуі кезінде ең басында кардиореспираторлық жүйе қызметінде өзгерістер туады [7].

Оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделуі үрдісі бойынша жұмысты жүргізу үшін Теміртау қаласында орналасқан № 15 гимназияда №№ 8, 23, 14, 4, 5 орта мектептерінде оқып жүрген 80 жергілікті жердің ұлдары мен қыздары жəне 80 оралман балалары қатысты.

Кардиореспираторлық жүйенің қызметтік жағдайын физиологиялық тұрғыда бағалау оқу жылының (2009–2010 оқу жылы) басында жəне ортасында іске асырылды. Оның барысында мынандай көрсеткіштер зерттелді: өкпенің өмірлік көлемі, тыныс алу жиілігі, жүректің жиырылу жиілігі. Бұған спирометриялық, электрокардиография аспаптары қолданылды. Алдын ала балалардың антропометриялық сипаттамасы анықталды, оның ішінде бойының ұзындығы мен салмағы тексерілді.

Кардиореспираторлық жүйе қызметі кез келген сыртқы ортаның қысымына дер кезінде, қысымның қуатына сай жауап қайтара алады. Осы үшін ағза жəне кардиореспираторлық жүйе ішкі қорларын іске қосады. Алайда ағзаның ішкі қорлары себептерінің қуаты осы шектен артық болған жағдайда, кардиореспираторлық жүйеде қысқа мерзімдік немесе тұрақты қызметтік ауытқулар пайда болады [5,6].

Ағза қызметінің қалыпқа түскен қосымша қуатының шамасы туралы пікір айту үшін, оған дене жүктемесін беруді есепке алу қажет. Зерттелген балаларға 15 рет отырып тұру ұсынылды. Осы физикалық ауыртпалықтардан кейін анықталған қызметтік сынақ ағзаның жалпы бейімделгіштік қуатына баға беруге жағдай туғызады. Дене жүктемесін қолдана отырып жүргізілетін сынамалар оқушылар арасына 5 күн салып екі рет өткізілді. Гематологиялық жəне иммунологиялық зерттеулер дене жүктемесінің алдында жəне соңында жүргізілді. Балалар арасында барлығы 426 рет қанның зерттеулері алынды.

Балалардың кардиореспираторлық жүйесінің жаңа климаттық-географиялық ортаға бейімделу үрдісін зерттеу мақсатында 8–13 жастағы балалардан үш топты құрдық. Бақылау тобын қаланың оңтүстік-шығыс аймағында өмір сүріп жатқан жергілікті балалар құрады (кестені қара).



Берілген топтардағы балалардың кардиореспираторлық жүйесінің қызметтік қуатын анықтау мақсатында ағзаның қалыпты жағдайындағы жəне белгілі бір деңгейдегі дене жүктемесін берген жағдайдағы көрсеткіштерін салыстырмалы түрде сараптаудан өткіздік. Дене жүктемесінен кейінгі кардиореспираторлық қызметтің бейімделу реакциясын жақсы, қанағаттанарлық жəне нашар деген бағалармен сипаттадық. Бақылау тобындағы балалардың қалыпты жағдайдағы физиологиялық көрсеткіштері мынандай болып шықты. Жүректің соғысы минутына орта есеппен 77,1 ден 80,12 ретке, артерияның систолалық қысымы сынап бағанасы бойынша 106,68 мм-ден 109,44 мм-ге, артерияның диастолалық қысымы 56,1 мм-ден 58,12 мм-ге, тыныс алудың минуттық көлемі 5,99 литрден 7,49 литрге, оттегіні шығындау коэффициенті 36,13 мл/л-ден 37,61 мл/л-ге, өкпенің өмірлік көлемі 4,26 л-ден 4,38 л-ге дейінгі аралықта қалыптасқан болып шықты. Бұл анықталған көрсеткіштердің деңгейі физиологиялық қалыпты деңгейге тура келеді.
к е с т е

Кардиореспираторлық жүйенің жеке қызметтік көрсеткіштерін климаттық-географиялық жағдайга бейімделу реакциясын бағалау

Зертгеу тобы


Көрсеткіштер

Қалыпты жағдайда

Физикалық ауыртпалықтан кейін



Қызметтік көрсеткіштің реакциясын бағалау қорытындысы


Бақылау тобы, п=20

Жүректің минуттық соғысы

78,61±1,51

104,51±2,06

Жақсы




Артерияның систолалық қысымы

108,06±1,38

112,04±1,67

Жақсы



Артерияның диастолалық қысымы

57,11+1,01

58,48±1,24

Жақсы



Тыныс алудың минуттық көлемі (литрмен есептегенде)

6,74±0,75

10,40±0,41

Жақсы



Оттегіні шығындау коэффициенті (мл/л)

36,87±0,74

38,37±0,92

Жақсы



Өкпенің өмірлік көлемі

4,32±0,06

4,52±0,07

Жақсы

Оңтүстік мемлекеттерден келген балалар тобы, п=20

Жүректің минуттық соғысы

83,21±2,97

148,74±3,18

Қанағаттанарлық



Артерияның систола кезеңіндегі қысымы

110,41±1,69

130,15±1,87

Нашар



Артерияньщ диастола кезеңіндегі қысымы

59,65±1,42

69,11±1,75

Нашар



Тыныс алудың минуттық көлемі

8,03±0,44

19,82±0,61

Нашар



Оттегіні шығындау коэффициенті

37,96±0,94

40,39±1,05

Қанағаттанарлық



Өкпенің өмірлік көлемі

4,09±0,08

7,83±0,16

Қанағатганарлық

Солтүстік, шығыс мемлекеттерден келген балалар тобы, п=20

Жүректің минуттық соғысы

79,84±1,25

105,28±2,09

Жақсы



Артерияның систола кезеңіндегі қысымы

108,12±1,74

114,53±1,72

Қанағаттанарлық



Артерияның диастола кезеңіндегі қысымы

56,92±1,61

60,58±1,29

Қанағатганарлық



Тыныс алудың минуттық көлемі

6,31±0,54

10,35±0,38

Жақсы



Оттегіні шығындау коэффициенті

36,98±0,52

38,20±0,88

Жақсы



Өкпенің өмірлік көлемі

3,98±0,04

4,47±0,06

Жақсы

Оңтүстік мемлекеттерден келген балалар тобын қаланың осы аймағына оңтүстік елдерден (Өзбекстан, Түркіменстан) Келген оралман балалар құрайды.

Берілген топтағы оралман балалар ағзасы, оның ішінде кардиореспираторлық жүйе қызметі акклиматизация үрдісімен қатар қоршаған өмір сүру ортасының экологиялық-гигиеналық жағдайына бейімделу үрдісін бастан өткізеді. Осы топтағы балалардың қалыпты жағдайдағы кардиореспираторлық жүйе қызметінің көрсеткіштері мынандай деңгейде көрініс берді: жүректің минуттық соғысы орта есеппен 80,24 реттен 86,18 ретке дейінгі, артерияның систолалық қысымы 108,72 мм-ден 112,1 мм-ге, артерияның диастолалық қысымы 58,23 мм-ден 61,07 мм-ге дейінгі, тыныс алудың минуттық көлемі 7,59 л-ден 8,47 л-ге дейінгі, оттегіні шығындау коэффициенті 37,02 мл/л-ден 38,90 мл/л-ге дейінгі, өкпенің өмірлік ойымдылығы 4,01 л-ден 4,17 л-ге дейінгі аралықта қалыптасқан болып шықты. Бұл деңгейлер көрсеткіштер физиологиялық қалыпты деңгейлерден едəуір жоғары. Ал оралман балалар ағзасына қосымша дене жүктемесін бере отырып, кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу реакциясын тексеру мынандай қорытындыларды берді. Жүректің минуттық соғысы қалыпты жағдайдағы көрсеткіштен (148,74±3,18), 169,72 %-ға, артерияның систолалық қысымы (130,15±1,87), 117,04 %-ға, артерияның диастолалық қысымы (69,11±1,75), 116,58 %, тыныс алудың минуттық көлемі (19,82±0,61), 239,84 %-ға, оттегіні шығындау коэффициенті (40,39±1,05) 105,72 %, өкпенің өмірлік сыйымдылығы (7,83±0,16) 126,79 % -ға артқан. Кардиореспираторлық жүйе қызметі көрсеткіштердің дене жүктемесіне бейімделу реакциясы, бұл топтағы балаларда жүректің минуттық соғысы, тыныс алудың минуттық көлемі, оттегіні шығындау коэффициенті жəне өкпенің өмірлік көлемі бойынша қанағаттанарлық деген, ал артерияның систолалық жəне диастолалық қысымы бойынша нашар деген бағаға ие болды.

Солтүстік, шығыс мемлекеттерден келген балалар тобын қаланың осы аймағына солтүстік жəне шығыс (Ресей, Монғолия, Қытай) елдерден келіп қоныстанған оралман балалар құрады. Осы топтағы балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің көрсеткіштері бақылау тобындағы балалардың көрсеткіштерінен аса ауытқи қоймаған. Қалыпты жағдайда олардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің деңгейі жүректің соғысы бойынша минутына 78,59 реттен 81,09 ретке дейінгі аралықта, артерияның систолалық қысымы 106,38 мм-ден 109,86 мм-ге дейінгі аралықта, артерияның диастолалық қысымы 55,31 мм-ден 58,53 мм-ге дейінгі аралықта, тыныс алудың минуттық көлемі 5,77 л-ден 6,85 л-ге дейінгі аралықта, оттегіні шығындау коэффициенті 36,46 мл/л-ден 37,5 мл/л-ге дейінгі аралықта, ал өкпенің өмірлік көлемі 3,94 л-ден 4,02 л-ге дейінгі аралықта қалыптасқан болып шықты.

Кардиореспираторлық жүйе қызметі көрсеткіштердің дене жүктемесіне бейімделу реакциясы, бұл топтағы балаларда жүректің минуттық соғысы, тыныс алудың минуттық көлемі, оттегіні шығындау коэффициенті жəне өкпенің өмірлік көлемі бойынша жақсы деген, ал артерияның систолалық жəне диастолалық қысымы бойынша қанағаттанарлық деген бағаға ие болды.

Солтүстік, шығыс мемлекеттерден келген балалар тобындағы балалардың жаңа климаттық-геграфиялық ортаға бейімделуі артериялық қан қысымының өзгерістерін туғызған деп болжам жасауға себеп болды. Бұл жағдайды қаланың өмір сүруге жайлы аймағында да өмір сүру ортасының белгілі бір дəрежедегі ластануымен түсіндіруге болады.

Бұл жағдай келген оралман балалардың ағзасы Орталық Қазақстан аймағының континенталдық аса ыстық жəне ауасының ылғалдылығы төмен климаттық-географиялық жағдайына бейімделуі барысында аса қуатты қысымға ұшырайтындығын көрсетеді.

Кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу реакциясын дене жүктемесін түсіре отырып бағалау барлық көрсеткіштер бойынша нашар деген бағаға ие болды. Бұл жағдай өмір сүру ортасының химиялық заттармен жоғары дəрежеде ластануы ағзаның қызметіне, оның ішінде кардиореспираторлық жүйе қызметіне кері əсерін тигізетіндігін көрсетеді.

Осыдан кардиореспираторлық жүйе қызметі түскен дене жүктемесі əсеріне өз жұмысын қайта құру арқылы жəне қосымша қуаттарды іске қоса отырып бейімделетіндігін анықтап отыр. Теміртау қаласына қоныстанған мектеп жасындағы оралман балалар ағзасының кардиореспираторлық жүйе қызметі жаңа климаттық-географиялық жағдайға бейімделуі, бейімделгіштік үрдістің айқын белгілері қоныстану жəне бұрынғы тұрған аумақтағы климаттық-географиялық жағдайлардың айырмашылықтарына коррелляциялық байланысы бар.



Оралман балалар ағзасы экологиялық, климаттық-географиялық, тұрмыстық жəне де басқа қуатты себептердің зияндылық əсеріне шалдығатындығын көрсетті. Осыдан оралман балалар ағзасы физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Бейімделгіштік қасиет аса күрделі сынақтан өтіп, кейбір жағдайда қалыпты қызметтен ауытқуы да ықтимал. Оның барысында иммундық жəне кардиореспираторлық жүйе аса қуатты қысымға түсті [1, 3].

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет