Жарғылық капитал саны 28 311 бірлік жай акциядан тұрады. Бір акцияның атаулы құны 3 000 теңге



Дата04.03.2016
өлшемі19.82 Kb.
#37523
Жарғылық капитал саны 28 311 бірлік жай акциядан тұрады.

Бір акцияның атаулы құны – 3 000 теңге.

Жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны – 8 000 дана.

АҚ “Павлодар әуежайы” АҚ-ның Жалғыз акционері - “Самұрық - Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры”.


Жалғыз акционердің құқықтары.

Акционер құқылы:


  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғам Жарғысында көзделген

тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның Жарғысында көзделген

тәртіп және шарттарменен дивидендтер алуға;

  1. Қоғамның қызметі туралы ақпараттар алуға, оның ішінде Қоғамның Жалғыз

акционері анықтаған немесе осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға, сондай-ақ, аффилиирленген ұйымдар бөлінісіндеҚоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты сұрауда белгіленген мерзімде немесе Қоғамға сұраныс түскен күннен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде алуға;

4) тіркеушіден немесе атаулы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын

растайтын көшірмелерді алуға;

5) Қоғамның Директорлар кеңесін сайлауға;

6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулауға;

7) Қоғамды таратқан кезде мүліктің бір бөлігін алуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акцияларды

немесе Қоғамның акциясына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен

сатып алуға;

9) Қоғамның органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Жарғының

нормаларын бұзатын іс-қимылдар жасаған жағдайда, өзінің құқықтары мен заңды

мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;

10) Қоғамның директорлар Кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

11) Аудиторлық ұйымның Қоғамның аудитін өз есебінен жүргізуді талап етуге.

12) Құқықтары бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

тәртіппен өтемақы алуға;



13) Қоғамның өкілеттерімен Жалғыз акционердің негізгі құқықтарын және

корпоративтік басқарма саясатын талқылауға құқығы бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет