Тақырыб: «Үсу. Алғашқы медициналық көмек».
1. Үсу түсінігі, себептері.
2.Ыстық және күн өту белг белгілері
3. Үсу кезіндегі алғашқы көмек
1. Үсу төменгі температура әсерінен дененің кез-келген бөлігінің зақымдануынан болады. Көбінесе қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы -10*С -20*С болғанда үсу пайда болады. Куз-көктем кезінде ауа температурасы нолден жоғары болғанда , қатты желде және әсіресе жоғары ылғалдылықта ұзақ уақыт ғимараттан тыс жерде ұзақ уақыт болғанда дененің үсуі дамиды.
Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.
Үсудің пайда болу себептері:
суықтың;
желдің;
жоғары ылғалдылықтың;
тар және дымқыл аяқ киімнің;
науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.
Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалары өле бастайды. Тар аяқ киім, тар киім, тар қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.
Үсудің төрт кезеңі бар
І деңгейлі үсік, үсудің жеңіл түрі - терінің түсінің өзгеруі, жылынғаннан соң ісу, қызару, ауырсыну сезіледі.
ІІ деңгейлі үсік теріде мөлдір түсті күлдіреуік пайда болады.
ІІІ деңгейлі үсік, теріде қанды күлдіреуік пайда болады, сезімталдық жоғалады. Жазылу өте ұзақ болады, артынша тыртық қалуы мүмкін.
IV деңгейлі үсік, үсіктің ең ауыр түрі - тері терең зақымдалады.
Үсудің белгілері:
-Тері бозғылт-көкшіл
-Тактильді температура және ауырсыну сезімінің төмендеуі немесе жоғалуы
-Жылыту кезінде қатты ауырсыну мен жұмсақ тіндердің қызаруы мен ісінуінің дамуы.
-Терең зақымдану кезінде 12-24 сағаттан кейін құрамында қаны бар жаралардың пайда болуы.
Үсу кезіндегі алғашқы көмек.
Алғашқы көмек ең алдымен суықтың ағзаға әсерін тоқтату керек. Үсік шалған дене бөліктерін белсенді түрде жылыту қажет. Ол үшін науқасты жылы бөлмеге кіргізу, жылыту әсіресе үсіген аймақтарына көңіл бөліп, сол аймақтың қанайналымын қалпына келтіру. Науқасқа ыстық шай, сүт беруге болады.
Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту керек. Аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз.
Үсу кезінде не істеуге болмайды?
Науқасты жылту мақсатында кофе немесе спиртті ішімдіктерді беруге болмайды.
Сонымен қатар үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылтып алмай, ыстық сулы ваннаға түсіруге болмайды.
Тері аумағында пайда болған көпіршікті түзілістерді қолдан жаруға болмайды.
Науқасты жылту үшін ашық лаулап тұрған отты пайдалануға тиым салынған.
Осы аталған жылту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.
Үсіктің профилактикасы: ағзаны суық сумен шынықтыру. Бұл қанайналымды жақсартып, суыққа төзімділікті арттырады. Жылы киімдерді кию.
Достарыңызбен бөлісу: |