Акциялар шығарылымының проспектiсi



Дата03.03.2016
өлшемі150.39 Kb.
#35642

Акционерлік қоғамының толық және қысқартылған атауы: «Кептер телеком» акционерлік қоғамы

«Кептер телеком» АҚ
Акциялар шығарылымының проспектiсi

«Уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу проспектiде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бiр ұсынымдар ұсынуды бiлдiредi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейдi. Акциялар шығарылымының проспектiсi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуiне ғана қаралды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығына жауап бередi және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды»



І бөлім. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер.
2. Акционерлік қоғамның атауы:

- толық атауы: «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» акционерлік қоғамы,

- қысқартылған атауы: «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» АҚ.
- толық атауы: «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» жабық акционерлік қоғамы

- қысқартылған атауы «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» ЖАҚ –нан қайта аталған.

- тіркеу күні «26» сәуір 2004 ж.
3. АҚ-ды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет:

26 сәуір 2004 ж., тіркеу №: 3529-1901-АҚ, Астана қаласының Әділеттік Департаменті.


4. СТН – 031400129624.
5. Акционерлік қоғамның мекен-жайы, байланыс телефондары және факс, электрондық пошта адресі туралы мәлімет:

473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әуезов көш., 66.

тел. 8(3172)170101, 170140 (факс), e-mail: info@kepter.kz
6. Акционерлік қоғамның банк реквизиттері: «Цеснабанк» АҚ, е/ш 018467637, БИК 195301703.
7. Акционерлік қоғамның қызмет түрлері.

қоғам «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» АҚ жарғысының 3 бабы 3.2. т. сәйкес Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңына қайшы келмейтін кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.


8. Рейтингтер туралы мәліметтер: рейтингтер жоқ.
9. АҚ барлық филиалдардың және өкілеттіктердің атаулары, тіркеу күндері, мекен-жайлары және пошталық мекендері. Филиалдар және өкілеттіктер жоқ.
10. Аудиторлық ұйымның толық ресми атауы:

«Центр аудита и оценки» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудиторлық компания (06/10/01 ж. № 0000197 мемлекеттік лицензия), Балтабаев Базарбай Кабдуллович.


ІІ бөлім. Қоғамның органдары және құрылтайшылар (акционерлер).
11. АҚ Директорлар кеңесі:

13.05.2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 5 тарау 33 баптың 4 тармақшасына және «КЕПТЕР ТЕЛЕКОМ» АҚ жарғының 8 бабының 8.1. тармақшасына сәйкес Қоғамда Директорлар кеңесі көзделмеген.


12. АҚ алқалы (жеке дара) атқару органы


Атқару органыны мүшесiнiң аты-жөнi, туған жылы

Қазiргi уақытта және соңғы үш жылда, оның iшiнде өкілеттігі көрсетілген қоса атқаратын лауазымды қызметi

Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тиесiлi акциялардың АҚ орналастырған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы

Фирсов Александр Васильевич, 26/08/58 т.ж.

1998-2002 ж – «Астана-Финанс» ААқ Басқарма төрағасының орынбасары

2002-2003 ж. – «Развлекательный Центр «Думан» ААҚ Бас Директоры

03/2003-09/2003 ж. – «Фонд коммунальной собственности» МКК Директордың орынбасары

01/09/2003-24/10/2003 – «Кептер телеком» ЖАҚ Бас директоры



----

«Кептер телеком» ЖАҚ Бас директордың өкілдігі:

1. Қоғам атынан мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, банктарда есеп және басқа шоттарды ашады.

2. Заңмен көзделмеген шектеулер есебінен қоғамның мүлкімен билік ету

3. Қоғамның жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, оларға көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану

4. Қоғам жұмыскерлерінің лауазымды сыйақыларын бекіту

5. Қоғам қызметкерлерінің арасында лауазымды нұсқауларды және міндеттерді бөлуді бекіту

6. Қоғам қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша болашақтағы жоспарларды дайындау және акционерлер жиналысының қарауына ұсыну.

7. Бұйрықтарды, нұсқауларды және қоғамның басқа ішкі құжарттарын шығару және бекіту

8. Жалпы жиналыс құзыретіне жататын мәселелерді қоспағанда қоғамның ағымдағы қызметінің мәселелерін шешу.
13. Қоғамның лауазымды тұлғаларына ақырғы қаржы жылда төленген сыйақы мен айлықақының жалпы сомасы.

Директорлар кеңесi көзделмеген, жеке дара атқарушы органға сыйақы төленген жоқ, ақырғы он айдың 629 184 теңге құрайды.


14. АҚ ұйымдастыру құрылымы:

1) АҚ құрылымдық бөлiмшелерi: АҚ-ның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ.

2) АҚ қызметкерлерiнiң жалпы саны – 13 адам. АҚ-да филиалдар мен өкiлеттiктер жоқ.

3) АҚ акцияларын иеленетiн акционерлiк қоғамның қызметкерлерiнiң жалпы саны және процентпен орналастырылған жалпы санындағы олардың жиынтық үлесi: қызметкерлер акцияларды иеленбейді.

4) Акционерлік қоғам бөлiмшелерiнiң басшылар туралы мәлімет: АҚ құрылымдық бөлiмшелерi жоқ.

5) филиалдар мен өкiлдiктердiң басшылары туралы мәлiмет (аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы): филиалдар мен өкiлеттiктер жоқ


15. АҚ құрылтайшылары (акционерлері).

Акционерлер заңды тұлғалардың толық және қысқаша атауы немесе акционерлер-жеке тұлғалардың аты-жөні

акционерлер-заңды тұлғалардың мекен-жайы немесе акционерлер-жеке тұлғалардың құжаттары

ЖҚ Акционерлердің үлесі, %

«Корпорация «Цесна» жабық акционерлік қоғамы

«Корпорация «Цесна» ЖАҚ



Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік көш., 43

100


16. Акционерлiк қоғам орналастырылған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiмен) 10 (он) және одан да көп процентiн иеленетiн iрi акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер. АҚ басқа ұйымдарда ірі акционер болып табылмайды.
17. Қоғам қатынасатын өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

АҚ өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтарға, холдингтерге, концерндерге, қауымдастықтарға, консорциумдарға қатыспайды.


18. Акционерлік қоғамнің басқа аффилиирданған тұлғалар туралы мәлімет.

Басқа аффилиирданған тұлғалар жоқ.


18-1. Аффилиирданған тұлғалармен мәмілелер. Аффилиирданған тұлғалар жоқ.
ІІІ бөлім. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты.
19. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң қысқаша сипаты, акционерлiк қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер.


  • Интернет желісіне коммутацияланатын қатынауды ұсыну;

  • Байланысқа бөлінген арна бойынша Интернет желісіне қатынау;

  • Бірлескен және жергілікті желілерді құру;

  • Интернетпен сымсыз байланыс;

  • Web-серверлердің дизайні және қолдауы.

Бәсекелес ұйымдар:

  • «Қазақтелеком» ААҚ, оның құрылымы «Астанателеком»

  • «Нұрсат» АҚ, Алматы қ.


20. АҚ қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

оң әсер ететiн факторлар: географиялық орналасу (астана аумағында орналасу), Интернетке қатынаудың жеткілікті құны

терiс әсер ететiн факторлар: «Қазақтелеком» ААҚ монополист жағынан бәсекелес, информациялық технологиялар саласында тұрақты өзгерістер
21. Сатылған өнімдер (жасалған жұмыс, қызмет) көлемі ақырғы екі жылда немесе АҚ нақты жүзеге асырып жүрген мерзімінде.


Өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің негізгі түрлері

Жылы

Өнімнің шығарылған көлемі, т.

Жылы

Өнімнің шығарылған көлемі, т.

Интернет және деректерді беру

2002

31840687

2003

35131054

Пейджинг байланысы

2002

1198352

2003

1171795

Телекоммуникация жабдықтарын сату

2002

17844934

2003

18269111


22. Өзінің өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сатуды ұйымдастыру бойынша АҚ қызметі:

қоғамның тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тұтынушылар және жеткізушілер өндірілетін және тұтынулатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы сомасынан 5 және одан да көп көлемін құрайтын жоқ.


мын тенге



Атауы

Сомасы




Тұтынушылар




1

Л. Гумилев атындағы «Евразия Ултық Университеты» РМКҚ

2 133

2

«АТК» ЖШС

2 792




Жеткізушілер




1

«Universal Business Sistems» Компаниясы

853


23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1) мерзімдік сипатта болатын қызмет түрлерi, олардың АҚ жалпы кiрiсiндегі үлесі;

акционерлік қоғам қызмет түрлерінің мерзімдік сипаты болмайды:

2) акционерлiк қоғамға жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегi) импорттың үлесi және сатылатын өнiмнiң жалпы көлемiндегi экспортқа акционерлiк қоғам сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) үлесi;

импортқа, экспортқа АҚ өнімдері, қызмет көрсету - жоқ.

3) сот процестерiне акционерлiк қоғамның қатысуы туралы мәлiмет. Оның қатысуымен сот процестерi мәнiнiң сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелерi бойынша акционерлiк қоғамның қызметi тоқтатылуы немесе өзгеруi, одан ақшалай және өзге мiндеттемелер өндiрiлiп алуы мүмкін;

АҚ қатысуымен сот үрдістері болған жоқ.

4) акционерлiк қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және (немесе) сот салған барлық әкiмшiлiк жазалар туралы мәлiметтер;

әкiмшiлiк жазалар болған жоқ.

5) тәуекел факторлары. тәуекелдер нақты талдауын ұсынуға міндетті:

Эмитент қызметімен байланысты тәуекелдер:


  • Қаржылық тәуекел – қаражатты инвестициялайтын акциялардың бағасы, сондай-ақ эмитент қызметіне тікелей әсер ететін олардан түсетін табыстар ауытқуға ұшырайды.

  • Құқықтық немесе заңдылық тәуекел – эмитент қызметі барысында қосымша шығындарға ұрындыратын, мемлекеттің және шетел мемлекеттері ( оның ішінде, салық саясатында) заңдары өзгеруінің мүмкіндігі.

  • Өтімділік тәуекел. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруда, нақты мүмкіндігімен немесе мүмкіндігі болмауымен байланысты акциялардың қажетті көлемін ағымдағы күні осы бағалы қағаздардың нарықтық құнына сәйкес бағамен сатуға өтімділік тәуекел бар.

  • Валюталық тәуекел – эмитенттің бағалы қағаздары үшін салымдар теңгеде жүргізілгендіктен, ал эмитенттің активтерін орналастыру сондай-ақ, басқа да валютада жүзеге асырылады, шетел валютасының құны қазақстандық теңгеге қатынасында өзгеру тәуекелі пайда болады.

  • Саяси тәуекел – эмитент өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырады және оның қызметі елдегі саяси үрдістермен тығыз байланысты. Елдегі жағдайдың тұрақтанғанын және мемлекеттік реформаның аяқталғанын есепке алып, осы уақытта Қазақстандағы саяси жағдай елеулі өзгеріске түспейді. Бірақ мемлекеттегі саяси-экономикалық жағдайға жағдайлары Қазақстандағыдай тұрақты емес басқа мемлекеттердегі оқиғалар әсер етеді.

  • Экономикалық жағдайдың өзгеру тәуекелі – эмитенттің қызмет саласының қажеттілігін азайту мүмкін сыртқы тәуекелдер: банктік кризис, валюталық курстың өзгеруі, инфляцияның деңгейі өзгеруі.

  • Бәсекелік тәуекел. Отандық және шетел фирмалар жақтарынан осы нарық тауашасының дамыуымен күшеюі мүмкін бәсекелесін есептеу керек.

  • Басқа тәуекелдер – эмитенттің қызметіне, эмитент толық мөлшерде болжай және бақылай алмайтын, зілзала нәубеттері, экологияның нашарлауы және т.б. сияқты басқа да тәуекелдер әсер ете алады.


IV бөлім. Қаржы емес ұйымдардың қаржылық жағдайы.
24. Инвестициялар. Басқа ұйымдардың капиталдарына ұзақ уақытты инвестициялар жоқ.
25. Дебиторлық берешек.

1) АҚ алдында қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп процентi мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымдар

мың теңге





Атауы, орналасқан жері

Өтеу мерзімі

Берешектің сомасы 01/08/04

Өтеу мерзімі

2004

2005 жыл

2006 жыл

1 тоқс

2 тоқс

3 тоқс

4 тоқс

1

Л. Гумилев атындағы «Евразия Ултық Университеты» РМКҚ

Астана қ, Мунай қ, 5



3 тоқсан 2004 ж.

2 133

-

-

2 133

-

-

-

2

«АТК» ЖШС,

Астана қ, Бараев қ, 9



3 тоқсан 2004 ж.

2 792

-

-

2 792

-

-

-


25-1. АҚ активтер. АҚ активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп процентi мөлшерiн құрайтын қоғам мүлігінің сипаты көрсету қажет.
мын теңге

Атауы

Сомасы

Модемнын пулы Сisco

1 349, 6

325247-421 МL жабдық

1 175,7

Сisco 3745

1 373, 0

Сisco АС

1 373,0

Сisco Сatalist

1 143.6

Пейджинг жабдықтар

597, 5


26. Жарғылық капитал. АҚ жарғылық капиталы толық 100 % қалыптастырылған және 56 000 000 теңге құрайды.
27. Қарыздар. Облигациялар шығару өткізілген жоқ. Банктік қарыздар жоқ.
28. Қоғамның негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешек (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар):

АҚ қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп процентi мөлшерiнде кредиторлық берешегi бар ұйымдар жоқ

мың теңге



Атауы, орналасқан жері

Өтеу мерзімі

Өтеу мерзімі

2004

2005 жыл

2006 жыл

1 тоқс

2 тоқс

3 тоқс

4 тоқс

1.

«Universal Business Sistems» Компаниясы

Алматы қ, Гоголь қ, 86



4 тоқсан 2004 ж.

-

-

-

853

-

-



V Бөлім. Бағалы қағаздарды шығару туралы мәліметтер.
30. Барлық тiркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:

1) бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының жалпы саны, түрi, санаты және нақтылы құны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және тiркеу күнi

акциялардың жалпы саны – 4000 дана, оның ішінде: 3200 жай атаулы акциялар (KZ1C33060111) және 800 артықшылықты атаулы акциялар (KZ1C33060116)

- нақты құны – 1000 теңге,

- шығару нысаны – құжатсыз,

- бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган – Астана қаласының әділеттік Басқармасы,

- мемлекеттiк тiркеу нөмiрi – А3306

- бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi – 12 маусым 1998 ж.

2) бағалы қағаздарды орналастыру күнiнiң басталуы және аяқталуы. Егер бағалы қағаздарды орналастыру аяқталмаған болса, онда бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге қоғам берген құжаттардағы деректерге сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру басталған және аяқталған нақты күндi көрсету қажет

- орналастыру басталған күні – 21 маусым 1998 жылы;

- орналастыру аяқталған күні – 16 қаңтар 1999 жылы

3) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз мiндеттемелерiн орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуi (төлемдi кешiктiруi), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуi (төлемдi кешiктiруi) орындалмаған мiндеттемелердiң мөлшерi және оларды орындаудың мерзiмi өткен күнi туралы ақпаратты қоса алғандағы фактiлер туралы мәлiметтер. Дивидендтердi есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда оның себебiн көрсету:

- ұстаушылардың алдында өз мiндеттемелерiн қоғамның орындамағаны жөнінде фактілер жоқ,

- облигациялар шығарылған жоқ,

- дивидендтердi есептеу және төлеу бойынша берешектер жоқ.

4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жiберу тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешiмдi қабылдаған мемлекеттiк органның атауы шешiм қабылданған күн және оның негiздемесi көрсетiледi;

- бағалы қағаздарды орналастыру тоқтатылған жоқ

- шығарылымы жарамсыз деп танылған жоқ.

5) облигациялар бойынша төлемдердiң өтеу күнi және жалпы мөлшерi:

- облигациялар шығарылған жоқ

6) бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтiң сомасы және екi соңғы қаржы жылының iшiндегi әрбiр жыл үшiн әрбiр акция түрiне дивидендтiң жалпы сомасы

2002 ж. – 80 000 тенге

2003 ж, - дивидендтер есептеленды 80 000 соммада, бірақ төленген жоқ.

7) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы жүзеге асыратын негізгi рыноктар көрсетiледi.

- қоғамның бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылған жоқ.

VІ бөлім. Жарияланған акциялар шығару туралы мәлімет.
43. АҚ-ның конвертацияланған бағалы қағаздары: жоқ.
44. Акциялар туралы мәліметтер:

1) акциялардың саны, түрі: 55200 жай және 800 артықшылықты акциялар, нақты құны 1000 теңге;

2) артықшылық акциялар бойынша кепілденген дивиденд мөлшері – 1 акцияға 100 теңге. Төлеу мерзімі – жылына 1 рет.
45. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:

«Регистр-Центр» акционерлік қоғамы, «Регистр-Центр» АҚ, Алматы қ., Масанчи көш., 93, тел. 8-3272-924154, 8-3272-930654, 2004 жылы 13 ақпанда ҚР қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі берген, тізім жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру лицензия № 0406200279.


45-1. Қоғамның төлем агенті туралы мәлімет: төлем агенті көзделмеген
VІІ бөлім. Қосымша ережелер.
46. Акциялар шығаруға шығындар сомасы. 325 000 тенге.
47. Инвесторлар үшін ақпарат.

Әлуетті инвесторлар эмитенттің жарғы көшірмесімен, акциялар эмиссиясы проспектісімен және басқа да ақпаратпен, 473000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сары-Арқа ауданы, Победа даңғ., 61, 118 п. мекен-жайында таныса алады.



Қолдар:
«Кептер телеком» бас директоры: ___________________/Фирсов А.В./

«Кептер телеком» АҚ бас бухгалтер: ___________________/Курманова К.К./


МО



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет