Акциялар шығарылымының проспектісі



Дата25.02.2016
өлшемі193.82 Kb.
#21475



АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІ


Ақ жол” халықаралық әуежайы



акционерлік қоғамы
Қысқартылған атауы:

(“Ақ жол” ХӘ” АҚ)

Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі инвесторларға осы проспектіде сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты қандай-ма болмасын ұсынбалар береді деген сөз емес. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжатта мазмұндалған ақпараттардың дұрыстығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісінде тек Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарына сәйкестігі қаралады. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттардың дұрыстығына дербес жауап береді және олар берген барлық ақпараттың дұрыстығын және инвесторларда қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты теріс пікір қалыптасуына ықпал етпейтінін куәландырады.




  1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер. “Ақ жол” халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Қоғам коммерциялық ұйым болып табылады. Қоғамды құрудың мақсаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, таза пайда табу және оны акционерлер мүддесіне пайдалану.

2. Акционерлік қоғамның атауы:

1) Қоғамның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

“Ақ жол” халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамы;

Қоғамның орыс тіліндегі толық атауы:

Акционерное общество “Международный аэропорт “Ак жол”.


Алдыңғы атаулары:

3) қоғамның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

“Ақ жол” халықаралық әуежайы авиациялық ашық акционерлік қоғамы;

4) қоғамның орыс тіліндегі толық атауы:

Открытое Авиационное Акционерное общество Международный аэропорт “Ак жол”.
3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде мәлімет:

заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 36-1926-14 АҚ куәлікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әділет департаменті, Теректі ауданының әділет басқармасы берді.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі 271400001605
5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефондары мен факс нөмірі, электронды поштаның мекен-жайы:

091115, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Әуежай. Тел: 986001, тел/факс 986107, 986106

электронды пошта: akjolmail kz

ma - akjoi mail. kz


6. Акционерлік қоғамның банктік реквизиттері: “ТұранӘлемБанкі” АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалындағы есеп-шотының № 000420801

БИК 194901306, КБЕ 17


7. Қоғам қызметінің түрлері:

  • аэродромды, күтетін залдарды қоса аэровокзалдарды ұстау және пайдалану, жолаушылар мен жүктерді және жүк терминалдарын және олардың қондырғыларын жиналуын қамтамасыз ету;

  • әуе көліктеріне әуежайда болған кезеңінде жедел сервистік қызмет көрсету;

  • әуе көліктерін жанар-жағар материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету;

  • әуежай аумағында әуе көліктерін арнайы авто және электро көліктік құралдармен, траптармен қамту, әуе көліктерін және жолаушы салондарын жуып-тазалау және керек-жарақпен қамтуды қамтамасыз ету;

  • жолаушыларды, экипаж мүшелерін, персоналдарды, халықты, әуежай құралдарын жердегі және ұшу кезіндегі заңсыз қол соғу актілерінен қорғау және сақтау;

  • қоғамның материалдық-техникалық құралдарын сақтауды қамтамасыз ету.

8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған құнды қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктер немесе ҚР рейтингтік агенттіктері берген рейтингтердің бары туралы мәліметтер:

Акционерлік қоғамға және оның құнды қағаздарына рейтинг берілген жоқ.
9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркелген уақыты, орналасқан жері, пошталық мекен-жайы:

Акционерлік қоғамның өкілдіктері мен филиалдары жоқ.


10. Акционерлік қоғамның қаржылық есебінің аудитін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың аты-жөні, әкесінің аты):
“Контакт” тәуелсіз аудиторлық фирмасы, МФЮ сериялы № 0000059 мемлекеттік лицензиясын 2000 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген.
Директор Мырзашев Ғалымжан Ашонұлы


  1. Қоғамның органдары мен құрылтайшылары (акционерлері)

11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі:


1) Қоғамның төрағасы мен директорлар кеңесі мүшелерінің аты-жөні, әкесінің аты:
Директорлар кеңесінің төрағасы:

Лазовский Иван Иосифович – 1959 жылы туған.


Директорлар кеңесінің мүшелері:

1. Аманғалиев Олег Ибатұлы – 1945 жылы туған

2. Олейник Анатолий Александрович – 1955 жылы туған.
2) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жылда және қазіргі таңда хронологиялық түрде, соның ішінде – қосымша атқарған лауазымдары:
Лазовский Иван Иосифович – “Бүркіт” ЗК авиакомпаниясы” ЖШС-нің директоры, осы лауазымда 1997 жылдан бері.
Аманғалиев Олег Ибатұлы – “Ақ жол” халықаралық әуежайы” АҚ-ның директоры, осы лауазымда 1994 жылдан бері.
Олейник Анатолий Александрович- “Бүркіт ЗК авиакомпаниясы” ЖШС-нің коммерциялық және шаруашылық жұмысы жөніндегі менеджері, осы лауазымда 1997 жылдан бері.
3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың акционерлік қоғам орналастырған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы:

Қоғамның акциялары Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі емес.


4) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі еншілес және тәуелді ұйымдардағы акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестің) осы ұйымдар орналастырған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестің) жалпы санына пайыздық арақатысы:

еншілес және тәуелді ұйымдардың акциялары директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі емес.


5) директорлар кеңесі құрамында алдыңғы екі жылда болған өзгерістер:

өзгерістер болған жоқ.
12. Акционерлік қоғамның (дара басшылықты) атқарушы органы:

Акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес Дара басшылықты атқарушы орган Директор болып табылады.



1) акционерлік қоғамның дара басшылықты атқарушы органы функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, немесе акционерлік қоғамның алқалы атқарушы органы мүшелерінің, соның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, әкесінің аты:

Директор - Аманғалиев Олег Ибатұлы, 1945 жылы туған.


2) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалардың соңғы үш жылда және қазіргі таңда хронологиялық түрде, соның ішінде қосымша атқарған (өкілеттігін көрсете отырып) қызметтері:
Аманғалиев Олег Ибатұлы – директор лауазымын 1994 жылдан бері атқарып келеді.


3) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталдағы үлестің) акционерлік қоғам орналастырған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестің) жалпы санына пайыздық арақатысы: қоғам акциялары тиесілі емес.
13. Соңғы қаржы жылы қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген сыйақы және еңбекақының жалпы сомасы.

Жарғыда лауазымды тұлғаларға сыйақы беру көзделмеген.

Директорлар кеңесі еңбекақы алмайды.

Директордың еңбекақысы 2004 жылы 1134600 теңге құрады.


14. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы:

1) құрылымдық бөлімшелер:

Авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ);

Гараж;

Электр-жарық-техникалық қамту қызметі (Т және ТҚҚ);

Жанар-жағар май материалдары қызметі (ЖЖМ);

Халықаралық және республикаішілік тасымалдарды ұйымдастыру қызметі (ХҰҚ және РІТ)

Қауіпсіздік бөлімшесі;

Өрттен қорғау бөлімшесі;

Әуе ұшақтарын техникалық қамту жөніндегі оперативті-сервистік бригада (ӘҰ ТҚЖ ОСБ);

Әкімшілік-шаруашылық бөлім (ӘШБ);

Мейманхана;

Кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі (КӨДҚ);

Материалдық-техникалық қамту учаскесі (МТҚУ);

Әуе айлағы қызметі;

Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі (ҚТҰҚ);

Денсаулық сақтау пункті;

Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі (БЕ және Қ Б);

Экономика және еңбек бөлімі (Э және ЕБ).


2) акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны:

Қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны 355 адамды құрайды. Филиалдар мен өкілдіктердің қызметкерлері жоқ.



3) Акционерлік қоғамның акцияларын иемденетін акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны: Қызметкерлерге акциялар тиесілі емес.
4) Акционерлік қоғамның бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы):
Авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) – Ветров Владимир Павлович, 1943 жылы туған;

Гараж – Киреев Юрий Васильевич, 1949 жылы туған;

Электр-жарық-техникалық қамту қызметі (Т және ТҚҚ)- Тухлиев Александр Холдорович, 1952 жылы туған;

Жылу және сантехникалық қамту қызметі (Ж және СТҚ) – Суконник Владимир Иванович, 1974 жылы туған;

Жанар-жағар май материалдары қызметі (ЖЖМ) – Телятов Владимир Григорьевич, 1950 жылы туған;

Халықаралық және республикаішілік тасымалдарды ұйымдастыру қызметі (ХҰҚ және РІТ) – Оқасов Серғали Оқасұлы, 1958 жылы туған;

Қауіпсіздік бөлімшесі – Олейник Иван Александрович, 1958 жылы туған;

Өрттен қорғау бөлімшесі – Русских Сергей Васильевич, 1981 жылы туған;

Әуе ұшақтарын техникалық қамту жөніндегі оперативті-сервистік бригада (ӘҰ ТҚЖ ОСБ) – Говердовский Александр Владимирович, 1951 жылы туған;

Әкімшілік-шаруашылық бөлім (ӘШБ) – Қазмұқанова Жұмағыз Сапарқызы, 1970 жылы туған;

Мейманхана – Евченко Наталья Анатольевна, 1968 жылы туған;

Кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі (КӨДҚ) – Салтыков Анатолий Александрович, 1946 жылы туған;

Материалдық-техникалық қамту учаскесі (МТҚУ) – Сейітов Берік Бекесұлы, 1968 жылы туған;

Әуе айлағы қызметі (ӘҚ)- Мұстафин Абрек Исмағұлұлы, 1948 жылы туған;

Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі (ҚТҰҚ) – Кузнецов Анатолий Михайлович, 1959 жылы туған;

Денсаулық сақтау пункті- Бикетова Мағрипа Әзбергенқызы, 1966 жылы туған;

Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі (БЕ және Қ Б) – Шайхисламова Ирина Дмитриевна, 1958 жылы туған;

Экономика және еңбек бөлімі (Э және ЕБ) – Жұмабаева Эльвира Ғазизқызы, 1956 жылы туған.


5) Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы).

Филиалдар мен өкілдіктер жоқ.


15. Қоғамның құрылтайшылары мен акционерлері.

“Бүркіт-ЗК” авиакомпаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әуежай, 100 пайыз акцияға ие.

Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының сатып алуға опциондар жасалынған жоқ.
16. Акционерлік қоғам ірі акционер болып саналатын – ұйымның орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) он және одан аса акцияларына ие (халықтық акционерлік қоғамды – бес және одан аса) ұйымдар туралы мәлімет.

Қоғам басқа ұйымдарда акционер емес және олардың жарғылық капиталында үлестері жоқ.


17. Қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

Қоғам қандай-ма болмасын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтардың, холдингтердің, концерндердің, ассоциациялардың, консорциумдардың қатысушысы болып табылмайды.


18. Акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғалары туралы мәлімет.

Қоғамның аффилирленген тұлғалары жоқ.


18.1. Қоғамның аффилирленген тұлғалармен жасасқан мәмілелері,

Қоғам аффилирленген тұлғалармен мәмілелер жасасқан жоқ.





  1. Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы

19. Акционерлік қоғам қызметі негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

Әуежай қызметінің негізгі түрі әуе көліктерін қамту жөніндегі жұмыстар кешені болып табылады. Аталмыш жұмыстар кешені негізгі және қосымша қызмет түрлері болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының барлық әуежайлары біздің бәсекелестеріміз болып табылады.
20. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері (жұмыс, қызмет) бойынша сату кірісіне жағымды және келеңсіз әсер ететін факторлар.
Келеңсіз факторлар:

 Экономикалық - инфляция қызметі салаларының расталуы, банк пайыздарының айналым қорларын құруға әсері;

 Техникалық – жабдықтар бөлігінің тозуы;

 Бәсекенің әсері – аймақта авиациялық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың болуы.



Жағымды факторлар:

 ЖЖМ, жөндеу, техникалық қамту, әуежай шығыстары шығынының төмендеуі;


21. Соңғы екі жылдағы немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істегеннен бергі кезеңдегі өткізілген өнім (орындалған жұмыс, қызмет) көлемдері.

Соңғы екі жылдағы немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істегеннен бергі кезеңдегі өткізілген өнім (орындалған жұмыс, қызмет) көлемдерін талдау.

2003-2004 жылдардағы өткізілген өнім (орындалған жұмыс, қызмет) көлемдері:


Атауы

2003 жыл, мың теңге

2004 жыл, мың теңге

ауытқулар

мың теңге

пайызбен

Өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен кіріс

440620

530914

+90294

20,4

Өткізілген дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны

327021

433827

+106806

32,6

Жалпы кіріс

113599

97087

-16512

14,5

Соңғы екі жылда қызметтерді (жұмыс) өткізу көлемі бірте-бірте өсіп келеді. Қызметтерді (жұмыс) өткізу көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 90294 мың теңгеге (20,4 пайызға) өсті.

Қызметтерді (жұмыс) өткізу көлемінің өсуімен қатар қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар да өсіп отыр.

2004 жылғы жалпы кіріс 2003 жылмен салыстырғанда 16512 мың теңгеге (14,5 пайызға) төмендеді.

Компания 2003 жылы 43046 мың теңге, ал 2004 жылы 26109 мың теңге таза кіріс алды. Компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығы ұшақ ұшырылымдары, жіберілетін жолаушылар санының және өңделетін жүк көлемінің өсуімен тығыз байланысты болып отыр.
22. Акционерлік қоғамның өз өнімдерін (жұмыс, қызмет) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметі.
1) барлық жеткізу көлемінде бес және одан аса пайызы тиесілі жабдықтаушылардың атаулары, жабдықтаудың жалпы көлеміндегі олардың үлесі:
 “Резерв” РМК – үлесі 74 пайыз (Астана қаласы);

 “Ереке” ЖШС – үлесі 19 пайыз (Орал қаласы).


2) олардың үлесіне акционерлік қоғамның өнімін (жұмыс, қызмет) сатудан түскен жалпы кірісте оннан аса пайызды иемденетін тұтынушылардың атаулары, сатудың жалпы көлеміндегі олардың үлесі:
 “Эйр Астана” авиакомпаниясы – үлесі 20,5 пайыз, Алматы қаласы;

 “САХ-ЭЙР” ЖШС – үлесі 14,7 пайыз , Орал қаласы.


23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
1) маусымдық сипаттағы қызмет түрлері, акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі олардың үлесі:

Маусымдық сипаттағы қызмет түрлері жоқ.

2) акционерлік қоғамға жеткізілетін шикізат (жұмыс, қызмет) импортының үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғам экспортқа сататын өнім (жұмыс, қызмет) үлесі:

 акционерлік қоғамға жеткізілетін шикізат (жұмыс, қызмет) импортының үлесі – жоқ;

 сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғам экспортқа сататын өнім (жұмыс, қызмет) үлесі:

- 2005 жылдың 5 айында 18,4 пайызды құрады.

3) акционерлік қоғамның сот процестеріне қатысқаны жөнінде мәліметтер:

нәтижесінде акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі мүмкін, одан ақшалай және өзге де міндеттемелер өндіріліп алынатын сот процестеріне қоғамның қатысуы:



қоғам сот процестеріне қатысқан жоқ.

4) соңғы жыл ішінде акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына уәкілетті мемлекеттік органмен және (немесе) сотпен қолданылған барлық әкімшілік жазалар туралы мәлімет:

қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жазалар қолданылған жоқ.

5) Тәуекелдік факторлары

құнды қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рыноктағы акциялар бағасына ықпал ететін:

қоғам акциялары ұйымдасқан рынокқа шығарылмайды.

Қоғам акцияларының құнына әсер етін рынокта өнім құнының өзгеруі



Қоғам қызметтері құнының өзгеруі Қоғам акцияларының құнына елеулі әсер етпейді.

Инфляцияға, девальвация және банк проценттерінің ставкаларына байланысты:



Қоғам қызметі инфляция, девальвацияға байланысты жүйелі тәуекелдерге қарсы тұра алады.

Шығарылатын өнімнің бәсекелесу қабілетіне байланысты:



Қоғам қызметінің өзіндік құнын арттыру тәуекелі бар.

Елдегі саяси жағдайдың және заңнамалардың өзгеруіне байланысты:

Қазақстандағы саяси жағдай тұрақты және жақын арадағы жылдарда да тұрақты болатынына дәлел бар.

әлеуметтік факторлармен байланысты:

Қоғамның әлеуметтік және кадрлық саясаты жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған.



  1. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы.

24. Инвестициялар.

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдардың капиталында ұзақ мерзімді инвестициялары жоқ.



25. Дебиторлық берешек.

Осы пунктте мыналарға түсінік беріледі:

  1. акционерік қоғам алдында қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан аса пайызы мөлшерінде дебиторлық берешектері бар ұйымдардың атауы, олардың орналасқан жерлері;

  2. дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері бойынша;

  3. жақын арадағы он екі айда өтелетін сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома жылдарға бөлініп көрсетіледі.

Қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан аса пайызы мөлшеріндегі дебиторлық берешек

(мың теңге)


Ұйым атауы


Орналасқан жері

Берешек сомасы

Өтеу мерзімі

2005ж

II тоқ

сан

2005ж

III тоқ

2005ж.

IV тоқ

2006ж.

I тоқ

2007

1

Эйр Қазақстан АК

Алматы қ.

15407

-

-

-

-

15407

2

Резерв РМК

Астана қ.

30513

30513

-

-

-

-


25-1. Активтер. Қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан аса пайызын құрайтын мүлік құнының сипаттамасы.
2005 жылдың 1 маусымына Қоғам активтерінің баланстық құны 360338 мың теңгені құрайды.

Активтер құрылымындағы құны 5 және одан аса пайызды құрайтын қоғам мүлкі:



  1. РД, МС, Перрон объектілері – 24386 мың теңге

  2. Ұшу-қону белдеулері – 72275 мың теңге

  3. Инженерлік желілері, өндірістік жабдықтарымен әуеайлақ – 33088 мың теңге.


26. Қоғамның жарғылық капиталы.

Қоғамның төленген жарғылық капиталы – 49 000 000 теңге (қырық тоғыз миллион теңге).


27. Займдар.

Бұл пунктте қолданыстағы шығарылған облигациялар, банктік займдар және несие желілері туралы ақпарат беріледі. Займдар туралы ақпарат валюта міндеттемелері кескінінде және олардың орындалу мерзімдері бойынша беріледі. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемдегі орташа проценттік ставка көрсетіледі, жақын арадағы он екі айда өтелетін сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома жылдарға бөлініп көрсетіледі.



Банк несиелері


Банк атауы

Бас несие

лік келісім нөмірі

Несие сома

сы

Жыл

дық өлшемдегі проценттік ставка

Несие

нің мақ

саты

Өтеу мерзімі (мың теңге)

2005 ж.

II

2005ж.

III

2005ж.

IV

2006ж.

2007ж.

ТұранӘлем

Банкі АҚ УФ



1701/

03/


1615; 11.

2003ж.


13107

16

Айна

лым қорла

рының шығындарына


8345

3152

193

773

644

28. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысты кредиторлық берешегі (жабдықтаушылар алдындағы берешек, алынған аванстар):



  1. қоғам алдында қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан аса пайызы мөлшерінде берешегі бар ұйымның атауы, берешек сомасы және орналасқан жері көрсетіледі;

  2. кредиторлық берешекті өтеу мерзімдері бойынша, жақын арадағы он екі айда өтелетін сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома жылдар бойынша бөлінеді.

Қоғамның негізгі қызметімен байланысты кредиторлық берешек

(мың теңге)


Ұйым атауы


Орналасқан жері

Берешек сомасы

Өтеу мерзімі

2005ж.

II тоқ

сан

2005

III тоқ

сан

2005

IV тоқ

сан

2006

I тоқ

сан

1

“Бүркіт-ЗК” авиакомпаниясы” ЖШС


Орал қаласы

47422

20349

20349

5806

918




  1. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

Акционерлік қоғам қаржылық ұйымдар қатарына жатпайды.

30-42 пункттер толтырылған жоқ


  1. Құнды қағаздар шығару туралы мәлімет

43. Барлық тіркелген құнды қағаздар шығарылымына қатысты көрсетіледі:






I шығарылым

Жалпы саны

3 500

Номиналдық құны

10 000 теңге

Қарапайым:

Саны (дана)



КОД НИН – KZ1C34091917

3 500

Артықшылықты:

Саны (дана)



Жоқ

Шығару нысаны

Құжатсыз

Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган

Батыс Қазақстан облысының әділет басқармасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

А 3409

Құнды қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу уақыты

1998 жылдың 3 шілдесі

Орналастыру басталған уақыты

1998 жылдың 3 шілдесі

Орналастыру аяқталған уақыты

1999 жылдың 11 ақпаны


3) Қоғамның құнды қағаздар алдындағы міндеттемелерін орындамау фактілері: жоқ

  1. құнды қағаздарды орналастыру немесе айналымы уақытша тоқтатылған немесе құнды қағаздар шығарылымы өтпеді деп танылған жағдайда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік органы, шешімнің қабылданған уақыты, оның негізі көрсетіледі: жоқ

  2. Облигациялар шығарылған жоқ

  3. Бір акцияға (қарапайым, артықшылықты) дивидент сомасы және әрбір жылғы және соңғы екі қаржы жылындағы акцияның әрбір түріне берілген дивиденттің жалпы сомасы:


2003-2004 жылдары акционерлік қоғамның төленген дивиденттері


Акция түрлері

2003 жыл

2004 жыл

Төленген дивиденттер, мың теңге

Бір акцияға төленгені, теңге

Төленген дивиденттер, мың теңге

Бір акцияға төленгені, теңге

Қарапайым

-

-

26046

7442

Артықшылықты

-

-

-

-




  1. Құнды қағаздар саудасы жүзеге асырылатын рыноктар туралы мәлімет:

Акционерлік қоғамның акциялары саудаға шығарылған жоқ.


  1. Жарияланған акция шығару туралы мәліметтер.


44. Акциялар туралы мәліметтер:

  1. Саны, акциялар түрі:

Қарапайым акциялар – 4 900 дана.

  1. құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялар саны, түрлері:

қарапайым акциялар – 3 500 дана


  1. құрылтайшылар төлейтін бір акцияның атаулы құны: 10 000 (он мың) теңге

  2. артықшылықты акциялар бойынша дивиденттің кепілді мөлшері: артықшылықты акциялар шығарылған жоқ.

45. Қоғамның еркін айырбасталатын құнды қағаздары.

Еркін айырбасталатын құнды қағаздар шығарылған жоқ.


45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер

Төлем агентінің қызметі пайдаланылған жоқ.




  1. . Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер

Қоғамның тәуелсіз тіркеушісі: “Құнды қағаздарды тіркеу жүйесі” акционерлік қоғамы,

ҚР, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 75, байланыс телефондары: 53-57-90, 53-71-77. Лицензия № 04062003456, 2005 жылғы 10 наурыздағы, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі берген.

Құнды қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізуге жасалынған шарт № 000-А-2099/56, 2000 жылғы 10 шілдедегі.


8. Қосымша ережелер.


  1. Акцияларды шығаруға кететін шығындар.

Акцияларды шығаруға шығын кеткен жоқ.
48. Инвесторлар үшін ақпарат.

Инвесторлар Қоғам Жарғысының көшірмесімен, акциялар шығарылымының проспектісімен, сондай-ақ қоғамның инвесторлар арасында тарататын басқа да қажетті ақпараттарымен мына мекен-жайда таныса алады: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Әуежай.



Телефоны: 986001, факс 986107, 986106.

Директор О.И.Аманғалиев
Бас бухгалтер И.Д.Шайхисламова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет